Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныпта оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау модулін қолдану

Егеменді еліміздің тірегі - білімді, тәрбиелі ұрпақ. Қазіргі таңда әр мұғалім сабағын жаңаша ұйымдастырып, әрдайым ізденісте болуы тиіс.Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер оқыту үрдісінде жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді талап етеді.

Үш айлық курсты аяқтағаннан кейін тізбектелген сабақтар топтамасын құрып, ондағы әрбір сабақ кезеңіне формативті (қалыптастырушы) бағалау түрін енгіздім. Баға - оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан ойлап қарасақ, оқушылар өздерінің жұмысының нәтижесін сабақтың соңында емес әр кезеңінде біліп, өзін-өзі бағалай алады. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандағы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау стратегиясы бойынша оқушылар оқытудың нақты критерилеріне және мақсаттарына сәйкес өзіне де, сондай ақ сыныптастарына да баға қоя алады. Бұл критерийлерді сабақ барысында жаттығу ретінде беруге болады; бұл жаттығу мұғалімнің оқушылардан не күтетінін айқындап, оқушыларды өздерінің жұмыстарының осы үмітке сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді. Мен өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушылары болғандықтан формативті бағалаудың тиімді әдісі ретінде бағдаршам сигналдары: жасыл сигнал= мен жақсы орындадым, сары= мен жартылай орындадым, бірақ тағы жұмыс істеу қажет және қызыл сигнал= маған көмек керек және де смайликтер, қолпаштау, ишаралар: «бас бармақты жоғары көтеру», «төмен түсіру» немесе «қимыл бағытын ауыстыратын бас бармақ т.б. түрлерін қолданамын. Осы бағалаудың түрлері оқушыға жақсы жігер береді. Өздерін сенімді ұстап, келесі сабаққа жақсы көңіл-күймен келеді. Бұл әдіс үлгерімі төмен оқушылардың да өзін-өзі бағалап, білім алуына ықпал етеді деп ойлаймын. Мұғалімнің қалыптастырған кері байланысы оқушыға өзін жетілдіруге көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін көтеруде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бастауыш сынып мұғалімдері үшін қолайлы тәсіл.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. «Бастауыш сынып» журналы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз