Бүгін Астанада Республикалық жастар форумының білім беру саласына арналған пікірталас алаңында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суxанбердиева ректорлар сайлауы туралы айтып берді.
«Мәселен, кеше Қарағанды қаласында бақылаушы кеңесінің отырысы өтті. Осы уақытқа дейін бізде ректорлардың бес сайлауы болды. Сол кезде үміткерлердің кандидатураларын жоғары оқу орнының жанындағы бақылаушы кеңестер қарады. Аталған кеңес кем дегенде екі-үш үміткерді ұсынуы қажет. Оларды құпия дауыс беру арқылы таңдайды. Сосын барлық құжаттар республикалық комиссияның қарауына жіберіледі», - дейді Э.Суxанбердиева.
Вице-министрдің айтуынша, республикалық комиссияның отырыстары Астанада өтіп тұрады. Үміткер өзі басқарғысы келетін жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасын таныстырып, бірнеше сұраққа жауап беруі тиіс. Осыдан кейін Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен республикалық комиссия өз шешімін шығарады.
«Сондықтан осы жерде отырған кез келген адам ректорлық үшін таласа алады. Әрине, ол үшін ғылыми дәреже керек. Сосын жоғары оқу орнын дамытудың стратегиялық бағдарламасын дұрыс әрі кәсіби түрде қорғай білу керек. Ол жерде бүгінгі ғылыми-теxнологиялық жаңалықтар да көрініс табуы шарт. Біз соған баса назар аударамыз», - дейді Э.Суxанбердиева.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі