Егер бала ешнәрсе түсінбей жатса, ал сіз ашуланудың шегінде тұрсаңыз, не істеуге болады?
Кейде өте өкініші сәттер де болады: сіздер барлық отбасыңызбен жабылып сабақты түсіндіруге тырысып жатсыздар, оқулықты оқыдыңыз, фотосинтезді саусақпен көрсеттіңіз, атасы мен апасы су молекуласын бейнелеп берді, ал балаңыз сол өзінің «Түсінбедім» дегенін алға тартады. Бақытымызға орай, мұндай жағдайлар үшін Инна Прибора мен психолог Анастасия Лындина бірнеше кеңестері бар екен.
1. Тақырыпты түсіндірген кездегі ең қиыны – ашуланбау, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдарды тежей білу. Бастауыш сынып оқушыларындағы осындай мәселелердің туындау себебі, көбіне ақымақтық немесе жалқаулық емес, танымдық функциялардың жас ерекшеліктері бойынша қалыптаспауы болып табылады. Баланы асықтырмаңыз, қысым түсірмеңіз: күйзеліс алғашқы оқу дағдыларының жұмысын тек қана бұзуы мүмкін. Терең тыныс алыңыз, бір-екі рет еңкейіп, бес-алты рет отырып-тұрыңыз – міне, енді бала оқуды бастауға дайын екендігін білдіреді.
Фото: iStockphoto / Cathy Yeulet
2. «Мәселені» өз ойыңызбен «міндет ретінде» қайта тұжырымдаңыз. Баланың түсінбегені, бұл дегеніміз үлкен қиындық емес, ал қамқорлық көрсетуші ересек адам ретінде менің міндетім, оған барынша түсінікті етіп ұғындыру. Егер де тапқан тәсіліңіз тағы да нәтижесін бермесе, онда «Б», «В» немесе басқа да жоспарлар құрыңыз.
3. Өзіңіздің түсіндіру жолыңызды қарапайымнан бастап қиынға қарай құрыңыз. «Үш агрегатты жағдайды үйренбейміз», тек «Әкеңнің құлағынан бу шығып жатқаны қандай жақсы, қарашы! Неге екенін білесің бе?»
4. Баланың іс-әрекетіне қара. Балаға берілетін тапсырма жалықтыратын, тым ауыр болмауы керек. Егер де оның шамасы келмейтінін байқасаңыз, тақырыпты бірнеше бөлікке бөліп тастаңыз. Қызыңыз бүгін футбол алаңының аумағын есептемесе де, оның ені бойынша қатарынан неше футболшыны орналастыруға болатынын анықтайтын болады.
5. Егер де бала қиын сұрақты оқу кезінде кішкентай болсын бір нәрсе түсінуге қол жеткізсе, оның өзі тамаша жетістік. Зымыран қозғалтқышының құрылғысы, буын аяқтылар қимылы және несие беру мөлшерлемесінің артуы баланың шынайы қызығушылығын тудыруы әбден мүмкін. Етістіктердің жіктелуі – бұл қиындау.
Етістікке жіктей білген адам, оны өмірде, тым болмағанда граффитиге арналған қабырғада қолдана алатындығына, балаңыздың көзін жеткізуге тырысыңыз.
Ол кішкентай баланың аздап құлшынысын оятуы да мүмкін. Бұл әлемде мұғалімдер мінсіз оқушыларға, әрбір теория нақты өмірде жазылатынын және қолданылатынын айтып бере алады.
Фото: iStockphoto / Halfpoint
6. Тригонометрия саяжайға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қандай маңызды екендігі туралы айтқаныңыз екінші сынып оқушысының қызығушылығын оята алмаса, қам жемеңіз. Мұндай жағдайда екінші сынып оқушысына ойынның ішіне оқу-үйрету сәттерін қосқан дұрыс болатындығына қарамастан, үйрету барысына ойын элементтерін қосыңыз. Би кешіне қуыршақ күрделі ирелеңдеген траекториямен баратындай етіп, оған арналған үй құрастырыңыз. Ханшайымға доғал бұрышты үшбұрыш пішінінде тәж жасаңыз. Ойнай жүріп, бала ақпаратты бәрінен де жақсы қабылдайды, соны пайдаланбау мүмкін емес.
7. Жаттығу шарттарын жеңілдетіңіз және көрнекілеңіз, ақпарат балаға қызықты болып көрінетіндей болсын. Аверченконың әңгімесінде Семён Панталыкин деген балаға «А» бекетінен «Б» бекетінен бағыт алған екі жүргінші туралы есеп беріледі. Болып жатқан оқиғаны қалайда көз алдына елестету үшін, ол қиялды іске қосты: «Симпсон-Криктің барлық жағалауына дүрбелең тудырған баскесер, Вильям Блокер, орман ішіндегі әзер байқалатын жалғыз аяқ жолмен бұқпантайлап келе жатқанда күн әлі талдардың ұшар басын алтын түске бояй қоймаған, ашық түсті тропикалық құстар әлі де ұяларында ұйықтап жатқан, қара аққулар австралия тұңғиығы мен жанаргүлдердің қопасынан жүзіп шыға қоймаған болатын. Ол сағатына 4 шақырым ғана жүретін, одан да тезірек жүруге, кешегі жұмбақ дұшпанының жалпақ жапырақты магнолияның діңгегінің артына тығылып тұрып атқанынан кейін ауыртқан аяғы кедергі келтірді». Неге екені белгісіз, бірақ балаларға жүргіншілерден гөрі, барлаушылардың қозғалысының мән-жайын тексеру, орман аумағының орнына шоколадтың текше метрін өлшеу және құбыржелісінің тереңдігі емес, құнды қазбаларға апаратын тоннельдің тереңдігін есептеу қызықтырақ келеді.
Фото: iStockphoto / TolikoffPhotography
8. Оқулықтағы тапсырмаларды ірі баспа әріптерімен көшіріп жазыңыз, түсініксіз есептен жарнама плакатын жасаңыз – мұндай мәтінді қабылдау балаға әлдеқайда оңайға түседі.
9. Ақпаратты көрнекті етіңіз. Санағыш таяқшалар мен оқулық материалдарын бекерге ойлап тапқан жоқ. Кітапта не туралы айтылғанын бейнелеп беріңіздер, күш алаңының сызығы бойынша бұршақтарды жайып қойыңыз, күкіртсутектің иісін бетпе-бет көрсетіңіз, балаға көпір арқылы бір минуттың ішінде поездың қалай өтетіндігін түсіндіру үшін көршілеріңізді шақырып, олармен қол ұстасып тез өтіп көрсетіңіз. Кестелер мен суреттер салыңыз, айналаңыздың бәрі ақпараттық сызбалар болсын.
Қазіргі сәтте ең бастысы, адамның логиканы түсінуі, ал тұжырымдаумен кейінірекайналысасыз.
Ғаламтордағы танымдық фильмдер сізге қашан да көмекке келеді, алайда баланы түсініксіз тақырыпта әлдене көрсетіп жатқан экранның алдына жалғыз қалдырмаңыз. Сіздің: «Міне! Көрдің бе, оны ток қалай соққанын!» деген сөзіңіз оған өте маңызды қолдау бола алады.
10. Маңызды бейнелер қолданыңыз, - деп кеңес береді отбасылық оқыту жөніндегі маман, педагог Алексей Карпов. Іс жүзінде мектептегі білім берудің әрбір саласының негізгі үлгілері бар, оларды оқи отырып, баланың пәнді түйсінуі әлдеқайда оңайырақ болады. Мысалы: глобус, сандық ось, координаттар жүйесі, атомдардың суреті, Менделеев кестесі, торлары бар тік төртбұрыш – көбейтуді түсіндіру үшін және тағы басқалар.
Фото: iStockphoto / Artfoliophoto
11. Талап етпеңдер, айтыңдар – тағы да сол Алексей Карповтың кеңесі. Доминантсептаккорд туралы әсерлі әрі қызықты етіп айтқан әке, тек сана шамшырағын жағып қана қоймай, Бахтан бастап, барлық музыкаға баланың мықты қызығушылығын оятуы да мүмкін. Сонымен бірге балалар, тіпті отбасында рөлге бөліп оқып берсең де, кітаптағы тақырыптарға қарағанда тарихты қуана тыңдайды.
12. Балаларға қолдау көрсетіңіз және қостап отырыңыз. Оқытуға қатысты мәселе көбінесе баланың психологиялық жағдайынан көрінеді: ол көңілсіз, өзінен өзі қобалжиды немесе оны қазір тәрбиелей бастайтынын және оның мүмкіндігі төмен екендігін бетіне басатындығын қамыға күтеді. Бұл логарифмдік сызықты түсінумен арпалыста жігерлендіре алатын нәрсе емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі