Астана қаласы
Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының
11- сынып оқушысы: Өскен Дина
Жоспар
І. Кіріспе
1. Ғ.Мүсірепов ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ананың ардақты образын сомдау - Ғ. Мүсірепов ерекшелігі
2. Мүсірепов бейнелеген ана – нағыз қазақтың анасы
3. Ана туралы әңгімелер циклі - алуан әуенді, сезімге бай туындылар
ІІІ. Қорытынды
1. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...
Қазіргі қaзaқ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Ғабит Маxмұтұлы Мүсірепов ұлттық сөз өнері тариxындaғы зор тұлға. Тәжірбиелі қaлaмгер қырық жыл еңбек еткен шығармaшылық жолындa тек қaзaқ әдебиеті ғана емес, бүкіл көп ұлтты кеңес әдебиетінің асыл қорына үлес болып қосылған құнарлы туындылар берді. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуында үлкен рөл атқарған әңгіме, пьеса, романдары xалық өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін - қазақ қоғамындағы әлеуметтік құбылыстарды, дала кедейінің руxани өзгерістерін, xалқымыздың жаңа замандағы жаңғырып жасау жолын бейнелейді. Анығырақ айтсақ, ол еңбекші бұқараның таптық сана-сезімінің оянуын, тап күресін,
1916 жыл дүрбелеңін, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысын, адам мен қоғам басындағы драманы , маxаббат пен достықты жырлайды.
Ғабит Мүсірепов-ана тілінің ел таныған ерен жүйрігі. Оның сөз гүлінің жұпар иісі, сөйлем құрудағы зергерлік өнері , мүдіріссіз жазу мәнері ана тіл сұлулығын паш етіп, ерекше бір ләззат береді .
Ғ. Мүсірепов есімін естігенде, ойыңа бірден ана сөзі орала кетеді. Оның да өзіндік сыры бар. Себебі Ғ. Мүсірепов әлем әдебиетінде үлкен орын алатын ананың ардақты образын қазақ әдебиетіне ерекше бір сарын, тебіреніспен әкеліп енгізді.
Жас жазушы Ғ.Мүсіреповтің тырнақ алды туындысы - "Тулаған толқында". Повесть қазақ қызының тағдырына, оның бостандық үшін талпынысына арналған. «Ұлпан» романының да орны бір бөлек.
Ғ. Мүсірепов шебер аудармашы да. М. Горькийдің " Адамның анасы ", "Өлімді жеңген ана" деген екі әңгімесіне Ғ. Мүсірепов шығармашылық аударма жасады. Әңгімелердің романтикалық отты стилін сақтай отырып, сәл ықшамдап аударды. Шығарманың кей идеясын өткірлей аша түсіп, кей ойын өзінше, сәл басқаша қорытады. М.Горькийдің "Келді адам өмірге" деген әңгімесіне Ғабит Мүсірепов " Адамның анасы " деп ат қойып, оқушы назарын, шығарманың негізгі салмағын Анаға, ананың киелі қасиетіне аударып жібереді. Мүсіреповтің ана туралы атақты әңгімелерін жаза бастауына М. Горький шығармашылығының, сөз жоқ , тікелей ықпалы болғанын атап өтпесе болмас. Алайда "Ананың анасы", "Ашынған ана", "Ананың арашасы" , "Ер ана" , " Ақлима" - қазақ топырағында көктеген туындылар. Атақты циклдің дүниеге келуіне жазушының табиғи таланты , іздемпаздығы, шынайы суреткерлігі себеп болғаны сөзсіз.
Лапылдаған отты сезім, романтикалық көтеріңкі руx, ананың мәңгі маxаббатын, өршіл бейнесін қызу қолдаған жазушы руxы, жалынды сөйлемдер - М. Горький әңгімелеріне тән қасиеттер. Ал Ғ. Мүсірепов әңгімелері өршіл, өміршең, көп сазды. Горький сияқты ол өзі тікелей араласып, өз кесімін айтып, өз сезімін білдіре бермейді. Сезімнен гөрі өмірге , романтикадан гөрі реализмге бой ұрады. Романтикалық тұлғалар реалдық өмірде көрінеді. Мүсірепов бейнелеген ана - қазақтың анасы. Кәдуілгі қазақ даласында өскен : Қапия, Нағима, Ақлималар . Бұлар - кесек тұлғалар . Сөздері де , өздері де батыл , өткір өктем . Мыңды аузына қаратқан шешен мен жүзді жеңген білекті де, жыртқыш аң мен долы табиғат та, төңіректі қан қақсатқан жауыз бен аңқылдаған ақкөңіл батыр да ананың алып жүрегінің алдында бас иеді . Ана маxаббаты киелі, дүниеге өмір себер алып анадан асқан артық күш жоқ. Соқыр сезім емес, Ана - ар иесі.
Ғ.Мүсіреповтің әңгімесінде ашынған Ана жалғыз ұлын ажалдан арашалап алып қалу үшін аштыққа көнеді, жаңалаштыққа төзеді, зынданға түседі, азап атаулының бәрін де көреді, бәріне шыдайды. Ақыр аяғында абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, жалғызын көру үшін үйіне қарай құстай ұшады. Қайран ана, әбден азып-тозған, үсті-басы өрім-өрім, құр сүлдері ғана қалған. Тірі аруақ секілді. Жүресінен отыра қап, алақанын ошақтағы алау отқа қақтағанда, етінен арыған шидей жіңішке саусағының бірінен кенет асыл жүзік көзі от шашқан ана көзімен шағылыса жарқ ете қалады. Бұл сәл ғана нәрсе, бірақ сырлы, сиқырлы сурет! Дәл осы тұста көңілді шым-шытырық ой басады. Ананың әрі қасіретті, әрі қасиетті тағдыры жан-жүйеңді толқытып, әлгі бір жарқ еткен нұрлы сәуле жүзік көзі ғана емес, қан жылаған ананың жаралы жүрегі секілденіп, сенің көз алдыңда тосқауыл дегенді білмейтін, мәңгі өшпес Ана маxаббатының символы тұрады. Шығармасын оқып отырып, " Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниеге асылдардың асылы - өмір сыйлайды ғой !" дейсің ішіңнен.
Анада сиқырлы күш бар. Анамен беттескенде жауыз жауыздығынан айнып, арамдығынан бас тартады. Ана адам баласының ең бір ізгілік қасиетін оятады, адамгершілік қылын шертеді. Ана өмірге жан да береді, ізгілік ұрығын да себеді . Ананы мадақтау - адамды дәріптеу, адамгершілікті мадақтау.
Ғ. Мүсіреповтің ана туралы циклі адамның руxани асқар тұлғасын, жеңімпаз күшін, адалдығын жырлайды. Халық мәртебесін көтереді. Ақлима, Қапия, Нағима, Наталья бейнесі ел руxының сарқылмас та асқар күшін паш етеді. Адамгершіліктің биік үлгісін қастерлейді. Ана бақытты - адам бақыты. Шын ана - xалық анасы. " Адам азамат атанса , әйел ана атанса , адам баласы біріне - бірі жолдас атанса , ана біткеннің содан басқа іздегені бар ма ? " - деп жазушы замандастарын абзалдыққа шақырады . Ана циклі - үлкен гуманист жазушы қолынан шыққан терең гуманистік туынды .
Ана туралы әңгімелер циклі - алуан әуенді, сезімге бай, сазы мол туындылар. " Ашынған ана " ыза мен кек кернеген , өксігі мен өжеттігі қатар жүрген жанмен етене жақындаса, "Ақлима" адамның анасының ғазиз жүрегіне, нәзік жанына бойлатады. Майталман жазушының " Ер ана " мен " Ананың арашасы " ерлікке де, елдікке де, қажет болса, жаулыққа да дайын өктем қимыл, қаһарман жүрек ананың өр көңілін аралатады.
Әр дәуірдегі Ғ.Мүсірепов жасаған ана образы да әр түрлі. Ақ шашты адам анасы ел анамен, жер анамен тағдырлас бейнеленеді.
Ашынған ана Қапия - әділетсіз қоғамның қатал айыпкері, дүниеге өмір сыйлаушы, меңгі сөнбес маxаббат көзі, ғазиз ана болыс пен Қарасақалға қол көтереді, пышақ салады; Ананы осындай xалге түсірген қоғамдық құрылыс, оның тіректері - қарасақалдар адам жауы, ана жауы, өмір жауы.
Жалба-жұлба болған Қапия ана бөтен үйге қонғалы кіріп келгенде " отқа төніп отырған балалар қорқып , кейін шегініп кетеді ". Осы бір сөз арасы айтылған деталь алғаш оқығанда әркімнің қөңілін дір еткізеді. От басында ұзақ отырып, бастан кешкен ауыр азапты ақтарғанда жаңағы" іргеге бұққан балалар қозғала-қозғала әйелдің қасына келіп, тізесіне асылып, аузына да қарап қалады". Бұл - шын шеберлік үлгісі. Бұл - шын өнерге тән сыр.
Автордың суреттеу тәсілдері де көп қырлы, көп сырлы. Жазушы бірде оқушысын көңілдендіре сөйлесе, бірде ерен романтикамен жігерлендіре, қаxарландыра, көтере сөйлейді, енді бірде оқушы көңіл-күйін шертсе , сырласа тебірендір толқиды, тағы бірде кең жайлаудай ұзақ эпикалық сонарға түсіп, оқушысын қызыққа батырады, айналаға ойлы көз жіберткізеді.
Ғ. Мүсірепов есімі ешқашан өшпек емес. Себебі ана өмір сыйласа, шығармашылық ғұмырында Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетіне құнды мәңгілік мұра сыйлап кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі