Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-ші сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту енгізілді.
Қазіргі заманғы ғылым шет тілін үйрету 6-7 жастағы балалар миының дамуын ынталандыратынын дәлелдеп отыр. Шет елдік лингвист ғалымдардың зерттеулері бойынша 6-7 жас шет тілін үйрену үшін ең қолайлы, себебі осы жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері бойынша тілдерді қабылдау ең жоғарғы деңгейде болады.
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік алады. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. 6-7 жастағы балаларға нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алу мүмкіндігіне ие.
Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. Балалар 10-12 жасқа дейін ойнайды. Балалар мектепті ұнатады, бірақ балалардың сабаққа деген қызығушылығын ойын элементтері, мұғаліммен қарым-қатынас арттырады. Ойын арқылы балалар шет тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді.
6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол. Жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар мұғалімнің 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн. Бастауыш сынып оқушылары қимылсыз ұзақ отыра алмайды, тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, жаттығулар өткізген жөн немесе жұмыстың түрін өзгерту қажет.
Шетел тілінен сабақ берудің деңгейін сапалық жағынан жетілдіру жөніндегі міндет үнемі шетел тілін үйретудің неғұрлым тиімді жолдарын іздестіруді талап етеді.
Қимыл-қозғалысқа бағытталған тәсіл бастауыш сыныпта оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқушыларға жаңа сөздерді үйрену барысында,бекіту кезеңінде немесе тексеру уақытында да қимыл-қозғалысты пайдаландыру олардың тек тыңдап немесe оқып есте сақтауынан да нәтижелірек-сезініп есте сақтауларына жағдай туғызады. Қимыл-қозғалысқа негізделген әндер айтқызып, ән тармақтарындағы қимылдарды жасату оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, оларды табиғи шетел тілі атмосферасына енгізеді. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс жасау барысында да нақты қимыл арқылы көрсетуге, ал нақты қимылдармен көрсете алмайтын сөздерге ым-ишаралар қолдануға болады. Мысалы swim, fly, clap секілді сөздер қимыл арқылы тез жатталады және келесі сабақтарда қимылды көрсете отырып оқушылардан сөздерді сұрауға болады. Мысалы: интернеттен онлайн жүйесінде «Нappy song», «Bingo» т.с.с. әндерді бейнеге қарап тұрып орындаса, оқушылар сергіп, қызығушылықтары оянады.Бір жағынан, тілдері жаттығады, екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.
Фонетикалық ойындар.
Мақсаты: Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгеруге үйрету.
Фонетикалық ойындарға:
- Есту қабілетін дамытуға арналаған ойындар мен жаттығулар(ағылшын тілінің дыьбыстарын дұрыс қабылдау үшін қажетті);
- Дұрыс интонациялау дағдысын қалыптастыруға арналған ойын тәсілдері жатады. Мысалы
“Аралар” ойыны
Құрал-жабдықтар:ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ арасының суреті.
Ойын барысы: Мұғалім екі араны таныстырады. Ағылшын арасы [∂] деп, (тілімізді тістеп «з» деп айту) ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ] деп ызылдайды. Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр.(кезек-кезек [∂],[ʒ] деп айту)
“Story”
Белгілі бір дыбысқа арналған кез келген сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады. Әңгімеде сол дыбысқа арналған сөздер кездессе, балаларға оны карточкадан көрсетіп, олар оны хормен айтады.
Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің (Rabbit) өзінің (rope) мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.(road) бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең (rain) жаумаса, біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер еді!
“Is it true or not?” ойыны
Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып, “Is it true or not?” деген сұрақ қояды. Ойыншы допты қағып алып “Yes,it’s true”немесе “No,it’s not true” деп жауап береді. Сосын сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады
Ертегі арқылы үйрету әдісі.
Бұрынғы өткен заманда, Rex деген кішкентай ит өмір сүрді. Бір кезде ол орманға шығып адасып кетті. Бір уақытта ол шөптің арасынан шығып келе жатқан жыланның дыбысын естіді 0-0-0. Rex қорыққанынан жүгіре кетті, аяқ астынан оны біреу қатты тістеп алды. Ол шыбын болды. Денесінің ауырғанынан Rex r-r-r деді. Төбесінен ызылдаған дыбыс естілді dz, ол ұшып бара жатқан араны көріп, қуыстың арасына тығылып, сол жерде ұйықтап қалды. Түнде w-w-w- деген дыбыстан оянып кетті, ол филиннің қанат қағысы екен. Rex қаша жөнелді, оның демі қатты болды hhh. Бірақ жолды оған пысылдаған пойыз бөгеді t-d-t-d. Rex поезға секіріп мініп үйіне кетті.
Ертеде тіл өмір сүрді
Терезесі жоқ үйшікте.
Аз-аздан сөйлейтін.
Таңертең жаттығу жасайды – [t] [d] [n].
Өзінің төсегін жинайды,
Тісін ысады , жуады,
Есікті айқара ашады [p-w],
Ол қыдырып келуге шықты,
Таза ауамен демалуға [h].
Тіл қыдырып жүргенде,
Тез арада тоңып қалды
Тілінің шетін тістеп дірілдеді,
Азғантай жүгіріп,
Сол кезде ол жылынады
Шусыз дыбыс естілді.
Қараңғы үйде тұру тілді шаршатты
Төбеде терезе жасауды шешті.
Тілінің шетін көтерді
Төбені соға бастады [t] – [d].
Бір кезде біздің досымыз
Орманға қыдыруға шықты
Соқпақ бойымен адымдады [t] – [t] –[t],
Сергек ән айтты: [la:] – [ la:] – [la:].
Кенеттен алдынан қасқыр шықты: [u:], [u:],
Айтар-айтпаста тілшік үндемей қалды.
Бірақ, ойлама балақай
Зәресі кетті деп
Біздің тілшік ержүрек,
Даңқты жігіт – батыл.
Ол аздап шегінді,
Қастары көңілсіз қабағын түйді,
Қайырылды, тік тұрды,
Өте қорқынышты ырылдай бастады: [r] – [r],
Қасқыр қорқып, қашып кетті.
[R] – деп айтты тілшік.
Жымиды [i:], керілді [R:],
Ұшын төбеге көтерді
Әндетті: [la:] – [la:] – [la:].
"Ойлан, тап" ойыны. Мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс құруға үйрету.Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаны екіге бөледі. Әрбір топқа әріптері түсіп қалған сөздер беріледі. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, қалып қойған әріпті қойып сөзді толық оқиды.
Мысалы: c..t, a..d, a..m, p..n, r..d, c..r, s..t, r..n, t..n, o..d, l..g, t..a, h..n, h..r, h..s, f..x, e..g, e..t, b..d (cat, and, arm, pen, red, car, sit, ran, ten, old, tea, leg, hen, her, his, fox, egg, eat, bed).
"Think and write" ойыны. Мақсаты: Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету. Ойын барысы: Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы: schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.
Бұл лексикалық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың сөздік
қорларын тексеріп, олардың сөздерді дұрыс оқу және жазу дағдыларын
дамытуына мүмкіндік береміз.
Бастапқы сатыда ағылшын тілінің дыбыстарын оқушыларға үйрету барысында келесідей жаттығуларды қолдану оқушылардың фонетикалық дағдыларын дамытып, дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге мүмкіндік береді.
[u]
A cook has a good look in a cookery book.
[a:]
1. Are these pass marks?
2. Cars can’t be passed here after dark.
4. Mark has a smart car.
[ai]
1. White kite, white kite, up the sky.
2. What can you see there ,flying so high?
3. Fly, fly, little fly, to the sky.
4. Mike likes to ride a bike.
5. Kate, take a plate.
6. What is white?
Snow is white.
It is white
Even at night.
7.Good night, good night,
My little child.
Get up gay and bright
In the morning light.
Американ ғалымы және философы Дейль Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін үйрету керек. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап, сондай-ақ оқушының тілге деген бейімділігі, қызығушылығы болуы керек.
Солтаншаривқызы Айтаңсық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі