Техастың бір мектебінде бір күнде 4 үзіліс беріліп, тәжірибе жүргізілген екен. Мұғалімдер мен ата-аналар нәтижесінің таңғаларлық екенін айтыпты.
Тәжірибенің тарихымен таныса отырып, мұндай тәсілдің заңды екенін байқадық.
Техас штатының Форт-Уэрт қаласындағы бастауыш мектепте тәжірибе жүргізілді. Бала-бақшадағыларға және бірінші сынып оқушыларына таңертең және кешке он бес минутқа созылатын екі үзіліс беріледі. Бұл кезде балалар далада ойнаулары керек болады. Бастапқыда мұғалімдер уақыттарының зая кетіп жатқанына қынжылады, сонымен қатар олар барлық оқу бағдарламасын үйретіп үлгермеуі мүмкін екенін ойлайды. Алайда тәжірибе жүргізілген 5 айдан кейін, мұғалімдер балалардың сабақты тез меңгере бастағандарын байқаған, себебі демалыстан кейін олар сабақты ден қойып тыңдай бастаған.
Бастауыш сыныптың мұғалімі Донна МакБрайд та бастапқыда қатты уайымдаған, бірақ кейін балалардың зейіні артқанын, мұғалімді тыңдайтынын және өз бетінше оқуға, есеп шығаруға кіріскендерін байқаған.
Америкалық педиатрия академиясында мұндай үзілістерді «бала дамуының басты бөлшегі» деп атайды. Ересек адам да күні бойы жұмыс үстелінде отыра берсе жинақталып, сапалы жұмыс істей алмай қалады. Сондықтан балаға демалуға және ойнап келуге мүмкіндік бермей, күні бойы тапжылмай отыруды, сабақ оқуды талап ету – күлкілі.
«Мен мұндай үзілістерді «қайта жүктеу» деп атаймын. Осының арқасында балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік туады» - деп есептейді профессор Дебби Реа. Ол мектепте физикалық белсенділік уақытын көбейту керек деп бұрыннан дабыл қағып жүргендердің қатарынан.
Балалардың ата-аналары да оң өзгерісті байқаған. Кейбірі балаларының тәуелсіз және көпшіл бола бастағанын аңғарған. Себебі сыныпта отыра бергеннен гөрі, ойын алаңында дос табу әлдеқайда жеңіл емес пе?
Кішігірім, бірақ жиі демалыстан кейін балалар өнімді оқи бастайды. Күні бойы сыныпқа қамалған баланың бірдеңеге құмарлығы тез басылады. Қазірде балаларға көлемді оқу материалдарын меңгеруге тура келеді, және бұл тұрғыда оларға ойын алаңы мен жай ғана бала болып жүру көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі