Өлең, жыр, ақындар

10 минуттың ішінде өзіңді қалай жігерлендіруге болады?

Қаңтар – энтузиастар айы: көптеген адам жаңа жылда жаңа өмір бастауды қолға алады. Олар спорт залдарға жазылып, диетаның жаңа түрлерін қарастырады, өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа әдістерін байқап көреді.

Бірақ ақпан айы туа салысымен бір кездері жігерлендірген рух өз-өзінен жоғалып кетеді. Адамдар бұрынғы әдетіне қайта салады, себебі бастапқы мотивациялық рухты қайтару өте қиын.

Мұндай жағдайда не істеу керек?

Сіздерге рухыңызды көтеріп, жігерлендіретін бірнеше тиімді әдістерді ұсынамыз.

1-қадам. Жағымсыз көзқарас

Тыныштау жерге отырыңыз. Бірнеше минутқа көзіңізді жұмыңыз да өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:

— Егер дәл осы бағытта қозғала берсем, 5 жылдан кейін өмірім неге ұқсайтын болады?

— Егер мен ештеңені өзгертпейтін болсам, мен үшін және айналамдағы адамдар үшін қандай жағымсыз салдары бар?

Жағымсыз өзгерістерді мүмкіндігіңізше барынша жарқын елестетіңіз. Бұл сізді рухтандырып, оңтайлы өзгерістерге қадам жасауға көмектеседі.

2-қадам. Позитивті көзқарас

Енді жағымды ойларды ғана ойлап, жағдайға басқа қырынан қарап көріңіз. Біраз уақытқа көзіңізді жұмып, өзіңізден сұраңыз:

— Егер осы бағытты ұстанатын болсам, бір жылдан кейін өмірім қандай болады?

— 5 жылдан кейін ше?

— Егер осы жолды ұстанатын болсам, менің өмірім және айналамдағы адамдардың өмірі жақсаратын бола ма?

Жауаптарыңызды барынша айқын елестетіңіз.

3-қадам. Өзіндік мотивация

Жоғарыда келтірілген сұрақтар арқылы болашағыңызды мүмкіндігіңізше барынша айқын әрі толығырақ елестетіңіз. Өміріңізге өзгертулер енгізу үшін өзіңіздің жеке себептеріңізді табу өте маңызды.

Мысалы, сымбатты дене пішім көңіл күйіңізге жақсы әсер етіп, күшіңіздің тасып жүруіне мүмкіндік берер еді.

Бірақ барынша іске асатын мотивация табу үшін біраз уақытқа көзіңізді жұмып, жеке себептерді іздеңіз.

Мысалы, егер сіз денсаулығыңызбен айналыспайтын болсаңыз, онда болашақта балаларыңызбен ойнауға қуатыңыз бен күшіңіз қалмайтын болады.

Қаржылық шығындарға шектеу сүйікті адамыңызбен "шетелге" демалуға баруға мүмкіндік бола алады.

Ал жұмысқа қабілеттілікті арттыру арқылы материалдық жағдайыңызды түзеп алуға болады. Бұл өз кезегінде отбасыңыз бен балаларыңызды қаржылық мәселелерден құтқарады.

Мотивация жетіспейтін басқа да істеріңізден жеке себептер іздеп табыңыз. Жеке себептер сізге қажетті жігер береді.

Бір парақ қағаз алып, сіздің жағдайыңызға әсер ететін ең маңызды себептерді жазып, көзге көрінетін жерге қойып қойыңыз. Бұл айнаның алды, тоңазытқыш немесе жұмыс үстелі болуы мүмкін.

Берілмеңіз! Cәттілік!

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ақерке

Мен 10 минутта 1000000000 тапқым келеді

Али

Маған осы сайт қатты ұнады.Өзіме көп керек нәрсе алдым.Мен енді ұялшақ,қорқақ,жалқау және шыдамсыз емеспін.Рахмет сіздерге!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз