Өлең, жыр, ақындар

Сүйікті көп өмір дара

 

Ненің қымбат екенін ойлап қара.

Әйтсе де,

Бәрібір, бәрібір, бәрібір

Сүйемін.

Махаббат, сен менің киелім,

Сүйемін, күйемін түк қалмай.

Жасты естен шығардым, о Тәңірім,

Сүйемін қуарып, қызарып,

Жасыра алмаспыз, сірә да, біз ғаріп.

Әйтсе де,

Бәрібір, бәрібір, бәрібір

Махаббат, сен менің киелім,

Иірімге басымды сұққанмын.

Қайтарға жол жоғын ұққанда,

Мүсірке деп тіптен де тілемедім.

Алауға жансам, бәлкім,

Бұл махаббат оты деп білер едім.

Әйтсе де,

Бәрібір, бәрібір, бәрібір

Сүйемін, Махаббат, сен менің киелім,                                                                                                               

 Мен сені соншалық сүйемін.

 

Ольга Григорьева

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз