Атышулы 67 мектепте ата-аналар ұстаздарды қолдады
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы Астанадағы нөмірі 67 гимназияда ерекше өтті. Білім ошағының алдына жиналған бір топ ата-ана ұстаздарды қолдап, мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етті. "Ақша жинаудан шаршадық" - дегендер басшы орнынан кетпесе, балаларымызды сабаққа жібермейміз деп отыр. Ал директор Әлфия Мұсаеваның өзі сырқаттанып қалған көрінеді.
Астанадағы нөмірі 67 мектеп директорының жұмыстан кетуін енді ата-аналар талап ете бастады. Бүгін гимназия алдына жиналған наразы топ, мектеп басшысы Әлфия Мұсаеваны "заңсыздықтарға жол берді" - деп айыптаған ұстаздарды қолдайтындықтарын айтты. Ата-аналар да білім ошағының түрлі нәрсені сылтауратып ақша жината беретіні бәрімізді шаршатты дейді...
РИНА АМАНБЕКҚЫЗЫ, Астана қаласының тұрғыны:
- Біз суға да, сабынға да туалетный бумагаға да жинаймыз. Бәрін бала үшін істедік осы күнге дейін. Біздің мұғаімдер қорыққаннан үндемей отырады. Бірақ шындығында ақша жинағанбыз.
Ата-аналар мектептегі заңсыздықтарды мұғалімдер ашық айта бастағаннан кейін біз де тыныш отыра алмадық деп отыр. Және Әлфия Мұсаева дүйсенбіге дейін қызметінен кетпесе, балаларымызды сабаққа жіберуден бас тартамыз деген талаптары да бар. Ұстаздар да өткендегі айқай-шудан кейін мектептен маза кеткенін айтады. Прокуратура мұғалімдерді шақыртып түсінік алуды бастаған. Ал, директор Әлфия Мұсаева жанжалдан кейін науқастанып, демалысқа кеткен көрінеді...
МАҒЗИЯ БАЗАРБЕКОВА, Астана қ. №67 мектеп-гимназиясының мұғалімі:
- Өткен жолғы жиналыстан кейін директор жұмысқа келген жоқ, Бізге больничныйда деп айтты. Жұмыс істеу қиын Психолигиялық тұрғыдан. Балалардың мазасы кетіп тұр. Барлық күшімді жинап беріп шығамын.
Ұжым да, оқушылар мен ата-аналар да қиналып жатқанда мектеп директорының қайда жүргенінен министрлік те хабарсыз болып шықты. Ұстаздардың ашық хатымен танысқан вице-министр бұл дау туралы жарытып ештеңе айта алмады...
ЭЛЬМИРА СҰХБАНБЕРДИЕВА, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- Бүгін білім басқармасының басшысымен сөйлестім, 67 мектеп туралы. Олар өздері шешіп, баяндайды. әзірге ештеңе айтпады.
Ал ұстаздардың айтуынша, білім басқармасы арыздары бойынша мектепте ешқандай тексерісті бастамапты. Шенеуніктердің ешқандай шара қолданбай, тыныш отыруы күдік ұялатады дейді ұстаздар. Мұғалімдер де, ата аналар да оқу жылы аяқталғанша директор орнын босатып, айқай шу аяқталса деп қана тілейді.
Дереккөз: 31-арна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі