Балшықтан не жасалады?

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Балшықтан не жасалады?

Балшықтан не жасалады? — Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Балшықтан не жасалады, балшық, алюминий,  каолин — осы тақырыптарға байланысты.

Базарларда, ыдыс сататын жерлерде көптеп кездесетін әдемі құмыралар, табақтардың кәдімгі жәй балшықтан жасалғанын ойласаң, қызық болып көрінеді. Балшықтан тек құмыралар мен табақтар жасалынбайды. Одан кірпіш пен фарфор мүсіншелерін, кірге және бояуға арналған ніл жасайды. Балшық пен әктасты қосу арқылы негізгі құрылыс материалы цемент алынады. Балшықты медицинада пайдаланады, оны жақпа майларға қосады, ал шипажайларда емдік балшықтар кеңінен қолданылады. Балшықты бағзы замандардан бері косметологияда пайдаланады. Одан тазартушы маскалар жасайды.

Ал, ең кереметі кез-келген балшықтың құрамына алюминий кіреді.

Бұл жеңіл ақ металл туралы жақын арада тек ғалымдар ғана білсе, ал қазір кез-келген ас үйде алюминийден жасалған қазанды табуға болады. Бұған таң қалмаса да болады, себебі алюминийді темір сияқты тот баспайды, және ол қышқыл тамақтан бүлінбейді.  Шындығында, ол сабын мен содадан қорқады, бірақ бұл үлкен мәселе емес.

Оны жиі «балшық күмісі» деп атайды, бірақ алюминийге күміске жету қайда. Оның ақ түсі тез арада сұр түске ауысады, себебі ауада ол тотықтың жұқа қабатымен жабылады. Тотық оның өңін бүлдірсе де, оны бұдан да қатты тотығудан қорғайды. Бірақ, бұл қатпардың мыс тотығуы сияқты еш зияны жоқ.

Алюминийден ылғи әдемі болатын және жылтырап тұратын бұйымдар жасауға болмайды. Есесіне оның алтында да, күмісте де, болатта да жоқ қасиеті бар: ол өте жеңіл, темірден үш есе жеңіл. Бұл аэропландарды салу үшін өте маңызды. Көптеген металдармен алюминий өте бағалы құйындылар береді. Мысалы, дюралюминий –  бұл алюминийдің магний, мыс және марганецпен құйындысы, ол беріктігі тура сондай болаттан үш есе жеңіл.

Біз басып жүретін топырақ – бұл әлі бағалы металдың тиіспелген кені! Әзірше, алюминийді боксит және криолит деген басқа кендерден алады. Оны балшықтан алу тиімсіз. Ал тиімді жолы әзірге ойлап табылмады..

Фарфорды біздің аяғымызда жатқан емес, басқа балшықтан жасайды.

Оны каолин деген ең таза, ақ балшықтан жасайды. Ол өте сирек кездеседі..

Қарапайым кірпіш балшығында неше түрлі қоспалар көп болады. Бұл қоспалардың кейбіреулерін балшықтан оңай ажыратып алуға болады. Балшықтың кішкене кесегін стақанға салып, сумен араластырайық. Барлық ауыр қоспалар стақан түбіне шөгеді, ал балшық болса, жеңіл лай түрінде суда қалады. Лай суды басқа стақанға құяйық. Балшықтың жеңіл бөлшектері стақан түбіне су мөлдір болғанға дейін баяу шөгеді. Сөйтіп, ыдыс түбінде балшық тұнбасы пайда болады. Ал басқа стақанда тас, ірі әктас және құмдар қалады.

Бұл екі стақанда бұрыннан табиғатта болып тұратын құбылыстар болды.

Құммен араласқан балшықтың орнына көз алдыңызға гранитті жотаны, стақанға құйылған судың орнына таудан аққан қатты селді елестетіп көріңіз.

Гранит қанша мықты болғанымен ол сумен, желден қорқады. Уақыт өте келе гранитті жоталар опырылып, кұм мен балшыққа айналады.

Тау өзендері құм мен балшықты өзімен бірге төмен алып кетеді. Тастар мен ірі құмдар ерте шөксе, ал балшық пен ұсақ құмдар кейін, өзеннің баяу ағатын жерлерінде шөгеді. Осылайша, өзен түбінде балшық қабаты пайда болады. Өзен кеуіп кетеді не бағытын өзгертеді, ал балшық қабаты қалады. Тек сумен ұшталған малта тастар ғана, бұл жерден аққан өзендер туралы хабар береді.

Құм мен малта тастардан бөлек, балшықта өзгеде қоспалар болады. Мысалы, оны сары не қызыл түске боятын темір тоты болады. Сол себепті, кірпіштерді ешкім боямаса да, олар қызыл түсті болады. Керісінше, балшық бояу әзірлеуге қолданылады. Мысалы, жоса (охра) – бұл сары немесе қызыл балшық. Оның құрамында темір тотығы көп болады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балшықтан не жасалады? деген не?

Бұл бетте Балшықтан не жасалады? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Балшықтан не жасалады? материалы Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Балшықтан не жасалады тақырыбындағы материалдар балшық тақырыбындағы материалдар алюминий тақырыбындағы материалдар  каолин тақырыбындағы материалдар жоса тақырыбындағы материалдар охра тақырыбындағы материалдар