Өлең, жыр, ақындар

Накагин – Жапониядағы ең ірі капсюльді ғимарат (12 сурет)

Капсула-мұнара «Накагин» жапон архитекторы Кисе Курокаваның жобасы бойынша 1972 жылы салынды. Ғимарат 1950 жылдары пайда болған функционалдылыққа кереғар жапон метаболизмі — архитектура мен қала құрылысындағы жаңа лепке мысалы болып табылады. Метаболизм стиліндегі ғимараттар үшін аяқталмағандық пен ауысып отыратын қала ортасымен «диалог» үшін құрылымының ашықтығы тән. Жапон фотографы Норитака Минами (Noritaka Minami) токиолық Гинза ауданында салынған, түрлі комбинацияда салмақ түсетін екі бағанаға негізделген, 140 капсула-модульден тұратын ғимаратты төрт жыл бойы суретке түсерген. Әр модульдің өлшемі 2,3×3,8×2,1 метр, олар тірекке төрт болт арқылы ғана бекітілген. Үйдің биіктігі — он үш қабат.

2007 жылы «Накагина» тұрғындары қысылып жүргендерін және ғимараттың конструкциясында абсестің барын айтып, сүрілуіне дауыс берген. Өз жобасын аман алып қалу үшін Курокава мұнараны қайта өңдеуді ұсынды. Қайта өңдеу жоспарын Жапония архитекторлар ұйымының негізгі сәулетшілері қолдады, оның ішінде Жапон архитектура институты бар, бірақ қаржылай көп шығын шығатындықтан жұмыс сол күйі басталмады.

Бұдан кейін үйдің көптеген тұрғындары көшіп, үйлерін тастап кеткен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз