Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «Білімді тұлға яғни білім – білікпен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды, және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындауы тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектеп не үшін оқу керек?»-деген мән-мәтін аясында өрістелуі тиіс. Білім беру жүйесіндегі инновациялардың саны мол екені белгілі. Бірақ шын мәніндегі инновация дегеніміз - мұғалімнің «Бәрін білуші» ақпарат мәлімет беру қызметі емес, оның орны оқушының әрқайсысы жеке басы даму ерекшеліктерін танып, олардың барлығының да танымдық шығармашылығын шабытын оятып, сол бағытта жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра жүргізе алатын қызметі алдыңғы орынға қойылған оқыту үдерісін айтамыз. Білім берудің мазмұнын жаңарту деген, ең бастысы, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерінің, орта білім берудің барлық моделін, мазмұны мен құрылымын қайта қарастыруы, оқушылардың жетістіктерінің бағалауына жаңа бағалау жүйесін енгізу. Білім берудің мазмұнын жаңарту нәтижесінде оқушы әр сабақта өзі білім «табушы» болып, белсенді қызметімен сипатталатын болады. Бұл жағдайда оқушы-өз білім алуының обьектісі, мұғалім-оқушының танымдық қызметінің ұйымдастырушысы.
Осы курсты оқыған кезінде жаңа стандарт талаптарына сәйкес оқушының білмді қолдана білуіне, шығармашыл және сын тұрсынан ойлауына үнемі оқып үйренуіне, кез келген қауымдастықта тіл табыса білуі, зерттеу және АКТ дағдылары, өзгелер мен бірлесе отырып, тату және жеке жұмыс істей білу, туындаған мәселелер мен міндеттерді жауапты шеше білуі қарастырады.
Қазақ тілі пәнін оқытуды тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әркеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, постерлермен жұмыс істеу, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, сахналық қойылым дайындау, белсенді әдестерді қолдану барысында, оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Қазақ тілін пәнін оқытуда оқушылар жас ерекшеліктері мен психологиялық жай–күйі ескеріледі.
«Қазақ тілін оқытуда қандай жаңалықтар пайда болды?»-десек, түрлі оқыту стратегияларды кіріктіре отырып, оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік және сөйлеу жағдаяттары мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру. Оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету, сын тұрғынан ойлау дағдыларын дамыту, жеке және жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімдікпен қолдану және ақпараттық–коммуникациялық технологияларды орнымен қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығн үнемі арттырып отыруды қамту.
«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылыды. Кретиериалды бағалау оқушылардың танымдық оқу-танымдық қабілеттері қалыптастыруға көмектесетін және мақсаттарңа сәйкес нақты анықталған, ұжымдасып жасалған үдеріске қатысушалардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) барлығына алдын ала белгілі критерийлермен бірге оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыстастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалауда білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау. Жиынтық бағалау оқу тоқсаныңның соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін анықтайтын бағалау.
Критериалды бағалау мұғлімдер мен оқушылар және ата-аналарға да тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін – сапалы нәтижеге әкелетін критерилер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға, оқушалар үшін табысқа жетелейтін, бағалау критерилерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп, түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын айтуға, өзінің білімін көрсетуге, ата-аналар үшін - оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуға мүмкіндік туғызады.
Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушаларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім - болашақтың кепілі.
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтас ауылы
"Ж.Ақбай отындағы ЖББОМ" КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бесбаев Дулат Кеңесбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі