...бұл ойындармен өзіңіз де ойнағыңыз келіп кетеді
Бұрынырақта балалар ары кетсе «Жас техник» жинағымен ойнайтын, ал қазір әр оқушы жиырма жыл бұрын ғалымдарға арман болған құрылғыларға қол жеткізе алады. Біз баланы қуантып қоймай, пайдалы әдеттерге үйрететін тоғыз гаджетті топтастырдық.
Lego Mindstorms
Lego компаниясынан Mindstorms роботы
Lego конструкторлары — өз бетінше дамытатын тамаша ойыншық, ал Mindstorms роботтар сериясы құрастыруды ғана емес, программалауды да үйретеді. Программалар компьютерде визуалды редакторда жасалады немесе дәстүрлі программалау тілдерінің бірінде жазылады, ал кейін басқарушы модульге беріледі. Оған кез келген бөлшектерді қосуға болады және арманыңдағы роботты жасауға болады. Mindstorms-ты кейде инженерлік және көркемдік жобалар сияқты салмақты мақсаттарға да пайдаланады. Соңғы модель EV3 деп аталады және үш түрлі робот жасау үшін бөлшектер жинағымен жабдықталған.
Сандық микроскоп
Bresser Junior сандық микроскобы
Қарапайым веб-камераға ұқсайтын бұл кішігірім гаджет компьютерді микроәлемді зерттеуге арналған тамаша құралға айналдырады. Сандық микроскоптың көмегімен ұлпалардың жасушаларын өз көзіңмен көріп қана қоймай, суретін немесе видеосын сақтап алуға мүмкіндік береді. Қарапайым микроскоп сияқты қолдануға болатын модельдермен (камера қажет болса көзге киіледі) қатар, толықтай электрондық модельдер бар. Модельдердің, бағалардың және жинақ жеткізілімдерінің бір-бірінен айырмашылығы жоғары. Шетелде My First Lab маркасы танымал, бізде — Bresser Junior мен EVA.
Программаланатын робот
Anki фирмасының Cozmo роботы
Жыл сайын роботталған ойыншықтардың саны артып келеді. Өкінішке қарай, олардың көбі жай ғана радиомен басқарылатын машиналардың жетілдірілген (сәті түссе) нұсқасы және олардың білім беруге үлесі аз. Бірақ бұдан да қызық заттар баршылық. Мысалы, Sphero робошарлары телефон командаларына бағынып, еденде домалап қана қоймайды. Олар программалаудың визуалды тілінде сипатталатын күрделі әрекеттерді жасай алады. Сол саладан тағы бір қызықты жұмыс — бұл Anki фирмасының Cozmo роботы. Оның функционалдығы жайлы және тамаша мимикасына әзірше тек видеодан тамсануға болады, бірақ Cozmo осы жылы сатылымға түсуі керек.
Асыранды-робот
Робожануар Furby
Егер бала программалауға қызықпаса, онда бәлкім оған балаларға арналған роботтардың басқа санаты қызықтыруы мүмкін. Бұл эмпатияны дамытуға көмектесетін және әдетте атжалмандар мен тасбақалардың бейнетін өзіне алатын роботтар. Олар өздеріне жасалатын барлық әрекетке жауап бере алатындай көптеген сенсорлармен жабдықталған. Сәтті мысалдардың ішінде — қалқанқұлақ домалақ көзді Furby робожануарларының танымал сериясы. Бұл көңіл елжірететін бөгдепланеталықтар жасанды интеллектіге ие: бұл оларға өздерін әрдайым жетілдіріп отыру үшін білім алуға және дамуға мүмкіндік береді. Абай болыңыз: құлатып алған және құлағынан сүйрелеген Furby қыңыр және мейірімсіз болып өседі. Ескілердің, бірақ өз заманының озығы болған әрі әлі күнге дейін беделін жоғалтпай келе жатқандардың ішінен Pleo рободинозаврын ұсынуға болады. Ол сөйлемейді және жүгірмейді, есесіне оны сипалағанда пырылдап, нағыз үй жануары сияқты көзін домалатады.
3D-қалам
3Doodler 3D-қаламы
Үш жыл бұрын әлемде «3D-қалам» деп аталатын гаджеттердің жаңа класы пайда болды. Мұндай қаламның ішінде тез кебетін пластиктің экструдері орналасқан. Батырмаға басу арқылы онымен жазықтықта немесе тіпті оның астында қатты заттарды салуға болады. Мұндай қаламмен жұмыс істеу шыдамдылық пен біршама шеберлікті қажет етеді, есесіне нәтижесінде нағыз мүсіндер шығады. 3Doodler мұндай құралдардың алғашқысы болды, кейін осыған ұқсас түрлі құралдар шықты: 3DYAYA, Myriwell және т.б.3D қаламдар балаларға ұнайды деудің қажеті бар ма? Шын мәнінде, бұл фломастер, пластилин мен ағашқа ойып жазатын құралдың жиынтығы десе болады, бірақ біршама жетілдірілген нұсқасы.
Электрондық компоненттердің жиынтығы
«Микроник» жинағы
Электрдің қасиеттері мен электртізбектерінің құрылу принциптерін зерттеу үшін ешқандай жинақтардың қажеті жоқ: тәжірибелерге қажеттінің барлығы радиобөлшектер дүкенінде сатылады. Дегенмен, компоненттер бір қорапта нұсқаулығымен бірге жинақталғанда түсіну әлдеқайда оңай. Шетелде Littlebits фирмасының тамаша жинақтары бар, бізде, мысалы, «Микроник» жинағына назар аударуға болады. Жылтылдайтын оттар, қарапайым музыкалық құралдар, таймерлер мен сигнализациялар — мұның бәрін өз қолыңмен жинау қиын емес.
Микрокомпьютер
Arduino микрокомпьютері
Электротехника принциптерін меңгерген жоғарғы сынып оқушыларына өз жобаларында заманауи микроконтроллерлер мен микрокомпьютерлерді пайдалануға өтуді ұсынуға болады. Мұнда таңдау кең, бірақ алғашында аса танымал құралдарды таңдаған жөн, олар үшін көптеген дайын программалар мен нұсқаулықтар бар. Бірінші кезекте бұл Arduinoмен Raspberry Pi. Екеуі де кіргізу-шығару порттары дәнекерленген кішігірім платаларға ұқсас. Мұнда өз компоненттеріңді қосуға болады: датчиктер, моторлар, шамдар және т.б. Arduino-ны меңгеру оңай және ақылды электроникамен байланысты кез келген жобаларға жарайды. Raspberry Pi — бұл Linux операциялық жүйесі бар толыққанды компьютер. Оған тіпті пернетақта мен мониторды да қосуға болады және қарапайым десктопта жұмыс істегендей істей беруге болады.
Ойыншық квадрокоптер
Parrot компаниясынан Airborne Cargo Drone сериясының ойыншық квадрокоптері
Өздерін әуеде ұстай алатын роботталған ұшатын аппараттар соңғы жылдары үлкен танымалдылыққа ие болды. Квадрокоптерлердің әуесқой, кәсіпқой модельдері бар, сонымен қатар өте қарапайымдары — балаларға арналғаны бар. Егер электрондық конструкторларға қызығушылық — бұл радиоәуесқойлықтың баламасы болса, онда квадрокоптерлерді басқару — бұл авиамодельдеу. Орауын шешіп, ұшқышсыз құрылғыны қуаттап алған соң ұшыруды бастап кетуге болады. Ең кішкентай модельдерді үй ішінде ұшыруға да болады, бірақ олардың өзі қазір камерамен жабдықталып, аспаннан тамаша көріністерді түсіре алады. Мысалы, Cheerson CX–10 квадракоптері тіпті алақанға сыйып кетеді. Ал Parrot фирмасының Airborne Cargo Drone қызықты сериясы бар — бұл ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың денесі Lego-ның бөлшектерге арналған жалғастырғыш тетіктермен жабдықталған. Оқуға, әрине, мұндай ойыншықтар көмектеспейді, есесіне көп қуаныш сыйлап, бұдан да ірі квадракоптерлерді басқаруға дайындайды.
Ақылды қаламұш
WacomBambooSpark жинағы
Ақылды қаламұштар («ақылды қаламдар», «сандық қаламдар») сыртынан ауыстырмалы жазатын бөлігі бар қарапайым қаламсапқа ұқсайды. Бар құпия ішінде жасырылған кішігірім компьютерде. Ол қағазға жанасқандағы барлық мәліметті жазып алады. Қаламсаппен дәптерге немесе параққа жазамыз да, кейін жазылған немесе салынғанның бәрін компьютерге жібереміз. Бұл конспектіні сенімді сақтауға, суреттің сандық көшірмесін алуға немесе мектеп шығармасын жасырын алып шығуға мүмкіндік береді. Модельдер бағасымен ғана емес, сыртқы келбетімен, жұмыс принциптерімен де ерекшеленеді. Ritmix брендінің арзан қытай қаламсаптары, мысалы, тұрықтандыру үшін параққа арнайы шамшырақ жабыстыруды талап етеді. Wacom Bamboo Spark — бұл ішіне қарапайым блокнот бекітілген қаламсап пен планшет қаптамасынан тұратын жинақ. Livescribe қаламдары сапасымен көзге түсті, бірақ онымен жұмыс істеу үшін парақтарында микробелгі жасырылған фирмалық дәптерлерді сатып алу қажет. Есесіне Livescribe Echo модельдері жазылғанды сақтап қана қоймай, жазылғанды салыстыруға мүмкіндік беретін дыбысты да жазып ала алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Raimbek
Cozmo роботы керемет! Arduino микрокомпьютері баларға бағдарламалауды үйрету үшін жақсы дүние екен
Заза
Маааа керемет!!! Космоны жане калгандарын кайдан алуга болатынын силтемелер жазсаныз типти жаксы болар еди
Перизат
Тамаша