Өлең, жыр, ақындар

Ойыншықтар туралы деректер

Ойыншықтар

Сіз балаларыңыз ойнап жүрген ойыншықтардың шығу тегі мен неліктен олардың кейбіреуі соншалықты танымалдылыққа ие болғаны туралы ойланып көрдіңіз бе? Әлемде ең қымбат кейіпкер қанша тұратынын білесіз бе? Біз төменде осы және басқа да сұрақтарға жауап беруге, сонымен қатар айрықша деректерді беруге тырыстық.

Йо-йо әлемнің ең ежелгі ойыншықтарының ішінде 2-ші орынды алады, ал бірінші орын қуыршақтарға тиесілі. Йо-йо ойыншығын біздің эрамызға дейін ежелгі Грекияда ойлап тапқан. Ол өзара осьтері арқылы байланысқан екі дисктен тұрады, олардың ортасына арқан байланған. 

Йо-йо ойыншығы


«Монополия» – ең танымал экономикалық ойындардың бірі, оны 1932 жылы еш жерде жұмыс істемейтін Чарльз Бэрроу ойлап тапқан. Буффалолық клубтың мүшелері су астында ойнау ұзақтығы бойынша абсолюттік рекорд орнатқан, ол 1080 сағатқа созылған. Рекорд 1983 жылы тіркелген. 

Монополия ойыны


Алғашқы пүліш аю 1894 жылы пайда болды. Бұл ақпарат оның табанына тігілген жапсырмамен расталады. Таңқаларлық жайт, алайда алғашқы пүліш аю әлі күнге дейін бір отбасында өмір сүріп келеді.

Пүліш аю


Ең қымбат кейіпкер – Микки Маус, ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5 мың долларға сатылған. Сатылған мүсін Микки Маустың қазіргі бар түр-тұлғасынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Ойыншықтың қолдары ұзын, бет-әлпеті де басқаша және құлақтары да сол типтегі заманауи ойыншықтардағыдай емес, басқаша орналасқан.

Микки маус


Ең алғашқы балалар ойыншығы – «Картоп бас», оның жарнамасы 1952 жылы теледидар арқылы көрсетілген. Бірінші жылы 4 миллионға жуық жиынтығын сатуға қол жеткізген. 


Кубик Рубикті Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктердің 300 миллионға жуығы сатылған. Егер олардың барлығы бір қатарға тізіп қоятын болсақ, онда олар Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске дейін созылады екен.

Кубик Рубик


Барби қуыршағын жасап шығарушы – Руд Хэндлер оны өз қызының құрметіне атаған, ал Кен атауы ұлының құрметіне қойылған. 

Барби қуыршағы


Әлемдегі ең танымал құрастырушының ұйымы – Lego шамамен 320 миллиардтай тетіктерді сатылымға шығарған. Бұл дегеніміз, әрбір адамға 52 тетіктен келеді деген сөз.

Лего


Әлемдегі ең ірі шина өндіруші – Lego компаниясы. Жыл сайын шамамен 120 миллиондай кішкентай шиналар шығарады.


АҚШ Қауіпсіздік Агенттігі мекеме аумағына «Ферби» апаруға тыйым салды. Электроника мамандары, бір қарағанда зиянсыз болып көрінген ойыншық құпия келіссөздерді тыңдап тұрып, сосын оны басқа жерде айтуы мүмкін екендігін айтады. Алайда «Ферби» - күлкілі үлпілдек кішкене аң ағылшын тілінде кем дегенде 100 сөз айтуға ғана мүмкіндігі бар.

Ферби


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Қаржау

Микимаусты көрсем балалық шақ есіме түседі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз