Өлең, жыр, ақындар

Орта буын сыныптарында біріккен сабақтарды жүргізу және ұйымдастыру технологиясы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық                                                                                                                      

мемлекеттік педагогикалық институты

4-курс студенті: Талгат Елнұр

 

Қазіргі таңда білім беру үрдісі дәстүрлі білім беру жолдарынан заман талабына сай жаңашылдықтарға бет бұруда. Осындай жаңашылдықтардың бірі пәндерді кіріктіру болып саналады. Дәлірек айтқанда, кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырып жүргізу білім берудегі жаңа технологиялардың бірі ретінде қарастырылуыда. Бір жағынан қарағанда, жоғары аталған екі ұғым бірдей сияқты. Бірақ олардың айырмашылығы өте зор. Пәнаралық байланысқа бір сабақта әртүрлі екі немесе одан да көп пәндерден хабары бар, жан-жақты дамыған бір ғана ұстаздың әрекеттерін жатқызуға болады. Ал кіріктірілген сабақ деп екі әртүрлі пән ұстаздарының біліктілік және психологиялық үйлесімділігі, олардың бір пәнді тану жолында екінші пәнді қолдану шығармашылығын айта аламыз.   Кіріктірудің тиімділігі бірнеше факторларға байланысты: оқу пәндері мен тақырыптарының өзара дұрыс, сәтті сәйкесуі және үйлесуі; мұғалімнің дайындығы мен оқушылардың жұмысқа деген бағытталуы; балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдіс – тәсілдердің дұрыс таңдалуы және сай болуы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын және шығармашылықтарын арттыратын дәстүрлі емес сабақ түрі. Сондықтан кіріктірілген сабақтың құрылымы дәстүрлі сабақтың құрылымынан ерекше:

- Оқу мәліметінің тығыздығы, сыйымдылығы артады ;

- Сабақтың әрбір кезеңінде кіріктіріліп отырған пәндердің өзара байланысуы мен бір-біріне тәуелділігі айқындалады;

- Сабақта қолданылған мәліметтің көлемі артады;

       Мұндай сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде мұғалімдер келесі шарттарды ескеру керек:

1. Кіріктірілген сабақта әртүрлі екі-үш пәннің мәліметтері біріктіріледі, сондықтан мұндай сабақтың негізгі мақсатын дұрыс анықтап алу өте маңызды. Егер басты мақсат анықталған болса, онда берілген пәндердің мазмұнынан тек сол мақсатты жүзеге асыру үшін керекті ақпарат алыну керек;

2. Кіріктіру сабақ барысында әр түрлі жұмыс түрлерінің ауысып отыруына байланысты оқушылардың шаршауын және жалығуын болдырмайды;

3. Кіріктірілген сабақты жүргізуде мұғалімдердің (әр түрлі пәндер жүргізетін) әрекеттері байланысты, сөздері үйлесімді, басқа сөзбен айтқанда, олар өздерінің жүріс-тұрыстарына дейін бәрін алдын ала ойластырулары керек. .                                                                          Кіріктіру қандай да болсын пәндердің арасында жүзеге аса алады, бірақ ағылшын тілін басқа мектеп пәндерімен кіріктіру әсіресе тиімді деп ойлаймын. Себебі, И.А.Зимняяның пікірінше, «Особенностью иностранного языка как учебного предмета является то, что он как бы «беспредметен»: ол қарым-қатынас құралы ретінде ғана оқытылады, ал тақырыптары мен жағдайлары сырттан енгізіледі.Сол себептен ағылшын тілі пәні басқа пәндерден қарағанда барлық кіріктіруге бейім.                                               

       Шетел тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу - ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.. Пәнаралық интеграция ұстанымының өткенді шолатын (ретроспективті), қатарлас (параллельді) және перспективті қасиеті бар және бұл ұстаным екі түрлі тәсілмен іске асады :

- мазмұнының жекелеген бөлімдері «Шетел тілі» пәнінің сөйлеуге бағытталған тақырыбында кездесетін, «Тіл және әдебиет», «Адам және қоғам», «Өнер» және т.б. осы секілді пәндер салаларының пәндік білімдерін қолдану жолы;

- шет тілдерді меңгеру саласына басқа пән салаларынан әрекет тәсілдерін тасымалдау жолы: мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы ақпаратты бөліп алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс).

        Пәнаралық байланыстарды іске асыру оқушылардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегінде білімдерді мәнді, мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.

      Ағылшын тілін оқытуда пәнаралық кіріктірудің тиімділігі екі жақты жүзеге аса алады: егер лексикалық тақырыптарды қарастыратын болсақ, онда ағылшын тілін ауызша пәндермен (тарих, география, биология, әдебиет және т.б.) кіріктірдік.

        5 –сыныптың ағылшын тілінде «Why is the water important for us?» тақырыбы мен жаратылыстану бойынша «Судың маңызы және оны қорғау » тақырыбын кіріктіруге болады . Адам ағзасының негізгі құрамы судан тұрады. ағылшын тілі оқулығынан оқушылар судың адам ағзасына пайдасы туралы білсе, жаратылыстану пәнінен адам өмірінде су тек тамақ ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға, суда кеме, қайық арқылы серуендеуге болатыны, зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін, топырақ құнарлығын арттыру сияқты судың маңызын біле отырып оқушылар таным аясын кеңейтеді. Орындалатын тапсырмалар үлгісі: Talk to your partner.

Do you drink water?

How many glasses of water do you drink a day?

What kind of water do you drink mineral or tap water?

Do you think you need to drink more water?

Cover the text and complete the sentences.

We drink water because…….

We need water when……

We get water from…..

We need ……. A day.

Ағылшын тілінің «Does weather affect our health?» тақырыбын география пәнінің «Ауа райы» тақырыбымен кіріктіріп отырмыз. Географиядан ауа райы, ауа райы элементтерін, ауа райын болжау, ауа райы белгілері жайлы танымын кеңейтеді , мәселен ауа райын тек қана «салқын» деп анықтама беру жеткіліксіз. Салқын ауа рауы желді, бұлтты, жаңбырлы, бұлыңғыр және басқалай болуы мүмкін , осы мәліметтерді меңгере отырып ағылшын тілінде жер-жердегі ауа райы болжамдарын айтып үйренеді, ауа райы элементтенің атауын ағылшынша меңгереді. Орындалатын тапрсырмалар үлгісі:

Learn words. sun - күн sunny - шуақты wind - жел windy - желді

                   cloud - бұлт cloudy – бұлтты rain - жаңбыр rainy - жаңбырлы

                   fog - тұман foggy- тұманды snow - қар snowy- қарлы

Write the correct word under each symbol.

sunny      windy   cloudy

rainy        foggy   snowy

Complete the sentences with suitable activities.

                 What can people do in different weather?

                 What can people do in all seasons?

                 Skate run swim ski play football snowboard

                 Play tennis go for a walk play volleyball

                  When the weather is hot, people can…..

                  When the weather is warm, people can.....

                  When the weather is cold, people can……

Answer the given questions. Look at the information on page 145

                  Which city was the hottest?

                  Which city was the coldest?

                  Which month do you think it is?

Ағылшын тілінің «Computer» информатика пәнінің «Дербес компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктерінің түрлері» тақырыбын кіріктірдік. Информатика пәнінен Дербес копьютер деген не, компьютер қандай түрлерге бөлінеді деген сұрақтарға жауап тапса, ағылшын тілі оқулығынан жаңа тақырыпқа қатысты сөздерді меңгеріп, компьютер деген не деген сұраққа жауап іздеп информатикадан алған білімдерімен ұштастырады. Орындалатын жаттығу үлгілері:

Read the text and discuss it.

What is a computer?   Pay attention to the following words: computer, diskette, processor, scanner, information, data, microphone, printer, modem, Internet. Working vocabulary: Device: құрылғы, hardware- жабдық, software-бағдарламалар, to store – сақтау, procedures –операция.

Answer the questions: What does the term computer describe?

                                  Is computer intelligent?

                                 What are the four components of computer system?

                                 How does computer convert data into information?

        Ағылшын тілінің «The Earth » және география пәнінің «Қазақстанның экологиясы және халықаралық экологиялық ынтымақтасық», биология пәнінің « Дүние жүзіндегі және Қазатстандағы экологиялық мәселелер » тақырыптары кіріктірілді. География пәнін арқылы оқушылар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық проблемалары, атмосфера және онымен байланысты экологиялық проблемалар туралы оқып біліп, талқылау жасай отырып, билология оқулығымен су жүйелерінің ластануы, ормандардың жойылуы,биологиялық түрліліктің жойылуы, топырақтың ластануы және тозу, шөлді аумақтардың артуы, экологиялық қауіпсіздік концепциясы сияақты өзекті тақыфрыптарды қозғайды. Ағылшынмен арқылы сабақты арықарай жалғап, Қазаөстан картасынан оқушылар экологиялық проблема ошақтарын көрсетеді, табиғатты қорғау тақырыбында қызу талқылау жүреді, тақырып бойынша жаңа сөздер меңгеріліп, жаттығулар орындалады.

Орындалатын жаттығу үлгілері: Mark the place on the map of Kazakhstan where there are ecological problems. Write the word ``SOS`` in pencil. (See the map on page 177).

Talk to your partner: Are people happy to live there?

Example: In my opinion the people of this region are not happy to live there because there are a lot of ecological problems. The water, air, land are pollured.

Read the text ``Environment Protection`` quickly and check your answers to exercise 6. First talk to your partner then discuss it as a class.      

       Is water pollution controlled in Britain?

       What do you think of environmental protection of Britain?

       Was there any sea\ river seriously affected by oil pollution incident in Kazakhstan?

       Was there any case when oil leaked into the sea in Kazakhstan?

Read the slogans. What do you think of these slogans?

                           Who has written them?

                           If necessary use a dictionary?

THE COUNTRYSIDE IS IN DANGER

NUCLEAR WASTES THREATEN  OUR WORLD

WILDLIFE NEEDS YOUR HELP

Қорыта айтқанда, пәнаралық кіріктіру мұғалімге өзінің шығармашылығын жүзеге асыруға, танытуға және өзінің оқушыларының қабілеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріктірілген сабақтар оқушылардың мүмкіншіліктерін дамыта отырып, қисынды ойлау мен ой-өрістерін кеңейтуге, қоршаған орта мен айналадағы құбылыстарға деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар сөйлеу, салыстыру, жалпылау, қорытындылау мен дұрыс шешімдер қабылдауға негізделгендіктен, оқушылар заман талаптарына сай әр түрлі жағдайларға бейімделіп немесе оларды шешуде керекті шешім қабылдап, қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға ретінде қалыптасады. Мұндай сабақтардың формасы үйреншікті емес, қызықты болғандықтан, оқушылардың зейіндерін жоғары деңгейде көрсетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз