Тәрбиеші:Аблизеева Айжан Букенбаевна Шалқар қаласы «Нұрсәт» мектепке дейінгі балалар мекемесі Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау. (ашық сабақ) Мақсаты:Балаларға ертегі мазмұнын түсіндіріп,рөлдерге бөліп сахналауға үйрету. Білімділік міндеті:Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын дауыс ырғағымен дәл айта,көрсете білуге баулу. Дамытушылық міндеті:Ертегі арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тәрбиелік міндеті:Балаларды ертегі арқылы тілазарлықтан аулақ болып,достық сезімге тәрбиелеу,өздерінің рөлдерін іскерлікпен,шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:Сахналап көрсету,рөлдерде ойнау,сұрақ –жауап,әңгімелесу,көрсету. Қолданылатын құрал-жабдықтар:интерактивті тақта,алжапқыш театры,ертегілер бейнеленген слайд,топты ертегі тақырыбына байланысты безендіру. Блингвальды компонент:мысық-кошка.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Кіріспе бөлім -Сәлеметсіңдер ме ,балалар?
-Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік,бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған екен қош келдіңіздер біздің ғажайып ертегілер еліне,қане балалар қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға, Сәлем дейміз қонақтарға, Ашық болсын айымыз, Биік болсын туымыз, Тату болсын халықтар, Аман болсын балалар! -Сәлеметсіз бе!
-Жақсы!
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Аралық бөлім Сиқырлы қорап табылады.
-Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты,ішінде не бар екенін білгілерің келеме?
-Ой балалар мына қорап ашылмай жатыр.Сыртында белгілер салыныпты,осы белгілерді қимылмен көрсетсек қораптың аузы ашылады екен. -Жарайсыңдар.Мұнда ертекші атайдың сендерге арналған «Ойлан тап»деген ойыны бар екен.Тәрбиеші балаларға білетін ертегілерінен үзінді оқиды.
Тосын сәт: Көңілсіз мысық келеді.
-Ой балалар,бізге мысық қонаққа келіпті.Қәне бәріміз мысықпен сәлімдесейік.
-Мысық бүгін саған не болған,өте көңілсіз көрінесің.
-Сәлеметсіңдерме балалар, мен Мақта қызбен ренжісіп қалдым,ол менің құйрығымды тартып алды.Енді құйрығымды қалай аламын? Балалар маған көмектесіңдерші.
-Балалар,бұл мысық «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен келген екен.Мысыққа көмектесеміз бе?
-Жарайсыңдар. Мақта қыз бен мысық ертегі кейіпкерлерін слайд арқылы көрсете отырып балалардың естеріне түсіру.
-Балалар ертегімен таныстық,мысықтың құйрығын қайтарып беру үшін ертегіні рөлдерге бөліп ойнайық.
Сергіту жаттығуы:
Мысығым-ау,мысығым,
Тарғылы жақсы түсіңнің,
Таңертең де,кешке де,
Бетін жуған пысығым.
Піш-піш десем келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Ойын: «Ажырат»
Шарты:балаларға ертегі кейіпкерлерінің қалаған заттарын табу.Мысалға:сиырға шөп керек,мысыққа құйрық керек . Балалар қорапқа қызығушылық білдіреді.
Жүрек белгісі-бір-бірімен құшақтасады.
Смайлик-күлімсірейді.
Қол-шапалақтайды.
Аяқ-топылдатады.
Балалар қай ертегіден екенін тауып айтады.
Мысықпен амандасады,оның келгеніне қуанады.
Мысыққа аяушылық көрсетіп көмектесуге әзір екендерін айтады.
Балалар ертегіне қызыға мұқият тыңдайды.
Рөлдерге өз қалаулары бойынша бөлініп,ертегі кейіпкерлерін сомдайды.
Ойынды шарты бойынша қызыға ойнайды.
Қорытынды бөлім -Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Балалар біз мысықтың қателігін жасамау керекпіз,достарымызбен тату болуымыз қажет.
-Жарайсыңдар балалар.Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығың белсенді қатыстыңдар. Енді келген қонақтармен қоштасайық:
«Жүректен-жүрекке»
Жабырқауды білмейміз,жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты жас ұлан,үлгі аламыз жақсыдан.
Біз өнерлі баламыз,көрсін ата-анамыз,
Риза болсын қонақтар,қош сау болыңыздар. -Ия ұнады.
Балалар мысықтың қателігін қайталамауға,достарымен тату болуға уәде береді.
Келген қонақтармен қоштасады. «Жүректен-жүрекке» өлең жолдарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Ертегі мазмұнын толық жеткізуді біледі және оны сахналайды.
Қандай түсінікті игереді:Тілазарлық-жат қасиет екенін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Рөлдерді өздері таңдайды,өз ойларын толық жеткізу дағдыларын игереді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі