Қаржаулова Гүлжаухар Мырзабековна
№3 Байзақ колледжінің физика және информатика пәні оқытушысы.
Информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс сабақтардың атқаратын ролі.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сыныптан тыс жұмыс - оқытушы ұйымдастырған, білім алушы тұлғасының әлеуметтенуіне қажетті шарттарды қамтамасыз ететін оқудан тыс уақыттағы білім алушы іс-әрекеттерінің әртүрлілігі. Сыныптан тыс жұмыс – оқудан тыс уақытында өткізілетін, міндетті оқу бағдарламаларының шекарасынан асып кететін түрлі тәрбиелік-білімдік іс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс түсінігі кең, әрі бірмәнді емес. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, пәндік үйірме отырысы, сыныптан тыс оқу мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Білім алушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыс білім алушыларға жағымды әсер беретін кең мүмкіндіктерден, әрекеттердің әртүрлі жиынынан тұрады және сабақ кезінде жұмыстың байланыстылығынан тұратын оқытушының өзіндік оқу-тәрбие жұмысы болып табылады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технология ұсынатын мүмкіндіктер мен құралдардың әртүрлілігіне байланысты пәнаралық сипат алуы мүмкін. Компьютерлік әдістер информатикадан, физикадан, шет тілінен, географиядан және тағы басқа арнайы пәндерден сыныптан тыс жұмыс кезінде сәтті қолданылады. Мұндай сыныптан тыс жұмыс түрлерінің арналары білім алушыларды түрлі қызығушылықтарды біріктіріп, басқа пән оқытушыларының ақпараттық технологияны толық деңгейінде қолданыла алмауына байланысты сыныптан тыс жұмысты информатика пән мұғалімдері жүргізеді.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-әрекет танымдық қызығушылықты, оқудың тиімді әсерін, оқу біліктіліктерін қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-әрекет оқу әрекетін басқа формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл «Қызығушылар турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», «Үздік информатик», КТК, есептеуіш орталығына саяхат және т.б. үйірмелер болуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қызықтырушы әрекет білім алушылардың толыққанды демалысын ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы достық атмосфераны, жүйке қысымын алуға көмектеседі. Бұл кезде КТК, «Компьютерлік әзіл» тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі – танымдық және қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, «Ғажайыптар алаңы», «Маңызды информатика», қиялшылдар конкурсы, викториналар және т.б.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-әрекет еңбектің әр түрінің мазмұнын береді. Оқытушы сыныптан тыс жұмыстың еңбек әрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, бірақ білім алушылардың түрлі жүйелік еңбек әрекеті беретін тәрбиелік нәтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың қызығушылығын, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекеттер программалаушылар конкурсы, компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сеияқты сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған әрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойында дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Кластан тыс жұмыстың әртүрлі болуы білім алушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар білім алушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда білім алушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда білім алушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі