Атырауда білім беру саласы қызметкерлерінің кеңейтілген кеңесі болып өтті. Оған 192 мектептің директоры, аудан әкімдері, аудандық білім бөлімінің, ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты. ҰБТ мен алдағы жазғы каникулдарға әзірлік мәәселесі қаралған кеңесте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев биылғы жылы білім беру саласына 41 млрд. теңге бөлінгенін хабарлады.
«Мектеп директорлдарының назарын сабақтастыққа аударғым келеді. Өздеріңіздің орынбасарларыңды даярлаңдар, жұмыс орындарыңызды қызғанбаңдар және оны өздеріңнің жеке мүліктеріңдей көрмеңдер. Ойланып көріңдер, егер орынбасар күшті болса, шаруаның жартысы соған бөлінеді және сіздерге де жеңіл. Сендерді өкшелеп келе жатса, сіздердің де өздеріңізді жетілдіруіңізге тура келеді. Егер сіздер жұмысты алып жүре алмаңдр, жұмыстан кетіңдер», деді Н.Ноғаев.
Кеңесте мектеп директорлары өңір басшысына жиі тексеру оқу үдерісіне кедергі келтіретінін айтып шағынды. Әңгіме СЭС, ТЖД және мектептердің қаржылық және шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыратын басқа да арнайы органдар жөнінде болып отыр. Әкім бұл проблеманы шешуге ерпекше бақылау орнату жөнінде тапсырма берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі