Қазпошта ауыл тұрғындарына өмірлік маңызы бар қызметтерді жеткізуде

Басты бет / Қазақстан жаңалықтары / Қазпошта ауыл тұрғындарына өмірлік маңызы бар қызметтерді жеткізуде

Қазпошта ауыл тұрғындарына өмірлік маңызы бар қызметтерді жеткізуде — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Қазпошта, ауыл — осы тақырыптарға байланысты.

Бүгінгі таңда Қазпоштаның бүкіл Қазақстан бойынша 800 автоматтандырылған филиалдары арқылы теміржол және әуе билеттері сатылуда. Оның еліміздің түкпір-түкпіріндегі бөлімшелерінің көмегімен халқымыз автокөліктерін сақтандырып, банктік несиелерін алып жатыр. Бұған қоса, депозиттер рәсімдеп және жеке несие есептерін шығарады.

«Қазпошта» АҚ отандық және халықаралық ірі банктермен халыққа несие беру бойынша белсенді түрде бірлесіп қызмет етуде. Олардың қатарына: Homebank, Альфа-Банк, Азия Кредит Банкі Еуразиялық банк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де кіреді.  

«Бұл жобаны өңірлерде дамыту бізге «өмірлік маңызды» қызметтерді ауыл тұрғындарына жақындатуға мүмкіндік берді. Бұрын ауылдың тұрғыны теміржол билетін сатып алу немесе екінші деңгейлі банктердің қызметтерін пайдалану үшін кем дегенде өңірлік орталыққа баруға мәжбүр болатын. Енді кең ауқымды Қазпошта желісінің арқасында біз жобаны Қазақстан бойынша, атап айтқанда еліміздің шалғай аудандарында жүзеге асыра алдық», - дейді агенттік бизнес департаментінің директоры Аида Исанова.

Сондай-ақ, агенттік қызметтерді дамытуда сонымен бірге жаңа технологияларға ставка жасалған. Барлық серіктес бағдарламалары клиентке жылдам қызмет етуге мүмкіндік беретін бірыңғай оператор терезесінде біріктіріліпті.

Тағы да айта кететін жайт, жеке тұлғаларды тану жүйесі енгізілген. Осыған сәйкес, биометриялық параметрлер бойынша клиенттің бет пішіні құжатта берілген фотосуретке сәйкес тексеріледі.

«Біздің тағы бір маңызды жетістік серіктестік бонустық бағдарламалары арқылы біздің операторларымызға қосымша қаржылық ынталандыру мүмкіндігі болды», - деп атап өтті А. Исанова.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазпошта ауыл тұрғындарына өмірлік маңызы бар қызметтерді жеткізуде деген не?

Бұл бетте Қазпошта ауыл тұрғындарына өмірлік маңызы бар қызметтерді жеткізуде тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазпошта ауыл тұрғындарына өмірлік маңызы бар қызметтерді жеткізуде материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Қазпошта тақырыбындағы материалдар ауыл тақырыбындағы материалдар