Өлең, жыр, ақындар

Үйірменің үйретері көп

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сунақата ауылы
№194 орта мектебінің
6 "а" сынып оқушысы: Әлиев Ердәулет
Жетекшісі: Таженов Омар Калмаханович

 

Ұстаз да әр шәкіртін баптайтындар,
Өскенше ешбір тыным таппайтындар.
Елімнің келешегі осылар деп,
Қиналасада шаршағанын айтпайтындар.                          

«ХХІ ғасыр - компьютер ғасыры» деп аталып кеткен бұл ғасырда бар шаруаны тындырып отырған құрал. Қазіргі кезде компьютерсіз өмірімізді елестету тіпті мүмкін емес. Менің компьютерге деген қызығушылығым өте зор. Сол себепті информатиканы оқып білу үшін: «Мен информатика үйірмесіне қатысамын». Біздің мектебімізде информатика бөлмесі қажетті құрал жабдықтармен жақсы жабдықталған. Бөлме іші-жарық, кең, таза. Менің үйірме жетекші ағайым - Таженов Омар. Информатика үйірмесіне сыныбымнан сегіз оқушы қатысады. Бізге ағай компьютерлік желілер түрлерімен таныстырып, ақпаратты іздеу технологияларын үйретеді. Үйде компьютермен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін естен шығармауды үйретеді. Үй тапсырмасын орындауға көмектесетін бақылау сұрақтар, шағын тесттер береді. Омар Қалмаханұлы бізді түрлі сайыстарға қатыстырады. Былтырғы оқу жылында топтық сайысқа қатысып, менің тобым І орынды иеленді. Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсаринше айтсақ: «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алдыртатын» құрал. Мен осы информатиканы меңгергенім ұстазым Омар Қалмаханұлының арқасы. Ұстазыма мың алғыс тілеймін! Өзімнің оқыған-тоқығанымды үйдегі ата-анама да үйретемін. Ата-анамда менің оқып білгеніме дән риза.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

керемет

өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз