Эссе және өлең-жыр байқауы

ҚР БҒМ: ЖОО-ның өзіндік үлгідегі дипломдары 2021 жылдан бастап беріле бастайды

ҚР Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев өзіндік үлгідегі дипломдар беру елдегі жоғары білім беру сапасын арттырудың жүйелі жүйесі болады деп санайды.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз мемлекет атын жамылып кей әлсіз ЖОО-лар дипломды сатып жататынын білеміз. Мемлекеттік үлгідегі дипломдар бірқатар посткеңестік және бірнеше шығыс-еуропалық елдерден басқа, әлемде еш жерде жоқ. Бұл халықаралық тәжірибе, ЭЫДҰ елдерінде мемлекеттік үлгідегі диплом жоқ, олар өз бірегей дипломдарын табыс етеді.

Егер дипломда мемлекеттік мөр болмаса, талапкерлер мен ата-аналар сол университетті таңдау керек пе, жоқ па деген ойға қалуы мүмкін. Олар басқа оқу орнын іздей бастауы мүмкін. Бәсекелестік күшейеді. Сол кезде лайықты оқу орындары ғана қалады. Бұл мәселе мемлекеттік және жеке ЖОО басшыларымен бірнеше рет келісілген. Бұл - оңтайлы шара, алайда бірден енгізуге болмайды. ЖОО-ларға жаңа жағдайларға бейімделуге уақыт береміз. Бұл 2021 жылы енгізіледі. Ал жаңа үлгідегі дипломдарды 2017 жылғы талапкерлер алатын болады», - деді Е. Сағадиев.

Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚМЭБУ, ХАТУ сияқты университеттер академиялық еркіндік білім сапасының төмендеуіне әкелмейтінін дәлелдеді. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік үлгідегі диплом берілетіндіктен, біз барлығын егжей-тегжейлі реттеуге мәжбүрміз. Академиялық еркіндікті енгізу үшін нағыз жауапкершілік қажет. Өзіндік үлгідегі диплом мұндай жауапкершілікті ЖОО-ға жүктейді. Осы мәселе бойынша Президенттің арнайы тапсырмасы болған, - деп атап өтті ҚР БҒМ министрі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×