Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің
7"ә" сынып оқушысы: Мелдебек Анарбек Талғатұлы
Жетекшісі: Тилеубекова Сара Анарбекқызы
Жоспар
I. Кіріспе
1. Топырақты қалыптастырушы факторлар
II.Негізгі бөлім
1 Топырақтың негізгі типтері
2. Топырақ эрозиясы
3. Топырақтың антропогендік ластану және адам ағзасына әсері.
III. Қорытынды бөлім
1. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заңдар мен жобалар.
Табиғаттың бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады.
Гете.
Табиғат компоненттері бір жүйеде бір-бірімен тығыз байланыста болады, олардың біреуі өзгерсе, басқаларына да әсер ететіні белгілі. Бұл жүйе табиғат-аумақтық кешен немесе ландшафт деп аталады. Ландшафт мәдени және табиғи болып екіге ажыратылды. Қазіргі ландшафтың даму барысы жер бетінің топырақ қабатымен тығыз байланысты деуге болады.
Топырақ күрделі табиғи зат. Жүздеген жылдар тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің күрделі әсерлесуінен пайда болған. Халық санының, егістік жерлердің көбеюі биосферадағы экологиялық теңдікті жоятынын ескерген жөн. Жер қала, жол, зауыт, фабрика, әуежай, суқоймасы, демалыс орындарына қажет.
Зерттеу дәйектеріне сүйсенсек алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В.В.Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ - жер бетінде тірі және өлі табиғаттың әрекеті нәтижесінде қалыптасуымен қатар, өсімдіктердің өсуіне қажетті минералдарға бай құнарлығының (қарашірік) болуы да керек-ақ.Топырақтың түсі немесе құнарлығы жазықта ендік,тауда биіктікке байланысты яғни, климаттық жағдайларға негізделіп өзгеріп отырады. Мәселен, Қазақстанның өзінде солтүстігінен оңтүстігіне қарай қара (сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қуаң даланың қара топырақ), қара қоңыр (қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақ, қуаң даланың жай қара қоңыр, шөлейттің ашық қара қоңыр), қоңыр және сұр топырақ зонасына ажыратылады. Топырақтың түр құрамына қарай қарашірік мөлшері де өзгеріп отырады. Қара топырақтарда қарашірік солтүстіктен оңтүстікке қарай 6-8%, 4-6% -ға кемиді. Қара қоңыр топырақ зонасындағы қарашірік мөлшері солтүсттен оңтүстікке қарай 4,5-3,0%-дан 3,0-2,0%-ға кемиді. Соңғы топырақ зонасында 2,0-1,0%-ға кемді. Топырақтың құнарлығына қарай өсімдіктің жайқалып өсіп, мол өнім берері сөзсіз.
Орманды дала мен даланың топырақ жамылғысында қарашірік мөлшері мол болғандықтан өсімдіктерге бай келеді. Ал Адамзат баласы өз өмірінде 1,9 млрд.га жерді шөлге, сазға, жыраларға айналдырып құрдымға жіберген. Жылына 50-60 мың га жер шөлге айналады. Елімізде 44% аумақты құрайтын шөлдердің топырағында ылғал аз болатындықтан өсімдіктердің қоректенуіне керекті минералдық топырақтың беткі қабатына шірінді көктем мен қоңыр күзде көбірек болады.Сондыктан топырақтарында қарашірік аз. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартуы байқалады. Шардара даласын оңтүстіктің ашық сұр топырақтары алып жатыр. Қарашірігі де өте аз құмақты келеді. Шөлейт өтпелі аймақ болғандықтан қарашірік мөлшері 2-3% құрай отырып, өсімдігі де жұтаң келеді. Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғи апаттың бірі-топырақ эрозиясы. Топырақ эрозиясының екі түрі бар. Яғни, су және жел эрозиясы.
Қазақстанда эрозияға бейім жерлер 70 млн га құрайды. Оның 17 млн га суэрозиясы, 52 млн га жел эрозиясына бейім келеді. Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден, Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы; Екіншіден күшті желдердің жиі соғуы; үшіншіден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтың молдығы. Сонау тың және тыңайған жерлерді игеру белең алған жылдары солтүстік аймақтардың көптеген жері эрозияға ұшырап,егіске жарамай істен шығып қалады. Мұнан өзге суармалы өңір саналатын оңтүстікте жер тоздыратын бір текті өнім егіп, өз пайдасын ойлаған адам іс-әрекеті де ойландырады. Жыл сайынғы мақта егу суды көп ысырап етумен қатар жерді құнарлығынан айырады. Бұлай деуім ауылда мақтаның қозасы мен паясы отын көзі болғандықтан жинап алады. Егер күзде жерді қоза-паясымен қоса жыртса, шірінді ретінде топырақтың құнарлығын арттыруға сеп болар еді. Сондай ақ, жоңыршқа егіп, 3-4жылға жерді тынықтырса тіптен жақсы. Соңғы айтылған жайттар жоқ деуге болмайды бір-ақ некен саяқ. Өзімнің туып-өскен жерім
Жаушықұм елді мекені қолдан суару арқылы мәдени өсімдіктерің бірі-қарбыз өсірумен айналысады. Көктем келісімен жылыжайларда көшетін өсіріп, кейінен жерге отырғызады. Көшеттің топырағы негізінен тоғайдағы қарашіріндіге аздаған топырақ араластырып дайындалады. Ал жиын –терін аяқталысымен жалбырап жатқан клёнкаға ешкім мән бермейді. Оның астындағы табиғи өсімдіктермен қатар топырақтың құрамындағы қажетті минералды заттар түгелге жуық күн сәулесінің ыстығымен күйрейді. Тақыр жерлер осылайша білімсіз ұлғая бермесіне кім кепіл. Егін ретінде бір жыл пайдасына асқан жер алдағы уақыттарда да кәдесіне асуы керек екенін естен шығармаса игі. Сондай–ақ, ауыл етегіндегі біркездері қалың тоғайда бұл күндері сұрықсыз күйге енген. Бұлай деуім, жыл сайын отын ретінде қырқылған сансыз ағаштардың орнын толықтырып тұрған жас шыбықтар мардымсыз. Бұлай жалғаса берсе кезі келгенде тоғайда жойылуы мүмкін. Ал ол жерде тіршілік етуге бейім жан-жануар мен өсімдіктер атауы басқа жаққа қоныс аударып, ол жерге яғни жаздағы аптап ыстыққа бейім келетін жан-жануарлар өсімдіктер саны әлде қайда аз болары сөзсіз.
Топырақтың антропогендік ластануы және адам ағзасына тигізер әсері. ( топырақтың радиоактивті заттармен ластану дәрежесі)
Республика жерінде радиоактивті қалдықтардың 119 үйіндісі 1412 га жерді алып жатыр. Республика жеріндегі радиоактивті қалдықтарды көму, залалсыздандыру проблемасы әлі өз шешімін тапқан жоқ.
Республикада 22млрд т. аса өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған.Пайдалы кен орындарын барлау кезінде өндірілетін минералдық шикізаттың 3-5% көлемін құрайтын 1-2 басым компонент ғана пайдаланылатыны мәлім,қалған масса қалдықтар түрінде жиақталады.
Түсті, сирек, асыл және радиоактивті металдардың тау-кен металлургия өндірісі қалдықтарына жиынтық қорлары тиісті жергілікті ірі кен орындарының қорларымен тең. Қалдықтардың жалпы массасында 6,7млрд.т-жерді, жер үсті және жер асты суларын, әуе бассейнін ластау көздері болып табылатын улы қалдықтар. Улы өнеркәсіптік қатты қалдықтардың негізгі көлемдері 5,2 млрд.т астамы түсті металлургия кәсіпорындарында жиақталған. Олар Қарағанды-29,4%, Шығыс Қазақстан -25,7%, Қостанай-17%, Павлодар -14,6% облыстарында жинақталған. Сақтаудың 100-ден астам орындарында радиоактивті қалдықтар жинақталған. Өндіріс қалдықтарының жыл сайынғы өсімі 1 млрд.т-ға жетеді.
Бір кездері экологиялық апатты аймақ саналған Семей полигонына тоқталсақ, дүниежүзінде жинақталған барлық ядролық қарудың жартысынан астамы Қазақстан аумағындағы 12 тұрақты және 7 уақытша атом полигондары мен сынақ байқау алаңдарында жарты ғасыр бойы жарылып келгені мәлім.Осы кезге дейін 781-рет қазақ жерінің күлін көкке ұшырған атом аждаһасының тигізген зиянын сөзбен айтып жеткізу керек.
Дүниежүзінде бұдан асқан жойқын зұлмат тарихта әлі болған жоқ. Бұл сұрапыл сұмдық. Қауіп-қатер жазылмайтын дерт десек, қате айтпаған болармыз.1949-63 ж Семей палигоны да 90-рет ауада, 26-рет жер үстінде жүргізілген. Ядролық жойқын сынақ жарылыстардан 55-рет радиоактивті бұлт пайда болған. Ол бұлт жел арқылы таралып бүкіл адамзат денсаулығына қауіп төндіріп мұндағы ауру балалардың саны көбеюде. Бұл апат 343-рет жер асты жарылыстарының, улы газ ағыны 69-рет ауаға бұрқылдап шығып, бөлінген зиянды қалдықтар көп деген елді мекендердегі халықты қайғыға душар етті.
Халықтың бұл қайғыдан арыла бастауы тәуелсіздікке қол жеткізген күннен басталды.
Яғни Н.Ә.Назарбаевтың 1991жылы 29 тамызда Семей палигонын жабу туралы жарлығы көмек болды. Сол кезден бастап жарқын болашақтың есігі айқара ашылған күн деп есептелінеді. 2008 жылы Семей палигонының орнына Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Жақында мемлекет басшысының тапсырмасымен осы орталыққа «2010-2020 жылдары Семей өңірін сауықтыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті жүктелді. Бұл бағдарлама полигонның 95пайызын шаруашылық айналымға беруді қарастырады. Бірақ ол жұмыс бірте-бірте 10-15 жыл бойы жүзеге асырылады. Сөйтіп жергілікті халықтың егін егіп, мал жаюына қауіпсіз етіліп, аумақ радиациядан тазартылады деп сенеміз.
«Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық проблемасы. Оның қоршаған ортаға тигізетін зардабы мыналар.
- ауа, су, және жер ресурстарының ракетаның гептиль жанармайымен ұдайы уланып жатуы;
- Ұшқыш аппараттардың, ракеталардың сынық қалдықтарымен ластанудың ұдайы көбейе түсуі;
- атмосфера режимі бұзылып, ауа райының өзгеруі;
- адамдардың жүйке, қатерлі ісік, өкпе, тыныс жолдарының қабынуы, әр түрлі аурулардың жылдан–жылға көбейіп жатқандығы.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз.
1). Физикалық ластану - радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, сулар, тербелістер.
2). Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, көмірсулар, шайынды сулар, фторлы қосылыстар және ауыр металдар.
3). Биологиялық ластану-ауру қоздырғыш вирустар, құрттар, зиян келтіретін жәндіктер.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері кәзіргі кезде экологиялық проблемалар туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі –жиі байқалып отырған “жылу эффектісі„ ,“озонның жұқаруы„ “қышқыл жаңбырлар„.
Озон қабатының бұзылуы дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректері бойынша соңғы 25 жылда озон қабатының бұзылуы 10% құрайды. Бес станцияда 1973 жылдан бері озонның жалпы құрамына бақылау жүргізілетін. Қазақстанның үстінде озон қабатының қалыңдығы 5-7%-ға қысқарған.
Жекелеген күндері адам үшін қауіпті ультракүлгін радиациясы дозасының асуын тудыратын атмосферадағы озон құрамының неғұрлым төмен мәні байқалды.
Жер бетіндегі жылыну орта есеппен 10С қана. Соңғы 30 жылда ауа райы 30 С-қа жылынған. Кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 50 С дейін жеткен.Еріп жатқан мұз қабатының астынан метанның ауаға таралуы ғаламдық жылыну процесін жылдамдатады.
Ең қауіптісі - мәңгі тоңдар ішіндегі жануарлар мен өсімдіктер қалдығы. Өйткені, олар өздерінен органикалық көміртек бөледі. Ғалымдар мәліметі бойынша мәңгі тоңдар ерісе атмосфераға кәзіргіден 2 есе көміртек бөлінеді. Нәтижесінде мұхттың жылынуы ауаның ылғалдылығын арттырып, ол парникті әсерді күшейтеді. Сондықтан “адамның іс-әрекеті апатқа ұрындырады„ сондықтан парниктік газдардың бөлінуін шектеу керек „ –деп ескертеді.
Жалпы 1986 жылдан бері жер бетінде елеулі ауытқушылық байқалады. Технологияның дамуына байланысты адамзат баласы жер асты ресурстарын шамадан тыс пайдаланып отыр.
2005 жылы жер астындағы қордың 30 пайызы кеміген. Бұл планетааралық тапшылықтың туғанын көрсетеді. Егер дамыған елдер өзінің өмір сүру дағдысын өзгертпесе, 2040 жылы тапшылық 100 пайыз көрсеткішке жететін көрінеді. Өйткені, “жер ресурсы шектеулі „Орынсыз жұмсау, ысырапшылдық өзімізге ор қазғанмен тең. Қалған ресурстарды үнемдесек, сонда ғана адамзат болашағына үмітпен қарауға болады „-дейді экологтар.
Соңғы кезде компьютерлік үлгі арқылы мынаған көз жеткізген: Азияда үлкен аймақта жаппай күріш өсіру мен Еуропада орманның отала бастауы климатқа елеулі түрде әсер еткен, күріш алқабында пайда болған парниктік газдар – метан, өртенген орман мен шіріген ағаштардан бөлінген көмірқышқыл газы 100 мың жылда қайталанып отыратын жер бетіндегі температура мен мұз қату циклын бұзған.
Қазіргі кезде мәңгі мұздықтардың еруінен табиғат апаттары (сел, жер сілкініс) жиі бас көтере бастады. Атмосфералық қысымдардың жиі құбылуынан да жүрек-қан тамырлары, қан қысымының көтерілуі және бастың сақинасы ұстау секілді ауру түрлері көбейді.
Ауаның жылынуы, шөлді аймақтарды көбейтіп, тұзды көлдер аумағының кеңеюіне әсер етеді де, олардан бөлінетін галогенді көмірсутектер артады.
“Қышқылды жауындар„ атмосфераға байланысты кәзіргі кезде үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид, азот тотығы. Күкіртті аргидрид, адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде ауаға түседі. Мысалы, 1млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып, әрі су буымен қосылып, одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқылы бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіреді.
Тянь-шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Себебі-өнеркәсіп орындары көбірек шоғырланған. Мысалы, Шымкент фосфор зауытында 10 пеш, ал, Тараз фосфор зауытында 13 пеш жұмыс істейді. Олардан ұшқан шаң–тозаң атмосфераға араласып, тау беткейінде қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Биік тау баурайында орналасқан қалалардың ауасы басқа жерлерге қарағанда ластау келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағының Табиғи аумақтық кешеннің 86 пайызы антропогендік түр өзгертуге ұшыраған. Мұнда су және жел эрозиясы, тұздану, батпақтану, топрақтың құрғақтануы, жайылымдардың, өсімдіктердің азып-тозуы, атмосфералық ластану сияқты техногендік процестер орын алады. Жалпы, ауданда жайылым жердің азып-тозуы, малдың тапталуынан пайда болған су эрозиясы мен дефляция жиі кездеседі.
Шабындық жердің азып–тозуы нәтижесінде топырақтың сортаңдануы, яғни галофитті түрлердің көбеюі , екінші жағынан мұндай жерге егілген егіннің өнімділігі төмен, сапасы нашар болып шығады. Суғарылатын егістік көлемінің 65 пайызы олардың құнарлылығына ықпал ететін тұздану, аса ылғалдану, шаю және т.б. жағымсыз үрдістермен күрделенген. Мұндай айналымынан шығып қалған және шығуға бейім жердердің агломелиоративтік күйін қалпына келтіру үшін табиғи фитомелиорация әдісін қолдану керек.
Ол үшін егіншілік науқанынан тыс салқын күзде және ерте көктемде ондай жерлер суарылады. Салқын кезде ерігіштігі нашар натрий сульфаты топыраққа жиналмайды,содан суармалы жердің қайта сорлануы бәсеңдейді, жер 4-5жылда айналымға қайта қосылады.
Қазіргі кезде елбасының қолдауымен Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше заңдар мен құжаттар қабылданды. Қоршаған ортаны қорғау заңы 1997 жылы 5 тамызда ал, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы 1997 жылы 15 шілдеде қабылданса, Экологиялық кодекс, Қазақстан Республикасына тозған және «лас» технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тиым салатын және әкелуді шектейтін экологиялық қауіпті техникаларды әкелуді реттеу туралы заң қабылданды.
Елімізде жүргізіліп жатқан «жасыл даму» бағдарламасы қоршаған орта компоненттеріне және халық денсаулығына антропогендік әсерді төмендету, табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту және жетілдіру сияқты бағыттардан тұрады. Бірінші бағыт бойынша атмосфералық ауаның сапасын арттыру, су ресурстарының тапшылығын төмендету, тұрғындар денсаулығының жағдайын жақсарту жөнінде іс-шаралар көзделген. Екінші бағыт бойынша радиациялық, химиялық, биологиялық ластануға ұшыраған экологиялық апат аймағын және аумағын оңалту және шөлейттенуді жердің тозуын болдырмау жөнінде іс-шаралар өткізілмек. Үшінші бағыт қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Қоршаған ортаны қорғау шаралары.
1. Өндіріс орындарын қаладан тысқары жерге салу керек.
2. Қалдықсыз өнім өндіру.
3. Үлкен зауыт, фабрика мұржаларына сүзгілі түтіктер орнату.
4 Автамобильдердің ауаға залалы бар ескілерін қолданбай, жылы жаңа түрін қолдану.
5. Өзен арналарын тазарту.
6. Көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру.
7. Ұлттық саябақтар ұйымдастыру.
8. Рекреациялық қорларды жеделдету.
Топырақтың құнарлығын арттыру шаралары
- минералды тыңайтқыштарды шамдан тыс қолбанбау.
- қарбыз еккеннен соң пленкаларды жинау;
- жерді көлденең жырту;
- топырақты қайрымсыз соқамен жырту;
- ағаш отырғызу
- қар тоқтау;
- күзде су жүргізу;
- Жерді тынықтыру; (жоңышқа егу)
- гидротехникалық шараларды орындау.
Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның экологиялық проблемаларының болу себептерін білу, болдырмау жолдарын жүзеге асыру. Қазақ халқының ұлтжандылық, патриоттық сана- сезімін ояту, табиғат байлықтарын болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізу басты міндет екендігін түсіндіру.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған «Табиғат қорғаудың дүниежүзілік стратегиясында» былай делінген: «Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ. Біз оны өз бабаларымыздан қарызға алдық». Қазір жер басып жүргендер бұл жердің соңғы ұрпағы емес, бұлардан кейін басқа адамдар келеді және олар бізден өмір сүруге жарамды дүние алуы керек. Сөйтіп, ұрпақ болашағын жан-жақты қарастырғанда ғана стратегиялық мәселелер ойдағыдай орынды шешіледі дей келе, өз ойымды былай қорытындылағым келіп отыр.
Болашаққа эколог боп барайық! Туған жердің бар байлығын қорғаштап,
Керегіне табиғаттың жарайық! Өзімізге есеп беріп,өмірге сергек қарайық!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «География және табиғат» журналы.5/2003
2. «География және табиғат» журналы.1/2010
3. «География және табиғат» журналы 1/2011
4. «Білім» журналы 2/2004
5. «Жас ғалым» журналы 146/ 2006
6. «Атамекен» газеті 2009 жыл 29 желтоқсан.
7. «Атамекен» газеті 2010 жыл 10 ақпан.
8. «Егемен Қазақстан» газеті 2010жыл 19 қаңтар
9. «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2001жыл.
10. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы. Алматы. 2005жыл
11. Қ.Құрманов.Анықтамалық-сөздік. Алматы.1993 жыл.
12. «Экология және табиғат қорғау» түсіндірме сөздік кітабы. Алматы. 2002 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі