Өлең, жыр, ақындар

Топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері

Алматы облысы, Жамбыл ауданы
"Қайназар ауылындағы № 1 орта мектеп" КММ
10 сынып оқушысы: Абубакиров Хожа-Мансур
Жетекшісі: Мамыркулова Умиткул Кенжекановна   

 

Мазмұны

Аннотация

Кіріспе

І. Топырақтың биосферасы, экологиясы және морфологиялық негізгі қасиеттері

Топырақ-биосфераның негізгі құрамдас бөлігі

Топырақтың пайда болуы, топырақ экологиясы

Топырақтың құрамы, морфологиясы мен негізгі қасиеттері

ІІ. Қазақстанның топырағы

Қазақстан топырақ жамылғысымен танысу. (топырақтың картасымен жұмыс)   

Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың күңгірт қызыл қоңыр топырағы (33,2%).

Шөлді құба мен сұр топырақты аймақ (44%).

ІІІ. Топырақтың химиялық затттармен ластануы және оларды болдырмау жолдары.

Топырақтың химиялық заттары

Жазық алқапты даланың топырағы

Топырақ құнарын қалай арттырады?

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Пікір

Аннотация

«Топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері» атты жобада топырақ құнарлығының негізгі көрсеткіштеріне көңіл бөлініп, экологиялық дағдарысты реттеу мен табиғатты қорғау мәселелеріне көңіл бөлініп, арнаулы тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Сонымен қатар топырақтың климат жағдайларына байланысты ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сай топырақ құнарлығын бейімдеу ойластырылып, оны өндіріске ұсыну қарастырылған.

Аннотация

План с названием «Способы повышения и сохранения плодорности почвы». В этом проекте указаны основные показатели плодорности почвы,методы использования в условиям экологических кризисов и упорядочены проблемы защиты природы. А так же в связи с климатическими условиями почвы указаны биологические  особенности  сельскохозяйственных культур и внедрение их в  производство.

Annotation

The plan with the name "Ways of Increase and Preservation of a Plodornost of the Soil". In this project the main indicators of a plodornost of the soil, use methods in conditions of ecological crises are specified and problems of protection of the nature are ordered. And also in connection with climatic conditions of the soil biological features of crops and their introduction in production are specified.

Кіріспе

Мақсаты: Өсімдіктердің басым көпшілігінің физиологиялық жағынан өніп-өсіп, өнім беруіне ең қолайлы жағдай-ортаның бейтараптық, әлсіз сілтілік көрсеткіштері. Топырақтың химиялық заттарымен ластануы және оны  болдырмау жолдарын зерттеп, кең байтақ қазақ даласының топырағының тазалығын сақтау.

Зерттеу міндеттері: Топырақ өз құрамында өсімдіктердің фотосинтезі арқылы үлкен геологиялық айналымынан тіршілікке қажетті көміртек, сутек, азот, фосфор, калий, кальций және т.б элементтерді шоғырландырады. Бұл жер бетіндегі барлық тіршілік үшін, тіршіліктің ең жоғары туындысы – адам үшін өмір өзегі.

Өзектілігі: Қазақстантерреториясындағы барлық топырақтар-сілтілі. Сондықтан бұл топырақтың қасиетін дұрыс реттеу үшін оның табиғатын жете зерттеп білу қажеттілігі туындайды. Менің ұсынып отырған ғылыми жобамның өзектілігігі де осыған байланысты болып табылады.

Жаңалығы: 1.Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.

2. Топырақтың химиялық ластануы топыраққа тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады.1 м3 топырақ 6 кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрге тазалануының өзі мүмкін емес.

І. Топырақтың биосферасы,экологиясы және морфологиялық негізгі қасиеттері

1.1. Топырақ-биосфераның негізгі құрамдас бөлігі

Топырақ дегеніміз - түрлі климат жағдайларының (жарық, жылу, ауа, ылғалдылық) әсерінен өсімдік пен жануарлардың, ал мәдени түрге келтірілген жерлерде адамдардың да қатысуымен өңделген және өзгерген, мәдени өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамассыз ете алатын жер бетінің ең жоғарғы құнарлы қабаты.

Топырақ өз құрамында өсімдіктердің фотосинтезі арқылы үлкен геологиялық айналымнан тіршілікке қажетті көміртек, азот, фосфор, калий, кальций және т.б элементтері шоғырланған. Бұл жер бетіндегі барлық тіршілік үшін, тіршіліктің ең жоғарғы туындысы-адам үшін өмір өзегі.

«Топырақтың құнын немен теңдеуге болады»-деген сұрақ туады. Топырақтану ғылымының негізін қалаған көрнекті орыс ғалымы В.В.Докучаев (1846-1903) топырақты «алтыннан қымбат»-деп бағалаған. Кесілген ағаш, шабылған шөпті қайта қалпына келтіру үшін, бір жылдан бірнеше жылған дейін уақыт керек. Мысалы, 20м тереңдікте қамтитын топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдан 3-7 мың жылға дейін уақыт керек. Сондықтан адам шаруашылық іс-әрекетті экологиялық апаттардан сақтап, құнарлылығын жылдан-жылға арттыратын шаралар қолдану қажет.

1.2. Топырақтың пайда болуы, топырақ экологиясы

Табиғатта топырақтың түзілуі өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім әр түрлі жолдармен үгілуі мен мүжілуінің нәтижесінде түзіледі. Топырақ тау түзуші тау жыныстар әуелде қатайған тау жыныстары болғаныменоның үстіңгі қабаты табиғат күштерінің көп жылғы үздіксіз әсер етуінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналған. Бұл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің күн сәулесінің, көшпелі мұздықтардың да әсері ерекше. Үгілудің негізгі 3 түрі бар. Олар-физикалық, химиялық, және биологиялық үгілулер.

Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп-жыныстардың химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге әсер ететін негізгі күштерге: температура, жел, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады. Химиялық үгілу процесі-тау жыныстарының құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттекпен тотығуынан пайда болатын құбылыстар. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан минералды заттар түзіледі. Бұл заттар суда еру қасиеттеріне, өзіндік салмағына және жер бедерінің құрылысына қарай әр жерлерде шөгеді. Бұл екі процесс бірге жүріп отырады, әрі ғасырлар бойы толастамайды. Физикалық және химиялық үгілу өзінше топырақ түзе алмайды, өйткені топырақ түзу процесі-биологиялық процесс.

Топырақтың пайда болуына негізгі 6 фактор әсер етеді. Олар: ауа райы, топырақ түзуші тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық дәуірі мен қоғамның өндіргіш күші.

Жер бетінде алғаш пайда болатын тірі органимздер ультрабактериялар еді. Олардың тіршілікке бейімделгені соншама, олар тастада өсе бастады. Алғашқы тау жыныстарында бактериялардан басқа саңырауқұлақта өсті. Бұлардан кейін тау жыныстарында мүк пен қына өсе бастады. Сондықтан алғашқы тірі  жәндіктер сумен, желмен және мұзбен бірге тау қыртыстарын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап, қарашірік түзді. Қарашірік желімді болғандықтан, үгітілген жыныстарды біріктіріп, құнарлылығы аздау алғашқы топырақтарды түзеді. Осындай құнарлылығы аз топырақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туады. Сөйтіп ғасырлар өткен сайын алғашқы топырақ жетіліп, шын мәніндегі құнарлы топыраққа айналады.

Ауа райының топырақ түзудегі рөлізор. Шындығында, климатқа ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температурасының ыстық-суығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік өседі, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекеттерінен әр түрлі топырақтар түзіледі.

Топырақ түзуші тау жыныстарының түзілген  топыраққа аз емес. Түзілген топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері, әсіресе шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғалдың аздығына қарай тау жынысына әсері аз болады да, оның құрамына күрделі өзгеріс енгізе қоймайды.

Топырақ түзуге жер бедерінің де әсері үлкен. Жер бедерінің әр түрлілігіне қарай ылғал мен қоректік заттар түрліше болып келеді. Тегіс жерлерде ауадан түскен ылғалды жақсы сіңіреді, ал жер беті тегіс емес беткейлі, дөңес жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, ойпатты жерге су жиналады.Жер бедерінің топырақ түзудегі тағы бір әсері-беткейлерде күн сәулесі аз, оңтүстік беткейлерде мол түседі. Бұл жағдайлар әр қилы жер бедеріне әр түрлі топырақтың түзілуіне әсер етеді.

Топырақ түзуге геологиялық жас аймақтың топырағы да жас, жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтарда топырақта ескі болады. Мысалы, кең байтақ көршілес елдердің солтүстік жағында жаңа топырақ түзіліп жатса, оңтүстігінде көне дәуірден келе жатқан топырақ дамиды. Себебі оның теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған, ал оңтүстікте бұған бірнеше дәуірлер өтті. Тіпті оңтүстік аймақтардың көп жерлерін мұз баспаған, сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму процесі ертеде басталған.

Топырақ түзу процестерінде адамзат қоғамының да тигізетін әсері орасан зор. Адамзат қоғамы өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде топырақты қолдан суарып немесе құрғатып, өңдеп табиғи даму процестерінде көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі топырақты пайдалы қасиеттерін жақсартуға, құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесі. Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы  топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.

Суармалы алқаптар да жерді суару мен өңдеу кезінде жіберілген қателіктердің салдарынан құрамында тұз көп емес топырақтың екінші рет сорлану процестері басталып немесе батпақтанып, егістікке жарамай қалған жағдайлары аз емес. Ал кей жерлерде механикалық құрамы жеңіл топырақтар жер жыртқанда жел эрозиясына ұшыраған.

Негізінде топырақты өңдеу, химияландыру жұмыстары жердің құнарлылығын арттыруға бағыттауға тиіс. Ол үшін әрбір аймақтағы топырақтың қасиеттері мен құрамын, экологиясын, ерекшелігін жете білу керек.

1.3. Топырақтың құрамы, морфологиясы мен негізгі қасиеттері

Топырақтың негізгі үш фазадан тұрады. Олар: топырақтың қатты фазасы, топырақтың ауасы және ылғалдылығы. Соңғы жылдары көрнекті топырақ зерттеушісі профессор А.А.Роде төртінші фаза ретінде топырақты тірі фазасын ұсынды.

Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болғандықтан, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Топырақ ылғалдылығы әр жерде әр қилы. Жалпы топырақтағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

1. Химиялық байланысқан су - топырақ минералдарының химиялық құрамына кіретін, өте тығыз байланысқан түскен су.

2. Бу күйіндегі су - топырақ кеуектерінде судың әр түрлі температурада булануынан болатын су.

3. Гидроскопиялық су - топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйіндегі су. Оның өсімдіктерге пайдасы жоқ.

Гидроскопиялық су топырақпен тығыз байланысқан, өйткені 100°С-тан астам температураға дейін қыздырған кезде ғана буға айналады.

4. Қылтүтік суы. Топырақтың қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжып жүретін су. Оны өсімдіктер оңай сіңіре алады.

5. Гравитациялық су - өз салмағы мен топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабаттарына жылжитын су. Сондықтан өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды. Сондықтанол жер асты суының қорына қосылды.

6. Жер асты ыза су - топырақты көбінесе топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлі терең қабатына, әдетте, су өткізбейтін жиналатын су. Топырақ қабатынан көп тереңдікте жатады, топыраққа және өсімдікке еш әсерін тигізбейді. Топырақ суын ең таза су деп түсінбеу керек. Олардың құрамында әртүрлі ерітінділер арқылы ғана сіңіреді. Сондықтан топырақ суы оның құнарлылығының негізгі бір шарты.

Топырақ ауасы. Топырақ-қопсыған кеуек дене, сондықтан оның құрамында барлық уақытта азды-көпті ауа болады. Топырақтағы ауаның мөлшері ылғалдылығына, тығыздығына, өнделу жағдайларына механикалық құрамына, онда өсетін өсімдіктерге және т.б жағдайларына байланысты. Топырақта су неғұрлым көп болса, сонда соғұрлым ауа мөлшері аз болады. Себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырып жібереді. Топырақ көптеген микроорганизмдердің, жәндіктердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, органикалық заттарды ыдыратып, ауаға ұшырады. Соның нәтижесінде топырақ ауасының құрамы атмосферадағы ауаға қарағанда өзгеше болады. Мысалы, топырақ ауасындағы көмірқышқыл мөлшері 0,15-1,65% шамасында. Ал атмосферадағы мөлшері небары 0,03%. Топырақ ауасы топырақ құнарлылығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Топырақтың механикалық құрамы. Топырақтың механикалық құрамы деп әр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктің көлемінің әртүрлілігіне қарай топырақтың механикалық құрамы түрліше болады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым ауыр ауыр балшықты болып келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырақтар жеңілдеу, құмдық не құмды болады. Егер топырақпен майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер келсе, мұндай топырақтар құм балшықты деп саналады. Топырақ майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратындықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығы милиметрмен есептеледі. Топырақтың механикалық құрамы топырақ түзуде, оны ауыл шаруашылығы мен басқа да мақсаттарға пайдаланғанда зор рөл атқарады. Топырақтың кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, қоректік заттарды жинау мүмкіндігі оның механикалық құрамымен тығыз байланысты.

Топырақтың органикалық бөлігі. Топыраққа жыл сайын түсетін өсімдіктер мен өлі жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, топырақтағы микроорганизмдер әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ыдырайды. Екіншіден, осы организмдердің қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, тұрақты органикалық зат-топырақ шіріндісі (лакмус) пайда болады. Негізгі бөлігі-қарашіріксіз топырақ болмайды. Қарашірікте қажетті азот, фосфор, калий және т.б топырақтың құнарлылығын да арттыра түседі.

Топырақтың морфологиясы. Топырақтың пайда болуы процесіне өзіне тән белгілі морфологиялық құрылымы, пішін түзіледі. Топырақ осы құрылымына қарай өзі түзілген тау жыныстарынан, сондай-ақ бір-бірінен жақсы ажыратылады. Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық құрамын зерттеген кезде, тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырақтану ғылымының негізін салушы В.В.Докчаев қолданды. Ол топырақты негізгі еш қабатқа бөлген. Олар, бірінші қабат А-қарашірікке бай, топырақтың құнарлы қабаты; екінші өтпелі қабаты В-түсі ашықтау, бірте-бірте тау жынысына айналады; үшінші қабат С-топырақ түзуші түп негіз тау жыныс қабаты. Топырақ қабаттарын бөлудің бұл жүйесі әлі күнге дейін сақталып келеді, А1, А2, В1, В2, С1, С2 -деп белгілейді. Топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде оның түсі негізгі орынды алады, өйткені ол түстеріне қарай айтылады. Топырақ түсіне құрамындағы қарашіріктің мөлшері қатты әсер етеді. Бұлардан басқа топырақтың морфологиясына оның құрылымы кеуектігі құрамындағы әртүрлі тұздар, механикалық құрамы, өсімдік тамырларының таралымы енеді.

Топырақтың негізгі қасиеттері. Топырақтың құнарлылығы, қоректік заттармен, сумен қамтамссыз-оның ең басты және негізгі қасиеттері. Бұл оның табиғатта айрықша зат екендігін көрсетеді.

Топырақтың жұту және сіңіру қасиеті. Топырақтың сіңіру қасиеті деп-оның өз ішіндегі кейбір ерітінділердің қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдер мен басқа кейбір заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін айтады. Сіңіру бірнеше түрге бөлінеді. Олар: механикалық, физикалық, физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық. Механикалық сіңіру қасиеті-топырақтың сумен немесе желмен келген әр түрлі заттарды кеуектерінде ұстап қалуы. Физикалық сіңіру қасиеті-топырақтың бөлшектерінің беткі қабатының топырақтағы кейбір ерітінді молекулаларды бойына сіңіру (абсорбция). Физикалық-химиялық сіңіру қасиеті-топырақтың қатты фазасындағы иондардың тең мөлшерде алмасуы. Химиялық сіңіру қасиеті-топырақтың кейбір иондарды сіңіру арқылы суда ерімейтін немесе өте аз еритін қосылыстар түзу процесі. Биологиялық сіңіру қасиеті-топырақтың кейбір бөлігі арқылы (микроорганизмдер мен тамырлар) әр түрлі заттарды сіңіруі.

Топырақ қарашірікке бай және механикалық құрамы ауырлау балшықты болса, оның сіңіру соғұрлым сапалы әрі мол болады.Топырақтың сіңіру қасиетінің маңызы өте зор. Сіңірілген заттардың ішінде өсімдікке қажетті азот, фосфор, калий, кальцийлермен қатар басқа да микроэлеметтер кездеседі.

Топырақ  ортасының реакциясы. Әр түрлі топырақ ортасының реакциясы әр түрлі болып келеді. Топырақтың ортасының реакциясы топырақ ерітіндісіне бос күйінде кездесетін сутек иондарының концентранциясы арқылы (сутектік көрсеткіш-рН) анықталады. Әр түрлі топырақ қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға дейін болады. рН көрсеткіші 3-6,5 болса, қышқыл топырақ; 6,5-7,5 болса, бейтарап; ал одан жоғары болса, сілтіленге топырақ деп аталады. Топырақтың ортасының реакциясы-топырақ қасиеттеріне, ондағы өсетін факторлардың бірі.

Топырақтың ауа-су режимі.  Топырақ құнарлылығы мен онда процемтерге физикалық қасиеттерге тікелей байланысты. Топырақта қоректік зат жеткілікті болып, су немесе ауа жетіспесе, өсімдіктер нашар өседі, ал кейде тіршілігі тоқтап қалады. Топырақта ауа-судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне байланысты. Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді.Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектіліне тікелей байланысты. Құрылымы жақсы топырақтарға су оңай сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақта сумен қатар, жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Топырақтың суды өзіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін топырақтың су сыйымдылығы деп аталады. Топырақтың су сыйымдылығы оның кеуектілігімен қатар механикалық құрамы, қарашірік мөлшері әсер етеді.

Топырақтың су мен жел әсерінен бүліну себептері және оны болдырмау жолдары. Антропогендік факторлар Табиғаттың әр түрлі факторлары топырақұа түрліше әсер етеді. Қатты жауған жаңбыр, қардың еруі, желдің қатты соғуы тау жыныстарын да, топыраққа да күшті әсер етеді.

Денудация дегеніміз - қатты тау жыныстарының бұзылып, мүжілу нәтижесінде пайда болған борпылдақ заттардың жылжуы мен шөгуі. Бұл құбылыс қазір топырақ эрозиясы деп аталып жүр.

Эрозия дегеніміз - атмосфералық сулардың тау жыныстары мен топырақты жуып шаюы. Эрозияның өзі екі түрлі болады. Олар: Су эрозиясы және Жер эрозиясы. Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе топырақ құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты соғатын желдерінің әсері мен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды. Ал эрозия қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары мүлдем жойылып кетеді. Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор. Мысалы: Жел эрозиясына орташа ұшыраған 1 га егістік  600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калий жоғалтады екен.

ІІ.  Қазақстанның топырағы 

2.1. Қазақстан топырақ  жамылғысымен  танысу. (топырақтың картасымен жұмыс)

1. Кескін картаға топырақтың географиялық аймақтарын, аймақшаларын топырақтың типтері мен тип тармақтарына бөліп картаға түсіру.

Қазақстан жер қоры  - 275,5 млн га Қазақстанның кең байтақ топырағы үш географиялық белдемге бөлінеді.

2. Орманды дала және далалы аймақтың қара топырағы (9,4%). Астық өндіретін алқап. Бұл үш аймақша бөлінеді.

3. Сілтіленген қара топырақ пен орманның сұр топырақты аймақша (0,15%)-ылғал мол, егістікке жақсы игерілген.

4. Құнарлы қара топырақты аймақша (4,3%)-қоңыр салқын құрғақ дала. Жиі құрғақшылық болып тұрады, жауын-шашын аз түседі. Топырақтағы суарусыз егін өсіріледі.

5. Оңтүстік қара топырақты аймақша (5%)-құрғақ дала, мұнда егіншілік дамыған.

2.2.Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың күңгірт қызыл қоңыр топырағы (33,2%).

Егіншілік үшін және мал шаруашылығында пайдаланылады. Бұл үш аймақшаға бөлінеді.

1. Күңгірт қара қоңыр топырақты аймақша (10,2%)-құрғақ дала. Мұнда суарылмайтын астық егіледі.

2. Орташа қызыл топырақты аймақша (9%). Мұнда да суарылмайтын егін егіледі. Алынатын өнім мөлшері ауа райына байланысты.

3. Ашық қызыл қоңыр топырақты (14%) аймақша-өте құрғақ шөл дала (жартылай шөл дала), негізінен, мал шаруашылығы дамыған. Суарылмайтын егін егіледі, құрғақшылық жиі болғандықтан егін өнімі тұрақсыз келеді.

2.3. Шөлді құба мен сұр топырақты аймақ (44%).

Бұл екі аймақшаға бөлінеді. 1. Құба топырақты аймақша (21%)-негізінен, жусанды сор шөптер өсетін шабындық. Мал жайылымына қолайлы. Егінді тек суармалы жағдайда ғана өсіруге болады.

2. Сұр құба топырақты аймақша (23%)-мал шаруашылығы дамыған орташа шөлді жерлер. Негізінен жусанды сор шөптер өседі. Егінді тек суармалы жағдайда өсіруге болады. Қазіргі уақытта суармалы егістік Сырдария, Іле және Шу өзендерінің бойларында орналасқан.

Биік таулы өлкелерді табиғат жағдайлары жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы өлкенің ауа райы да, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі де өзгеше. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайынанық білініп көзге түседі. Топырақтың тік белдеулік аймағы Солтүстік Тянь-Шаньның Орталық бөлігі-Іле Алатауында анық көрінеді.

ІІІ.Топырақтың химиялық затттармен ластануы  және оларды болдырмау   жолдары.

3.1.Топырақтың  химиялық  заттары

Топырақтың химиялық затттармен ластануы топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады. 1м³ топырақта 6кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрде тазалауының өзі мүмкін емес. Қорғасын, сынап, кадмий,  хлор, органикалық заттар, песицидтер мен басқа да адам өміріне қауіпті заттардың көбісі өсімдітерден және жануарлар шаруашылығында түрлі арам шөптер мен жәндіктерге қарсы гербицидтер мен пестицидтердің шамадан тыс қолдануылынан топырақ химиялық заттармен ластанады.

Дүние жүзінде ауыл шаруашылығында қолданылатын агрохимиялық заттардың 1/3-ге жуық  мөлшері топырақтан жуылып өзендерге, көлдерге, теңіздерге түседі. Бұл заттардың құрамындағы фосфор қосылыстары көк жасыл балдырлардың гүлдеуіне және органикалық заттардың жиналуына себепші болады. Мұның өзі сол жердің батпаққа айналуына апарып соғады. Сонымен қатар суға түскен улы химиялық заттар теңіз жануарларына да әсерін тигізеді. Мұның өзі теңіздегі бағалы балықтардың жойылуына апарып соғады.

Ауыл шаруашылығында үлы химиялық заттардың шамадан тыс қолдану адам денсаулығына зиянды заттардың топырақта жиналуына себепші болады. Ірі өнеркәсіптердің айналасындағы топырақта адам денсаулығын зиянды қорғасын, сынап, фтор, марганец және т.б заттардың өте көп мөлшерде кездесетіні анықталған. Топырақ түрлі зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын ДДТ-мен (дихлордифенилтрихлорэтан) ластанған. Бұл зат судың, желдің әсеріне төзімді, сондықтан топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. Кейінгі кезде бұл химиялық затты қолдануға тыйым салынған.

Хлорорганикалық пестицидтер жоғары температура әсеріне өте төзімді, суда мүлде ерімейді. Сондықтан азық-түлік құрамындағы пестицидтерді жою өте қиын, тіпті кейде мүмкін емес. Қазіргі кезде қолданып жүрген пестицидтердің ең қауіптілеріне севин, цирам, ТМТД (тетраметилтиурамдисульфид) жатады. Оларға жоғары температураға өте төзімді. ТМТД-мен және цираммен ластанған азық-түліктерді тағамға пайдалануға болмайды.

3.2. Жазық алқапты даланың топырағы

 Ауданы 235млн.га Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдері кездеседі:

• Республиканың  қиыр солтүстігін орманды дала белдемі алып жатыр. Негізінен бұл Батыс Сібір ойпатында орналасқандықтан жер беті жазық, ойпатты. Сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негізінен жаздық бидай егіледі. Қалған жерлерін  орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың.га.

 • Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемі жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн.га, оның 15 млн.га-сы жыртылған жерлер, негізінен астық дақылдары егіледі. Топырақты белдем солтүстңктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлінеді: кәдімгі қара топырақты белдем батыстан шығысқа созылып жатыр. Ені 100-140 км-дей. Аумағы 11,8 млн.га . Жер беті жазық, топырағы құнарлы, негізінен астықдақылдары егіліп, етті-сүтті мал өсіреді; оңтүстіктік қара топырақты белдем аралығы кәдімгі қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап, батыстан шығысқа созылып жатыр. Ені 50-125 км-дей. Аумағы 13,9 млн.га. Жер беті жазық, топырағы құнарлы. Бұл негізінен ылғал жеткілікті, дәнді-дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбір 7-9 жылда бір-екі рет қайталанады.

 • Республиканың оңтүстік бөлігіндегі шөлді белдемге дейінгі орталық аймақты құрғақ далалы және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5% млн-га , яғни республика жерінің 33%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 белдем аралығына бөлінеді: күңгірт қара-қоңыр  топырақты белдем аралығы-қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егіннен тұрақты өнім алынбайды. Топырақтағы қарашірік әрбір 3-4 жылда бір қайталанып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемі оларды пайдаланудың тиімсіздігіннен, бұрынғы 10 млн.га-дан 3-4 млн.га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақты белдемның алып жатқан аумағы 22,4 млн.га. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірік мөлшері 2-3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бір рет қайталанады, сондықтан суарылатын егістікпен айналысу тиімсіз, ал суару үшін тұрақты су көздері жоқ. Тың игеру кезіндегі асыра сілтеушілікпен бұл белдем аралығындағы астық үшін игерілен 4-5 млн.га жерге соңғы 10-12 жылда егіс егілмейтін болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егілетін жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсіріледі; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы-өте қуаңшөл (шөлейт) дала, негізінен мал шаруашылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн.га.

• Шөл дала белдемінің аумағы 119,4 млн.га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2белдем аралығы өтеді: қоңыр топырақты белдем аралығы-шөлді аймақ, оның жуаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн.га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120-150мм. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірік мөлшері небары 1-1,5%; сұр қоңыр тоырақты белдем аралығы-шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн.га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80-130мм. Топырақтағы қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған.

3.3. Топырақ құнарын қалай арттырады?

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласандағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру. Себебі қуаңшылық пен экологиялық зардаптар және климаттың өзгеруі қуаңшылыққа соқтырып отыр. Топырақтың құнарын толықтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен. Мысалы, біздің облыстың топырағының құрамында калий көп болғанмен,  фосфордың тапшылығы өнімнің шығымын азайтуда. Ал еліміздің фосфордың қоры жағынан әлемде бесінші орынды иеленеді. 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, техника ғылымының докторы, профессор Исатай Нұрлыбаев пен Жер ресурстары басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаев фосфор қоңыр көмірді араластыру арқылы алынатын кешенді тыңайтқышты біздің облысымызда да өндіруге болатынын айтады. Демек, қолда бар байлықты ұтымды пайдалана білсек, аграрлық секторда тәуір пайда түсіруге болады. Сонымен .....

Фосфор және көмір

Сексенінші жылдары Қандыағаш қаласының маңындағы Шилісай кен орнында бүкілодақтық комсомол-жастарының екпінді құрылысына айналған өндіріс жұмыс істеді. Жылына 3 млн тонна фосфорит ұнтағын шығаратын комбинат өнімі Ресейдің өзге өңірлерімен қатар Қиыр Шығыс, Сібірге дейін жеткізілетін. Алайда сексенінші жылдардың орта тұсында түрлі қиындықтарға байланысты зауыт жұмысын тоқтатты. Өткен жылы ғана «Темір сервис» кәсіпорны шаруашылықты қайта қолға алды. Жылына 200 мың тонна тыңайтқыш шығаруға мүмкіндігі бар өндірістің өнімі негізінен егін шаруашылығында қолданады.

Фосфорит ұнтағының кез келген ауыл шаруашылық өнімнің өсуіне ерекше әсер ететін көпшілік жақсы біледі. Мәселен, Исатай Нұрлыбаевтың айтуынша, егер осы ұнтаққа қоңыр көмірді араластырса, олардың қосындысы органоминералды кешенді тыңайтқыш шығады екен. Өйткені көмірдің құрамындағы гуминді қосылыстар фосфоритті ерітіп, оның топыраққа жақсы сіңуіне әсер етеді. Әрі егістік алқап 5-6 жылға дейін өз құнарын жоймайды. Қоректік зат бидайдың шығымы мен сапасын жақсартса, картоптың крахмалын көбейтеді. Фосфорит ұнтағы ылғалды жақсы сақтайтын болғандықтан, қуаңшылық жылдары да тиімді екен. Ауыл шаруашылығы тәжірибесі станциясында жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, 1ц жаздық бидай дақылы көктемдегі егіс кезінде тыңайтқышсыз 20,6мм ылғал жұмсаған. Ал фосфор тыңайтқышын пайдаланғанда 17,9мм ғана ылғалды қажет еткен. Бұған қоса кәдімгі аммофос тыңайтқышының 40% жердің үстіңгі жұмбақ қабатында дұрыс ерімейтін болса, фосфориттің бір ерекшелігі, толығымен еріп кетеді.  

Қазіргі Жамбыл облысы Қаратау кен орнында осындай тыңайтқыш өндіріледі. Бірақ ол Қазақстанның барлық сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Егер, осы өнімді өзіміздің аймақтан шығаруды қолға алсақ, экономикамызға қай жағынан да тиімді болары сөзсіз. Облыста оған қажетті шикізат көзі жетерлік. Биылғы жылы тыңайтқышты тәжірибеден өткізіп көрмеппіз. Егер, жоба ойдағыдай жүзеге асса, оны жасап шығарудың жолдары қарастырылады. Тіпті, бұл Жамбылдан шығатын өнімнен тәуір болуы мүмкін. Өйткені Қаратаудағы фосфорит өнімдері жанартаулардың жарылуынан пайда болғандықтан, тас сияқты қатты. Ал біздің облысымыздағы өнім бұрынғы мұхит түбінің шөгіндісі, сондықтан топырақта жақсы сіңеді, әрі оны алуда оңайға түседі.

Облысымызда қоңыр көмірдің де қоры мол. Іргеліде көмірдің бұл түрі Қарғалы ауданының Қызылқайың ауылында өндірілетін. Алайда, қызуы жоқ, тез жанып кететіндіктен жұртшылықтың сұранысына ие болмады. Исатай Нұрлыбаев егер тәжірибе оң нәтижені көрсетсе, болашақ тыңайтқыш өндіретін кәсіпорынды осы өңірден ашудың тиімді екенін алға тартады. Мысалы, шет елде шаруалардың қол жетімділігі үшін  тыңайтқыш шығаратын зауыттарға мемлекет тарапынан арнайы қаржылай көмек көрсетіледі екен. Бұл өз кезегіндегі елдің азық-түлік мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы, фосфордың мол қоры біздің өңір мен Жамбыл облысында ғана бар. Алайда бұл аймақтағы бір зауыт сұранысты өтей алмайды. Тыңайтқыштың басым бөлігі Ресейден әкелінеді. Демек, қолда бар байлықты кәдеге жарата алмай шет елге қыруар қаржы жұмсап, өзге жұрттың шаруасын жүргізіп отырамыз.

Тыңайтқышты тиімді пайдалансақ ....

Ауыл шаруашылық өнімнің шығымы мен сапасы нәрлі топыраққа байланысты. Ал топырақты құнарландырудың тиімді жолы-минералды және органикалық тыңайтқыштарды пвйдалану. Дегенмен елімізде бұл жұмыстар әлі де бір ізге қойылмаған. Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаевтың айтуыншы: біріншіден, тыңайтқыштар ешқандай жүйесіз қолданылса, екіншіден, топырақтың құнарлылығы ескерілмейді.

Ауыл шаруашылық өнімін, оның ішінде астықты мол алу үшін жерді пайдаланудың теориялық мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникаларды дұрыс пайдаланбау жер қыртысын бүлдіріп, астықтың сапасын нашарлатып, шығымын төмендетеді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған бидайдың тәуір өсетіні анық.

Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы аудандарындағы егіс алқаптарының белгілі бір бөлігіннен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, топырақтың 75%-да қарашірік көлемінің өте төмен екені анықталды. Осы орайда шаруалар ескеретін бір жәйт, тұқым себер алдында жерге агрохимиялық картограмма жасалу керек. Яғни, топырақтың құрамындағы фосфор, азот, калий секілді минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау керек. Олардыың көлемі мөлшерден асып немесе кем болмағаны жөн. Мәселен, шет елде егістік алқаптың көлемі кіші болғанмен, түсім мол, әрі сапалы. Біз гектарынан 10ц-ден өнім алсақ, қуанамыз, ал олар торырақтың табиғи қалпын сақтаудың арқасында 30-40ц-ден алады. Биыл елімізде 24 млн.га жерге егін егілмек. Қоректік заттарды тиімді пайдалансақ, 10 млн.га жерден елімізді жерден де, елімізді түгел қамтамассыз ететін астық жинауға болады,-дейді Тілекқабыл Ермекбаев.  Мысалы, өткен жылы облыста 321т аммиак селитрасын, 90т аммофос және 36т кәдімгі суперфосфат алуға квота бөлініпті. Биылда бұл жұмыстардың жалғасын табатыны анық.

Сабанның пайдасы

Астықты орғаннан кейін сабан қалдыру-органиканы жинақтаудың тиімді әдісі. Тілекқабыл Ермекбаев сабанның құнарын арттыратын өте құнды тыңайтқыш екенін айтады. Мәселен, азот, фосфор, калий және органикалық заттарды түзу жағынан астық тұқымдастарының 1т сабаны  ылғалдылығына 75% көңнің 2-3т-на сәйкес келеді екен. Яғни, топыраққа араластырылған 1т көң орта есеппен 55-56 келі қарашірікке түзсе, 1т сабан 170-190 келі жинайды. Демек, бұл тапсырмайтын органикалық тыңайтқыш екенін көрсетеді.

-"Қазіргі техника сабанды ұнтақтап жіберетіндіктен, алқапта жабынды пайда болады. Бұл ылғалды жақсы сақтап қалуға мүмкіндік береді

 

Қорытынды

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласындағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру.Себебі қуаңшылықтың экологиялық зардаптары климаттың антропогендік пен өзгеруі болып отыр. Топырақтың құнарын тодтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен.

Мәселен, ҚР-ның топырағының құрамында калий көп болғанымен, фосфордың тапшылығы мәдени дақылдардың өнімі кемуде. Ал еліміздің фосфордың қоры жағынан әлемде бесінші орынды иеленеді. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін, оның ішінде астықты мол алу үшін жерді пайдаланудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аудару керек.

Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникалық шараларды тиімді пайдалана білмеу нәтижесінде жер құртысы бүлініп, астықтың сапасы нашарлап, шығымы төмендейді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, жүгері, тары, т.б) өнімі мен сапасы жоғары және тұрақты болатыны белгілі. Астықты орғаннан кейін сабан қалдыру-органиканы жинақтаудың тиімді әдісі болып табылады. Тілекқабыл Нұрғалиұлы сабанның топырақ құнарын арттыратын фактор тыңайтқыш екенін айтады. Мәселен, фосфор, азот, ылғалдылығы 75% калий және органикалық заттарды түзу жағынан астық тұқымдастарының 1т сабаны көңнің 2-3т сәйкес келеді екен. Яғни, топыраққа араластырылған 1 т көң орта есеппен 55-56кг қарашірік түзсе, 1т сабан 170-190 кг жинайтыны агықталған. Демек, бұл істелген сабанның таптырмайтын органикалық тыңайтқыш екенін көрсетеді.

Қазіргі техника сабанды ұнтақтап жіберетіндіктен, алқапта  жабынды пайда болады. Бұл ылғалды жақсы сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан ауыл саласының  мамандары осыған аса мән берген жөн. Бірақ осындай органикалық тыңайтқыштарды міндетті түрде минералды тыңайтқыштармен толықтырғанда өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Аталған шаралар топырақ экологиясын жақсартудың негізгі бағыты, ал іс жүзінде ауыспалы егіс, егіншілік жүйелерін реттеу, топырақтағы қоректік заттардың есептеп отыру және т.б мәселелер кешенді талаптарды қажет етеді.

Жұмысқа пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Ө.О.Оспанов, Е.Жамалбеков«Құнарлыжер – құттымекен» Алматы 1983 ж
2. Қ.Сыбанбеков «Жасыл әлем  сырлары» Алматы, «Рауан» 1990 ж
3. А.А.Шибанов,М.И.Щербаков,Г.В. Устименко  «Основы  агротехники  полевых  культур» Москва 1990 ж
4. А.С.Шілдебаев «Экология» Алматы 2005 ж
5. Джангалиев А.Д., Коцейко А.Н., Левина М.П. Сорта плодовых и ягодных культур Казахстана. –Алматы: Кайнар, 1968
6. Колесников В.А. (ред.). Частное плодоводство. –М.: Колос, 1979
7. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Ж. Плодовые и ягодные культуры. –Алматы: Кайнар, 1997
8. Тарасов В.М. (ред.) и др. Практикум по плодоводству. –М.: Колос, 1981
9. Шитт П.Г. Избранные труды. –М.: Колос, 1972
10. Марков В.М. Овощеводство. – М.: Колос, 1974.
11. Балашев Н.Н., Земан Г.О. Овощеводство. – Ташкент: Укитувчи, 1981.
12. Зуев В.И., Абдуллаев Ф.Г. Овощеводство защищенного грунта. – Ташкент: Укитувчи, 13. Матвеев В.П., Рубцов М.И. Овощеводство. – М.: Колос, 1985.
14. Юсупов М.З., Петров Е.П. Овощеводство. – Алма-Ата, 1989.
15. Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С. Овощеводство Казахстана. – Алматы, 2000.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Гггггггг

Рахмет .комектестиниздер

нагашбек Шұға

Өте жақсы! МАған көмегі тиді Рахмет

нагашбек Шұға

Маған көмегі тиді.Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар