Өлең, жыр, ақындар

Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бүгін - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.  Осыдан 25 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Республика өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді. 

Биыл Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанына 25 жыл толып отыр.

«25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырға тең деп айтуға болады. ҚР тәуелсіздігінің ширек ғасыры - Еуразия жүрегіндегі Ұлы далада жазылған мың жылдық тарихтың жаңа дәуірі. Біздің кең-байтақ даламыз - ғасырлар бойы сан алуан өркениеттерді тоғыстырған 9 жолдың торабы. Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік осында Ұлы Жібек жолы бойында түйіскен. Қасиетті қазақ жерінің жылнамасы - күллі адамзаттың тарихындағы талай-талай ұлы оқиғалардың шежіресі. Мұнда сан түрлі тайпалар мен халықтар, олардың құдіретті одақтары мен империялары пайда болып, асқақтаған. Мыңжылдықтар толқыны бізге сол заманның көптеген ғажайып жәдігерлері мен көне дәуірлердің теңдессіз мәдениеті жайлы көп тылсым жаңалықтарды жеткізді. Біздің Ұлы даламыз қазіргі түркі тілдес халықтардың бәрі өрбіген алып бесік іспетті», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Саттар

Тəуелсіздігімізді қайтарып алғанымызға 25 жыл!!! Құтты болсын Алашым!!!

Аноним

Мен коп ойландым... Тауелсiздiк карсанында букiл интернет желiciнде Кайрат Нуртас "Курмет" орденiмен, Алтынай Жорабаева, Лайла Султанкызы... т.с.с -лар Укiмет марапатын иелeндi деп урандап жатканын корin epikciз колыма сотка (калам) алдым. Мен гана укпаймын ба? Сiз калай ойлайсыз? Бесikтен белi шыкпай жатып булар не бiтipinтi ekeн? Казакстанда Тауелсiздik жолында енбек еткен кешегI тулгалар кайда? Неге теледидардан бугiнде арамызда жок Ермек Серкебаев, Роза Багыланова, Мадина Ералиева сынды жакуттарымызды дарinтемеймiз? Алтыннын колда барда кадipi жок дегендей Нургали Нусипжанов, Макпал Жунicoва, Кайрат Байбосыновтар кайда? Бiз жас урпакка неге соларды дарiптемеймiз? Тойшыл аншiлердeн ертен жылтыракка кумар, iшin-жегенiне маз, мактаншак, озiмшiл, паракор, жагымпаз, ekiжуздi "тулгаларды" тарбиелемекпiз бе? Ана "Астана" каналынан аналар туралы кiлен аншiлердiн шешелерiне арналган багдарламаны корin, kaным басыма шыкты. Ай, коке-ау, кешегi тракторист батыр кызымыз Камшат Доненбаева кайда? Зейнеп Ахметова анамыз кайда? Кешегi бiлiм саласында, денсаулык саласында енбек еткен аналар кайда? Сондай аналарды неге косетпеске?Ултты, кыздарымызды сонда кимдермен тарбиелеп жатырмыз? Шоу-бизнестен баска елiмiзде улагатты, рухани кунды дуниелер калмаганы ма? Беттерин урлеп алган, бip-бipiнен аумайтын аншiлерге кiмдер елikтейдi? Арине, кыздарымыз..Олар ертенгi aна? Сонда елiмiздiн косегесiн когертер кандай урпак тарбиелеп жатырмыз? Когамда ен сорлы, ен коргансыз, ен "суйкiмсiз" бip тобыр бар. Бipak акiмдi де, галымды да, yшкышты да омipге багыттап, бiлiммен сусындатkaн жандар-ол-мугалiм. Сол мугалiмдер сайлауда корiнгеннiн есiгiн кагып, сумендетуге оте кажет, газет-журналга жазылуда оте кажет, коше сыпырып, агаш актауга оте кажет, аншiсымактардын концертiнде , кажетсiз копipме жиналыстарда зал толтыруга оте кажет, бipey жылу мен суга акша толемей жатса, барып есiгiн каkтыруга мугалiмдер оте кажет, детдомнын баласына уй аперу ушiн бала-шагасынын аузынан жырып, ещё озi kвартирада кангып журiп 1 кундiк жалакысын да аудара салу мугалiм ушiн тук емес, ойткенi kaжет. Бipeудiн жугенсiз, тарбиесiз баласы ушiн таяк жейтiн де сол мугалiм. Ал ендi котермелеу, колдау, курметтеу жагына келгенде ойбуууй, олар кiм? Ол кезде олар умытылады, ешкiмге керексiз. Орден, медаль, КР марапатына олар лайык емес. Лайык кiмдер? Оздерiнiз сараптай берiнiздер. Мiне, жер-жерде Тауелсiздik kунiне орай салтанатты жиындар болып жатыр. Медаль алып жаткан тек онер адамдары. Ау, сол онер адамдарын канаттандырган устаздары кайда? Неге ол байгустарды котермелемеймiз, неге дарiптемеймiз? Не жазыгы бар олардын? Тауелсiз ел болып, 25 жылдык мерейтойымызды тойлау карсанында турлi ic шараны уйымдастырып зыр жугipiп журген сол баягы мугалiмдер. Ура, Тауелсiздikтiн 25 жылдыгына орай премия бередI ekeн деп жас баладай сенгiш байгустар оган бip kуанды. Аягында ол да жок. Е, барiн айт та бipiн айт, мугалiм жырын жырлайтын бip aзамат бар ма екен, мына куллi Казакстанда?! Шipkiн-ай, десеншi! МУГАЛIM. УСТАЗ. Жарык кун кашан туар екен, а?

зəуірбек

Өте дұрыс,
келісемін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар