Өлең, жыр, ақындар

Оқушыларды кітап оқуға үндеу

Қарағанды қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тулеуова Айгуль Тулеуовна

25 сәуір – дүние жүзілік оқу күні. Осы күні еліміздің барлық аймақтарында, барша білім ордалары мен білім ошақтарында кітап оқу ұйымдастырылады. Бұл күнді арнайы атап өтуге басты себеп – жастардың кітап оқуға қызығушылықтарының төмендеп кетуі. Қазір техниканың дамыған кезі болғандықтан, оқушыларға кітапханаға барып кітап алып оқығаннан, ұялы телефондар, компъютер, планшет және т.б. электрондық құралдарды қолдану оңайға соғып тұр. Яғни ұрпағымыз техникаға бағынышты болып бара жатқан сияқты. Бұл қазіргі кезде алдын алу қажет болған үлкен індет. Осы індеттің алдын алу мақсатында еліміздің кей жерлерінде аталған ісшараны қалай ұйымдастырып, қалай өткізу туралы дәрістер беріліп, тәжірибе жүзінде орындалып көруде.

Ісшараны қалай ұйымдыстырып, қалай өткізу әр мекеменің еншісіне берілді. Әркім әр түрлі әдіспен жүргізеді, бірақ ортақ мақсат бір: жастарды кітап оқуға шақыру.  Кітапты зырылдатып оқып қана қоймай, одан өзіне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады. Берілген әңгіменің тәрбиелік жағына аса назар аударылады. Берілген шығармада балаға қажетті жақсы іс-әрекеттер болуы керек. Игі істер мен өнегелі өсиет, ұлағатты сөздері мол әңгіме алған жөн.

Өзіміз кішкентай кезімізде оқып, оқығанды көңілімізге тоқып өстік. Бастауыш сыныпта оқығанда суретке қарап оқып, өсе келе ертегі мен аңыз әңгімелерді, одан ары қарай жазушылардың үлгілі шығармаларын оқып, талдап отырдық.  Неше түрлі әдеби көркем шығармалар мен аңыздарды тыңдап өстік. Ондағы негізгі кейіпкерег еліктеп, сол сияқты ақылды, немесе батыр, батыл, немесе шыншыл болуға тырысып бақтық. Ендеше, жастарды да осылайша үндеп, үйрету керек.

Кез келген шығанманың, мейлі ол ертегі, мейлі аңыз әңгіме, мейлі шағын әңгіме, немесе үлкен роман болсын ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлері болады. Сол кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасай отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп отыруға үйренеді. Жақсы мен жаманның, дос пен қастың, ақ пен қараның айырмасын басты назарға алады. Сонымен қатар, қиялға беріліп, арман көгінде қалықтайды. Әңгімеде берілген нақыл сөздерді есінде сақтап қалып, өмірде қажетіне жаратады. Тіл байлығы артып, әдеби сөйлеуге, өз ойын бірнеше синонимдер арқылы жеткізуге тырысады.

Дана халқымыз «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», - деп текке айтпаған. Кітап бетін ашпаған, оны қолына алып оқымаған оқушының болашағы қалай болады? Міне, сондықтан, «Оқы, оқы, және оқы» деп ұрандатып, дамыған заман жастарын кітап оқуға жұмыла шақыру керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірігіп жұмыс жасасақ, алға қойған мақсатымызға жетеміз. Оқушыларды кітап оқуға үйретіп, дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы орындарды иеленуге арналған ісшаралар өз нәтижесін көрсетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз