Білім беру технологиялары секторы (Edutech) соңғы жылдары көп талқыланған тақырыптар арасында орын алып келеді, себебі кең таралып келе жатқан «цифровизация» мен білім алу қолжетімділігінің арта бастауы, сонымен бірге қашықтан оқу шынтуайтында оқытушымен оқылатын сабақтардың орнын алмастыра алмайтыны туралы пікірталастар қосымша сұрақтар туындатып отыр.
Не десек те, бұл нарықтың өте күрделі екендігін мойындау керек: мұндай стартаптардан пайда табу қиынға соғатынын, олардың негізін қалаушылардың түрлі әкімшілік кедергілермен бетпе-бет келіп жатқанын, сондай-ақ, мұндай стартапты бастап кету үшін нақты бір саланың ғана емес, бірнеше білім саласының маманы болу керектігін де есепке алған жөн. Яғни қандай пән бойынша білім берілетіні былай тұрсын, оған қоса адам миының сан қырлы ерекшеліктерін, соның ішінде оны білім алуға итермелейтін және бұл үрдісті жеңілдететін факторлар да бар екенін естен шығармау керек.
Әлемдік нарық
Education International деректеріне сүйенсек, бүгінгі әлемдік білім беру нарығы шамамен $5 триллионға тепе-тең келеді екен. Оған қоса, бұл көрсеткіш келесі бірнеше жыл ішінде $6-7 триллионға дейін өсуі де ықтимал. Оның ішінде e-learning нарығының үлесі шамамен $165 миллиардты (жалпы нарықтың тек 3% ғана), ал 2020 жылға дейін небары $240 миллиардты құрайды екен.
Білім беру стартаптарының кеңінен тарала бастауы 2012 жылы басталған еді. Венчурлік инвестицияларды тарту арқылы бүгінгі күні аталған саланың ірі ойыншыларына айналған Coursera, Udemy мен Udacity болған еді. 2015 жылы LinkedIn білім беру курстарының порталы Lynda-ны $1,5 миллиардқа сатып алғанда, сондай-ақ, кәсіби біліктілікті арттыруға арналған Pluralsight платформасының капитализациясы $1 миллиардқа жеткенде, бұл нарықтың қарқынды серпілісі басталып кетті дегендер де болатын. Дәл осы кезде аталған секторға құйылған инвестициялар көлемі өзінің шырқау шыңына жеткен еді, атап айтсақ, 2015 жылы жалпы есеппен алғанда 300 компанияға $2,2 миллиардтан аса қаржы құйылған болатын.
Ал 2016 жылы осы саладағы инвесторлар түңілетіндей жағдай орын алды – нарықтың өсу қарқынына негізделген үміттерінің орнына Coursera сияқты ірі ойыншылардың өз бизнес-модельдерін өзгертулеріне әкелген үрдіс бастылап кетті. Инвестициялар азайып, 2013 жылғы көрсеткіштерге (шамамен 240 компания), ал қаржыландыру көлемі 2014 жылғы көрсеткішке (~$1,5 миллиард) қайта оралды.
Education&Training секторына құйылған инвестициялардың көлемі мен саны
Бұл аталған сектордағы дамудың тежелгендегінің көрсеткіші ме, әлде пессимистік көңіл-күйге әлі тым ерте ме?
Миллиондар қайда құйылып жатыр
Алдымен сектордағы үрдістерге, қаражаттың қайда құйылып жатқанына және мұның қайда әкеле жатқанына біраз тоқталып кетсек. Инвестицияның басым бөлігі қайтарымның ең ауқымды көрсеткіштеріне ие салаларға бөлінуде. Сондықтан білім беру технологияларының қаржыландырылу жағынан ең ауқымды сегменттері мен дамудың трендтік (келешегі бар) сегменттерін, яғни future of edtech сегментін бөліп қарастыру қажет.
Hackeducation порталының деректеріне сәйкес 2016 жылы ең қарқынды дамыған секторлар қатарында (инвестицияланған компаниялар мен инвестициялардың жалпы сомасы бойынша) келесілер болған.
2016 жылы ең көп инвестиция құйылған Edtech салалары
Енді әрбіреуіне жеке-жеке тоқтала кетейік. Бағдарламалау қабілетінің ХХІ ғасырда кең сұранысқа ие болуы нәтижесінде осы саладағы курстар да кеңінен таралып отыр. Сонымен бірге бағдарламалау курстарының сандық түрден тыс өткізілуі мүлдем мүмкін болмағандықтан, соңғы кездері бағдарламалау негіздеріне үйрететін Codecademy онлайн-платформасы мен ІТ-мамандықтарға үйрететін Galvanize онлайн-платформасы сияқты ресурстардың қарқынды даму үрдісі орын алуда.
Репетиторлық және тестілеуге дайындық та пайда көзі ретінде кең таралған сегмент болғандықтан, инвесторлардың бұл секторға кіруі сұрақ туғызбайды.
АҚШ-та бұл үрдіс осыдан екі жыл бұрын орын ала бастаса, биыл аталған үрдіске Қытай мен Үндістан да қосылғанын айта кету керек. Бұл елдерде қазіргі таңда білім беру технологияларының қарқынды серпілісі орын алуда – edtech саласындағы Byju's, iTutor Group, 17zuoye, Zuoyebang сияқты көптеген компаниялар соңғы жылдары ондаған және жүздеген миллион долларлық инвестия тартты.
Барлық адамзат баласына тегін білім беру тезисіне және ашық қолжетімділіктегі контент көлемінің артуына қарамастан, ақылы және шын мәнінде сапалы болып келетін білім ақысы күннен күнге қымбаттап барады. Ашылған бетте ақысыз болған edX пен Coursera сияқты платформалар да венчурлік қорлардан келіп түсетін қаржыландырудың азаюы нәтижесінде пайда табу мен тиімді бизнес-модельдерді қолдануға ауысты. Сондықтан осы сегменттің жаңадан дамып келе жатқан тағы бір моделі ретінде Affirm ресурсының несиелік білім беруін, яғни онлайн-сатып алуларды несиелеу қызметін атауға болады.
Дегенмен, инвесторлар білім беру сегментіндегі бизнес-модельдерді ауыстыру және жаңа модельдерді ойлап табу арқылы пайда табудың жаңа көздерін іздеп бағуда. Осындай стандартты емес жобалардың бірі ретінде MasterClass жобасын атауға болады. Оның аясында өз ісінің нағыз шебері болып танылған жұлдыздардан сабақ алу, мысалы, актерлік шеберлігіңізді шыңдау үшін Кевин Спейсимен, ал теннистегі жетістіктеріңізді Серена Уильямспен жаттығу арқылы жетілдіру қызметі ұсынылады.
Алайда 2016 жылғы ірі инвестициялық жетістіктер жоғарыда аталмаған сегменттерде орын алыпты. Атап айтсақ, Age of Learning мен оның 2-8 жас аралығындағы балаларға арналған оқыту ойындарын шығаратын ABCmouse флагмандық жобасына $150 миллион, HotChalk-тың LMS-платформасына $100 миллион инвестиция құйылыпты. Мұны, өз кезегінде, edtech саласындағы жобалардың сан алуандылығының, екіншіден, инвесторлардың әлі де болса тың жобалар іздеуінің көрсеткіші ретінде қабылдауға болады.
Трендтер мен келешегінен зор үміт күттіретін бағыттар ішінде алдағы 3-5 жылда үлкен табысқа ие болу мүмкіндігі барлары келесілер.
Біріншіден, digital education бағытымен байланысты негізгі үміт көзі білім беруді дербестендіру мен бейімді оқыту болып табылады. Дәстүрлі білім беру институттарының негізгі проблемасы олардың негізінде аз уақыт аралығында неғұрлым көп адам санын үйретуге бағытталған әмбебап әдістеменің болуы. Нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі аталған әдістемеге толыққанды сай келмегендіктен, әрбір жеке адамның білім алу үрдісі ұтымды бола алмайды.
Сандық технологиялардың міндеті әрбір адамның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталып алынған алгоритмдердің, тиісті контенттің көмегімен оны тиімді түрде оқытып шығару болып табылады. Қазіргі таңда білім беру нарығындағы ірі стартап-жобалар дербестендіруге көшу қажеттілігі туралы айтып келеді, алайда осы сегменттің Knewton сияқты алдыңғы қатарлы компаниясы ұсынған жоғары оқу орындарына арналған арнайы оқу платформасы (инвестициялардың жалпы көлемі $150 миллионнан астам) осы сегменттің болашағын айқындап бергендей болды.
Екіншіден, білім беру инструментариінің кеңеюі де орын алуда. Бұған интерактивті оқулықтар мен заманауи медиақұралдар (планшеттер, экрандар және т.б.) ғана емес, сонымен бірге толықтырылған және виртуалды шынайылық технологиялары да кіреді.
Қолдану салалары да кең болғандықтан, компаниялар күрделі хирургиялық оталардан бастап, келіссіөздер жүргізуге арналған қабілеттерді жетілдіруге бағытталған виртуалды тренажерларға дейін бәрін қолданып көруге дайын.
Осылайша, инвесторлардың білім беру секторына деген қызығушылықтары уақыт өте келе одан әрі арта түсуде. Әрине, білім беру саласындағы компаниялардың жаппай ашылу үрдісі басталған кезде аз уақыт аралығында ашылып, кейін жабылған компаниялар да болды.
Алайда стартаптардың басым бөлігі жұмыс бағыттарын біршама ауыстырып, тығырықтан шықты, ал жабылған стартаптардың орнына болашағынан үміт күттіретін бағыттарға, соның ішінде дербес оқытуға және бастауыш сынып оқушыларын инновациялық оқу әдістері негізінде оқытуға бағытталған жаңалары келді. Білім беру сегментінің болашағы да осы компаниялардың қолында екені айтпаса да мәлім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі