
14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні. 1868 жылы бұл күні Австрияның иммунолог дәрігері Карл Ландштейнер дүниеге келген. 1900 жылы ол қан тобын ашты.
ХХ ғасырдың басына дейін қан құю қауіпті әрі күдікті іс саналған еді. Ландштейнердің ашқан жаңалығы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Адамның қан құрамында қызыл түсті түйіршіктер (эритроциттер) бар. Олардың бетінде антигендер (түрлендіретін антиденелер) орналасқан. Антигендер - бұл иммун жүйесінің өз ағзасындағы жасушаларды ажыратуға көмектесетін маркерлер. Адамда антигендердің 2 негізгі түрі болуы мүмкін: А антигені, В антигені.
Қанның құрамында сонымен бірге ақ иммундық жасушалар (лейкоциттер) болады. Олар антиген маркерлерін санап, бөтен денелерді анықтайды, тапқан жағдайда, бөгде антигендері бар жасушаларды жоятын антиденелер шығарыла бастайды. Антиденелердің 2 негізгі түрі бар: А антиденелер, В антиденелер.

Қан топтары және олардың сәйкестігі
Қанның негізгі 4 тобы бар. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді.
0 тобы (I топ) «Әмбебап донор»
0 қан тобы бар адамның А және В антигендері жоқ. Сондықтан мұндай қанды кез келген қан тобы бар адамдарға құюға болады, себебі ол бөгде қан ретінде қабылданбайды. Сонымен бірге осындай ағзада АВ-антиденелері бар, сондықтан иммундық жүйе өзінен басқа қан тобын қабылдамайды.
А тобы (II топ)
Бұл ағзада а антигендері мен В антиденелері бар, сондықтан ол 0 және А (I және II топтар) қанын қабылдай алады, В және АВ антигендері бар жасушалар бөгде болып танылады.
В тобы (III топ)
Осындай қанның құрамында В антигендері мен А антиденелері бар. Ағза 0 және В (I және II топ) қанын қабылдай алады.
АВ тобы (IV топ) «Әмбебап реципиент»
Осындай ағзада А және В антигендерінің екеуі де бар. Мұндай қаны бар адам кез келген топтағы қанды қабылдай алады, себебі оның қанында антиденелер жоқ.

Резус фактор Rh
Эритроциттердің бетінде резус факторға жауап беретін басқа антиденелердің белгілі бір тобы орналасуы мүмкін. Егер олбар болса, қан резусы оң Rh+ болады. Егер антиденелердің бұл тобы болмаса, резус теріс Rh-.
Қан резусы теріс адамдар тек резусы теріс қанды ғана қабылдай алады. Резусы оң адамдар екі түрін де қабылдай алады.
Осылайша, кез келген реципиентке құюға болатын ең «әмбебап» қан – резусы теріс 0 тобындағы қан (0(I) Rh-).
Қазіргі медицинада қанды тек өз тобына құю қажет деген қағидаты қолданылады. Бұл мақсатпен бүгінде көптеген жағдайларда қанның эритроциттік масса, лейкоциттік масса және т.б. сияқты құрамдас бөліктері ғана құйылады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды.
Нуржан
Кан тобы калай білуге болады
белгисиз адам
кан тобын кан тапсырганнан кеин билуге болады
Нурболат
19.03.1988ж кан тобын калай билсе болады
Асель
Қан тапсыру арқылы білесіз
Акерке
Сәлеметсіздер ма?
Әйел мен ер адамның тұрмыс құруына байланысты қалай білуге болады. Бір-біріне чәйкестігін анықтау.
Акеркеге
Арнайы анализ тапсырады, сәйкестікке.
Myrza
Өте тамаша!
Анар
Әкесі теріс нәтижелі 2 топ анасы оң нәтижелі 1 топ бала кай топка жатады
❤❤❤
3інші топқа жатады
Anonymous
Рахмет сіздерге
Салтанат
Әкесінің қан тобы Rhlll +,анасының қан тобы Rh ll+,бала қаны теріс болып туылуы мүмкін бе?
Мен
4. 0(I) қан тобы бар науқасқа В(ІІІ) топ қаны құйылды. Сәйкес келмейтін қан құюдың асқынуын сипаттаңыз. Эритроциттердің агглютинациясы дегеніміз не? Үйлесімсіз қан құю кезінде кімнің эритроциттері агглютинацияға ұшырайды?
QUTTYBAY ULHZAN
KUHZTU
Жасмин
«Қан тобы» мақаласы адам денсаулығы мен қанның физиологиясы туралы маңызды әрі пайдалы ақпарат береді. Онда адамның қан құрамындағы антигендер мен антиденелердің рөлі, қан топтарының I, II, III және IV етіп бөлінуі түсіндіріледі, әрі қанның резус факторына (Rh) қатысты негізгі мәліметтер айқын жеткізіледі. Бұл ақпарат қан топтарын білу мен донор болу секілді маңызды биологиялық және медициналық ұғымдарды түсіну үшін өте қажет.
Мақалада бастапқыда 1900 жылы австриялық ғалым Карл Ландштейнер қан топтарын ашқан тарихи маңыз туралы айтылып, бүгінгі медицинада қан топтарының сәйкестігі қан құю кезінде қаншалықты маңызды екені түсіндіріледі. Мысалы, неміс және американдық зерттеулер көрсеткендей, қан топтарының сәйкес келмеуі иммундық жүйенің агглютинация реакциясына алып келіп, қауіпті салдарға әкеп соғуы мүмкін — сондықтан қан топтарын білу әрбір адам үшін қажет.
Мен бұл мақаланы оқып, қан топтары мен резус фактор туралы нақты және қолжетімді ақпарат алғанымды сезіндім. Осындай мазмұнды денсаулық және биология саласындағы мақалалар оқырманға өз ағзасының ерекшеліктерін түсініп, донорлық пен медициналық жағдайлар туралы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.