Өлең, жыр, ақындар

Туған жерім - Жаңақорған

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Аудандық балалармен мəдени-тəрбиелік жұмыстар орталығы
"Ақындар мектебі" үйірмесінің оқушысы
Жұмабекқызы Гүлназ
Үйірме жетекшісі: Зиятова Сайра Мухановна

 

Жаңарған Жаңақорған - менің елім,
Аңсайды барлық адам туған жерін
Аңсаймын сен де аңсайсың жер жəннəтін,
Жаңарып келе жатыр менің елім.

Туғанына қуанады осында ер,
Өйткені Жаңақорған керемет жер
Құлпырып, əсемденіп, жер жаңарып,
Көркейіп, алға қарай ұмтыла бер.

Адырбек Сопыбеков айқан атам,
Жаңарған Жаңақорған менің бабам
Өшпестей із қалдырды бізге атамыз,
Шыңдалып оның ізін жалғастырам.

Мен үшін жер жəннəті - Жаңақорған,
Бұл жерге қыдыр қонып, бақ дарыған
Көкендей көрегеннің ұрпағы боп,
Осындай туып өскен жерде дархан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Нази

Керемет,қаламыңыз ұштана берсін

гулназ

рахмет Нази.Сенің де өлеңдеріңді жақында осы жерден көреміз деп үміттенем!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз