Өлең, жыр, ақындар

Н.Ә.Назарбаев-тұңғыш президент

Тақырыбы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының бірінші президенті

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»

Барысы: ҚР-ның әнұранын орындау

- Біздің президентіміз кім?

- Н. Ә. Назарбаев

- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік)

1 - оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты (Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)

2 - оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)

3 - оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5 - оқушы: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6 - оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады - ау кісілік! Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік? Сол мақсатта «Менің Президентім» деген тақырыпта жазған бірнеше оқушының шығармаларын тыңдасақ. Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар?

7 - оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз. «Үшқоңыр» әнін тыңдау. Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам, Асқар тауымыз боп аман да есен жүр атам. Қазақтың бағын өзіңнен артық асырар, Болған да емес, болмайды ешкім біл, атам. Нұр атам менің намысын отқа қайраған, Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған. Алладан тілеп атаң мен анаң жылаған, Райымбек бабам басына барып сұраған. Қазақтың атын танытып әлем жұртына, Байрағын ұлттың басына шыңның байлаған, Нұр атам менің маңдайдан бағы таймаған. Ұлы едің ата - ұлтыңның туған бағы үшін, Болсам да сәби сеземін бәрін қуанам.

8 - оқушы: Елбасы үнемі Қазақстанның түкпір - түкпірін аралап, барлық обылыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты. Мұғалім: Н. Ә. Назарбаевтың жазған «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.» Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр - шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін.»

1 - оқушы: Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын, Алланың нұры, атаның рухы қолдасын. Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам, Қарт Жамбылдайын бір ғасыр өмір сүр, атам. Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын, Астана - жұмақ ұлтымның ұлы ордасын, Мейірі түсіп аталар рухы қолдасын! «Елім менің» әнін орындау.

3 - оқушы: Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

4 - оқушы: Н. Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

5 - оқушы: Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. Мұғалім: Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық,

6 - оқушы: 1998 жылы 10 - маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. (Астана туралы слайд)

7 - оқушы: 2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

8- оқушы Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1 - оқушы Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

2 - оқушы Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар.

Қорытынды. «Нұр аға» әні орындалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз