Жапония «аяқ астынан» көмірсутексіз энергетикаға шынымен өтіп кетті. Қараңыздар. Мынау –алғашқы қарлығаш: аты –Тойота Мираи.
Жапонияның автокөлік жасаушы алыбы Toyota әлемдегі сутегімен істейтін қозғалтқышы бар алғашқы автокөліктің сериялы өндірісін бастады. Жаңа «Mirai» седан көлігі тек сутегімен жұмыс істейді, ал зиянды түтіннің орнына таза су өндіріп шығарады. Құрастырушылардың айтуынша, бакты бір рет толтырып алса, 650 шақырымға жетеді екен.
Жапонияда жаңа көліктің бағасы 60 мың доллар шамасында болмақ. Сонымен қатар, ел үкіметі осы экологияға зиянсыз седандарды сатып алғандардың әрқайсысы мемлекеттен 17 мың доллар көлемінде субсидия алады деп мәлімдеді.
Толық бакпен седан 650 шақырымдай жүріп өтеді, ал бакты толтыру бағасы бір шақырымға шаққанда шамамен 0,1 доллар болмақ.
Автокөліктің бірегей қозғалтқышындағы энергия электромеханикалық генератордың ішіндегі сутегі тотығуы есебінен өндіріледі. Электр мотордың қуаты 136 ат күшіне тең.
Жақын арада сутегімен жүретін автокөліктер нарығына Honda да шықпақ. Компания 2016 жылы FCV үлгілерін сатуды бастайды.
Түсінбей қалғандар болса, түсіндіремін: - Бұл мұнайдың «өлімі» ғана емес, қазіргі біз білетін энергетика саласының да ақыры. Үйлер сутегімен жұмыс істейтін автономды генераторлармен жабдықтала бастайды. Саян-Шушен ғана емес, барлық атом электрстанцияларының да, электр энергиясын жеткізетін желілердің де қажеті болмай қалады. Қанша адам жұмыссыз қалатынын елестетіп көріңізші? Геологтардан бастап, электр жабдықтарын өндірушілерге дейін –жұмыссыздар қатарын толықтырады. Жабдықтар дегенді айтпай-ақ қояйық! Металдың құны көк тиын болып қалады!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Марат Досболов
Енді судың құны өсетін болыпты ғой, кейбір елдерде су тапшылығы бар
Рауан
Жапондардың миы қалайша істейді? Соларға таң қаламын!
Ералы
Осы көлікті біздің Алматыға жедел түрде кіргізу керек) Ауамыз тазаланып қалар))
Гульжан
Алматыға өте қажет көлік екен. Түтінге оранған қаламыздың ауасын әбден тазалар еди.