Биыл 12 жылдық және үш тілде білім беруге дайындық курстарынан 69 мыңнан астам ұстаз өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.
«Жалпы білім беру жүйесінде 325 184 педагог жұмыс істейді. 2016 жылы курстардан 91 391 мұғалім, оның ішінде білім мазмұнын жаңарту аясында 69 097 ұстаз өтеді. Үштілді білім беруді енгізу кезінде биыл Назарбаев Университеті мен еліміздің 15 жоғары оқу орындары базасында биология, химия, физика және информатика пәндерінің 675 мұғаліміне арналған төрт айлық курстарды өткізуді жоспарлауда. Бұл курстардың мақсаты - оқытушылар арасында ағылшын тілін жетілдіру», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, 2017-2019 жылдары әрбір жыл сайын 5200 мұғалім ағылшын тілінде курстармен қамтылады. Атап айтқанда, ЖОО-да мұғалімдерді 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес дайындау басталды. Бүгінге дейін 42 жоғары оқу орнында 18 мыңнан астам студент үштілділік бағдарламаға сәйкес білім алуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Құмарбек
25 жылда қазақ тілін үйрене алмаған депудаттар алдымен өздеріне бір қарап алып заң шығарсашы. Өңшең малдардың жиналған орны.
нурия
Жақсы жаңалық екен. Сонда мұғалімдерге қандай жағдай жасалынады?