Бүкіл ел аумағында 18 млн оқушы сабаққа барып, 900 мыңдай мұғалім жұмысқа шыққан. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлап отыр.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ыстамбұл мэрі Қадір Топбаш мемлекеттік сайтта оқу жылының басталуына байланысты құттықтауларын жариялады.
Еске салып кетсек, 18 шілде күні бір топ әскери елде бүлік шығаруға тырысқан, бірақ бұл әрекет нәтиже бермеді. Ресми Анкара осы қимылды АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гюлен ұйымдастырған деп санайды.
Осыдан кейін Түркия өкіметі Гюленмен байланысы бар деген күдікпен мыңдаған ұстаз, мемлекеттік қызметкер мен судьяны қызметінен босатқан болатын. Сол кезде көптеген мектеп пен жоғары оқу орны уақытша жабылған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі