Эссе және өлең-жыр байқауы

Антоний Пий

Антоний Пий - 138-161 жылдары Рим империясын билеген он бесінші император. Толық есімі - Тит Аврелий Фульв Бойоний Аррий Антонин Пий. Римнің оңтүстік шығысындағы Ланувиум қаласында 86 жылы дүниеге келген.

Мансап жолында үлкен жетістіктерге жетіп, Азияның консулы, проконсулы қызметтерін атқарды. 135 жылы Адриан атты император ұлы ретінде оны асырап алды. Адриан қайтыс болған соң Антоний таққа отырды.

Антонийдің әйелі - Анниа Галериа Фаустина өте көрікті, ақылдылығымен, парасаттылығымен әйгілі болған әйел еді. Олар өте бақытты өмір сүрді.

Антонийдің денесі император Адриан жатқан кесенеге қойылған. Кейінірек Римнің Марс алаңында Фаустина мен Антонийдің құрметіне арнап триумф мұнарасы тұрғызылды.

 

Антоний ғибадатханалар, театрлар мен кесенелер тұрғызды. Ғылым мен өнерді барынша қолдап, шешендік өнер мен философия оқытушыларына қашанда марапаттаулар мен қаржылай сыйақылар тағайындап отырды.

Антоний - Рим империясы тарихындағы елді бейбіт түрде басқарған бірден-бір император. Ол билік еткен тұста империя барынша гүлдеп, адамдар жайбарақат, бейбіт өмір сүрді. Оның елді билеудегі ең басты ұстанымы әділдік, бақыт, Отанға деген адалдық болатын.

Антоний Фаустинаға арнап ғибадатхана тұрғызды. Оның есімімен қайырымдылық қорының негізін қалап, кедей, жетім жандарға қолұшын берді.

Антоний Пий 161 жылы наурыз айында қайтыс болды. Мұрагері ретінде қызы таққа отырды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...