
4LifeHub тоңазытқышын шығарушылар адамдардың тамақ іздеп, оны қайта-қайта аша бергендерін қаламайды. Мұның орнына, олар тоңазытқыштың ішіндегі барлық азықты және агрегаттың ішіндегі температураны көрсететін мониторға қарауды ұсынады.

4LifeHub тоңазытқышы есікке орнатылған 21-дюймдік экран арқылы ақпарат беретін камералармен жабдықталған. Бұдан да басқа техниканың ерекшеліктері, бұл тоңазытқышты одан да инновациялық және ақылды етеді.

4LifeHub-тың екі қосымша бөлігі бар: ылғал сақтайтын – NutriFresh және тоңазытқыштың ішіндегі қосымша мұздатқыш камера – AdaptiZon. AdaptiZon тоңазытқыш пен мұздатқыш камерасы арасындағы температураны ұстайды.

4LifeHub ақылды тоңазытқышы еуропалық нарықта 2017 жылы пайда болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі