Ақмола облысы, Бурабай ауданы
№9 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Уалиева Гульнар Мейрамбекқызы
Ғылыми-әдістемелік әзірлеме
«Оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту»
Мазмұны:
I. Кіріспе
Оқытудың тиімділігі арқылы білім ортасын құру
(Түйінді мәселенің көкейтестілігі).
II. Аналитикалық бөлім
Әдістемелік-теориялық алғышарттар
III. Практикалық бөлім
1. Оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту
2. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып, шынайы бағалауға төселдіру
IV. Қорытынды
Нәтижеге бағытталған білім
V. Пайдаланылған әдебиеттер
VІ. Әдістемелік нұсқау
I. Кіріспе
Оқытудың тиімділігі – тұлғаға бағдарлануында
(Түйінді мәселенің көкейтестілігі)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру және әрбір адамға өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек делінген. Қазіргі қоғам өзінің іс–әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақ-тастық, түсіністік, сыйластыққа негізделуі оқушының ізденушілігін дамыту - қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар - білім беруді жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жаңа технологияларды іс-жүзіне енгізу өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл-ой қабілеті бар адамды қажет етеді. Мемлекеттің дамуына – ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің рөлі орасан зор. Осы орайда өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем, сабағымда тек білім беруді ойластырып қоймай, балалардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырамын. Шәкірттерімнің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін. Оқушымен жақсы қарым-қатынаста, түсінушілік жағын есте ұстаймын. Менің балаға деген ықыласым, оқушының өз ісіне деген сенімін оятады.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен. Олай болса, қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат–мұраты. Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастырамын. Сондықтан менің де бастауыш сынып мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым - оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни сыни ойлау дағдыларын дамыту.
II. Аналитикалық бөлім
Әдістемелік-теориялық алғышарттар
«Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал». [Джон Дьюи, 2000]
Әлемдегі педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтар бізге жат емес. Өзіндік іс-тәжірибемде алдыма қойған мақсатқа жету үшін, оқушыны қызықтыратын, оның жеке тұлғалық қабілетін арттырып, шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға пайдасы тиетін ең тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруды көздедім. Ең тиімдісін таңдағанда, басты назарда ұстағаным - оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы мақсатына жетуі. Қазіргі таңда мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Алыс және жақын шетелдік ғалымдар мен педагогтардың жаңашыл ізденістерімен танысып, білім беру технологияларының элементтерін өзіндік іс-тәжірибемде қолданып жүрмін. Солардың ішінде оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына, тұлғаның жан-жақты жалпы дамуына бағытталған Л.В Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы». Сонымен қатар жеке тұлғаның іскерлік, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етіп, мұғалім мен оқушының ортақ нәтижелі табыстарына жетелейтін жеті модульдерді әр сабағымда жүзеге асырып келемін. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Мектепте оқытуды ұйымдастыру сабақтар өткізу арқылы жүргізілсе, ол сабақты әрине жақсы дәрежеде көрсететін жаңа әдіс - тәсілдер болмақ. Оқудың дамуы барысында мұғалім қолдауының түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. Мұғалімнің оқушы жетістігіне деген жылы ықыласы да қолдаудың бір түрі болып табылады. Ал бұл жағдайлар іс-әрекеттер негізінде өзі-өзі реттеудің алғашқы қадамында тұрған оқушылар үшін өте қажет. Бала бойындағы ашылмай тұнып жатқан шығармашылық қабілеттерін дамытуда, олардың білімге деген қызығушылықтарын одан әрі жетілдіріп, сабақты толықтай меңгеруін қамтамасыз ету әр мұғалімнің қажырлы еңбегі мен шексіз ізденісін қажет етеді.
III. Практикалық бөлім
1.Оқушылардың бірлескен іс- әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Жалпы практикалық зерттеу жұмысымен айналысу кезеңінде жеті модульдің бірі — сыни тұрғысынан ойлау модульін таңдадым. Неге сыни ойлау табысты тіршілік әрекеті болып табылады? Себебі, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан СТО бағдарламасы қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын. Сыни тұрғысынан ойлау модульін мектепте қолдану маңызды рөл атқарады. Сыни тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау модельі көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттің ішіндегі мыңдаған кластардағы шынай және ұзақ елеулі өзгерістің қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни ойлау мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 44-бет) Ал сыни тұрғыдан ойлау сынып үшін маңыздылығы қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады. Оқушылардың бойында бақылау, талдау, интерпретация, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады, ізденушілік қабілеті артады, өзара талдайды, ынтымақтасқан түрде жұмыс жасай біледі, оқуға деген ынтасы артады. Мұғалімдердің және келешекте оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту көзқарасында өз пәнін оқыту жолдары, әдістері мен нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталған курс ретінде қолға алынып отыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты стратегияларды үйретуге қарағанда, стратегиялардың сабағымызда қойылған мәселені нәтижелі шешу қажеттілігі. Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір — біріне түсіндіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 47-бет) Оқыту жұмысы кезінде мұғалім алдына проблема қойып, оны шешудің мақсаты мен міндетін белгілейді. Сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымын жасап және қай сатыда қандай әдістерді қолдану тиімділігін ойлана отырып жоспар жасайды. Қызығушылықты ояту сатысы оқушыларды қалай қызықтыруға болады деген сұраққа жауап беретіндей жоспар құрады. Мағынаны тану сатысы оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материалдар жинақтайды. Ой толғаныс жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік алады. Мұғалімдер сабақтан кейін оқушылармен болған мәселелер мен сұрақтарды немесе сабақ жүйесінде кездесуі мүмкін болатын қиындықтарды анықтау үшін жиналады. Тынымсыз ізденіс, зерттеу, іс-әрекет өз нәтижесін бере бастайды. Үздіксіз әрекет, үзбей бірлесе оқу, ойлану, іздену, даму жақсы нәтиже береді. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс стратегиясы төмендегі әрекеттерді орындауға әрекеттейді.
- Ой әрекетін белсенді ету;
- Талқылауға қатысу;
- Идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
- Ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;
- Жеке өзгерісті жігерлендіру;
- Алдын-ала қалыптасқан сенімдерге жаңа мәлімет тәрізді ой жүгірту;
- Түрлі пікірлерге құрметпен жауап қайыру;
- Өздерінің сұрақтарын қою;.
- Өз пікірлерін құрастырып білдіру;
- Сыни тұрғысынан және икемді ойлау;
(С.Мерсейтова. «Оқыту ізденіс ретінде» )
Өз сыныбымен сабақ барысында мына мақсатпен жұмыс жасадым. Сыни ойлаудың қандай түрлерін қолдануға болады? Сыни ойлау - өзідік ойлау. Сыни ойлау–сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мысалы, «Венн диаграммасы» әдісін пайдалану кезінде салыстырып отырған құбылыстың ортақ және жеке ерекшелігін анықтап, белгілеп берді. Өтілген тақырып бойынша білімін өзектендірді. Топ ішінде өз ойларын айтып, сыни тұрғыда талдатады.
№1 сурет
«Ассоциация» әдісін пайдаланғанда сызбаны көрнекілікпен көрсете отырып білімдерін ұсынды. Берілген тапсырма бойынша өзара түйіндеме жасай білді. «БҮҮ» сызба әдісі бойынша жұмыс жасағанда бұрынғы білімін жаңа білім-мен ұштастыра алды. Мәтінді өз бетінше түсіну процесін басқара алды. Мәтіндегі проблемаларға сұрақ қоя білді. Жауабын белгілеп, өзара тұжырым жасады. Мысалы, 1-сыныпта дүниетанудан жаңа сабақ бастамас бұрын әр топқа тұқымның пайда болу жолын жазуды тапсырдым. Әр топ осы тапсыр-маға сыни ойлай отырып, дайындалу тәсілін жазып, әр топтан 1 оқушы шығып түсіндіріп өтті. Осыдан кейін оқушылар бүгінгі сабақтың тұқым мен жеміске қатысты екенін мұғалім айтпай-ақ сыни ойлай отырып ұқты. «Галлереяға саяхат» әдісін қолдану кезінде берілген ақпарат бойынша өз елестетуін таныстыра білді. Өзгелердің пікірін тыңдады. Бір-біріне сұрақ қойып, ақпаратты тұжырымдады. Өзара талқылап, ақпарат жайлы түсінігін кеңейтті. Алған әсерін кескінге жазып, сынып қабырғасына ілді. Сыныптастары оны аралап оқып шығып, пікірін жазып кетті. Содан кейін топ болып қабырға газетіне жазылған пікірлерді талқылап, қорытынды жасады. Оқушылар тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындай білді. Оқушылар өздігінен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, талқыға салды, пікір алмасты, ой жарыстырды. Соңында әр оқушы өздерінің ойларын қорытындылап, рефлексия жазды.
№2 сурет
Оқушылармен ой бөлісу өзге тұйық оқушылардың қатарластарымен біріге отырып тапсырманы тыңдай білуінің арқасында оның ең аз дегенде тіл байлығы артты, ой қоры кеңейді. Жаңа сабақ туралы өзіндік пікір қалыптасты. Оқушылар қызықты болжамдар тарқатуға белсене кірісіп, ой алмасуды қолдану арқылы идеяларды жақсы құра білді. Ал топпен жұмыс кезінде сабақ тартымды өтті. Оқушылар бірлескен түрде белсенді араласуға тырысты. Әрине бастапқы кезде шу көп болды. Мен ғана білемін деген жеке белсенділер шықты. Бірақ бұл тәсілдің мақсатын мұғалім түсіндіре отырып, тапсырмалар берген кезде оқушылар бірте-бірте ынтымақтастыққа үйрене бастады. Әрбір оқушы үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, қаралған мәселе бойынша ой толғауына мүмкіндік жасады. Төмендегі диаграммада көрсетілдей 7 модульдерді сабақта қолдануда негізінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтар нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білу қабілеті, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама көрсеткіштерге жоғарылады. Осылайша біз оқушылардың грамматикалық, лексикалық, фонетикалық білім деңгейлерінің өзгергендігіне көз жеткіздім. Осы жасалған зерттеу барысында байқағаным, оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс–тәсілдердін әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын аңғардым. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Өзімнің әдеттегі оқыту іс-тәжірибемде дәстүрлі сабақтың әдістерін өзгерттім, топта жұмыс істей алдым. Үйренуге және алған білімімді күнделікті жұмысқа қолдандым, басқа мұғалімдерге білгенімді үйреттім және сабағына қолдандырдым.
Бұл үдеріске бастауыш сыныптың балалары қатысты. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізденуіне, жақсы нәтижеге жетуіне, бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді. 4 сынып оқушылары арасынан екі баланың қабілетінің даму нәтижесін зерттедім. Оқушының өзі сабақты сыни ойлау арқылы оқуына сенім артып, топ ішінде және қатарластарының арасында ойын бөлісе білуге, ынтымақтастықта жұмыс атқаруға итермелеу керектігіне назар аудардым. Себебі, Исмайлов Рустам тұйық оқушы болатын. Өздігінен сабаққа кірісіп кете алмайтын. Тек жетелеумен ғана тапсырманы орындайтын. Ал топпен жұмыс істегенде оқушының өзіне деген сенімділігі артты. Мусина Назгүл сұраққа толық жауап береді. Бірақ дәлелдеу, пікір айту дегенге жоқ. Білімі тек оқу материалымен шектелетін. Берілген тапсырманы орындауында оқулықпен шектелмей жан-жақты ізденудің арқасында сыныптастарының алдында беделі артты. Екі деңгейдегі зерттеген оқушыларымнан сұхбат алдым. Мұғалімнің бағалау критерийі, сауалнама беруі, оқушы қабілетінің дамуы мақсатында қойылған тест жұмыстарын пайдалану арқылы оқушының оқуға деген қозғалысын аңғардым, зерттеу жұмысының нәтижесін шығардым. Ана тілі сабағының тақырыбына қатысты табыс критерийін толтырдым. Мәтінге байланысты сұраққа жауап беру кезінде Исмайлов Рустамға жетелеуші сұрақ керек ететінін аңғардым. Мәтіндегі кейіпкерлер және оқиғалар туралы пікірін білдіріп, талдай алатын дәрежеге жеткенін көрдім. Жақсы оқитын Мусина Назгүл сұраққа толық жауап беріп, дәлелдей алу қабілетіне көтерілгенін байқадым. Сауалнама алу кезінде білім деңгейі жоғары оқушылар топтық жұмыста үндемейтін оқушылардың қатысқанын жазған. Топпен орындаған жұмыстар оқушыларға ұнаған. Кейін топта араласып отырғанды қалайтындарын стикерге жазды. Топта барлығы өз пікірлерін ортаға салатындарын, кейбір оқушылардың ерекше белсенді қатысатындығын, кейбір оқушылардың өзіндік мені оянғанын жазған. Сынып бөлмесіндегі өзгерістер: топ ережесі, рефлексия жазатын бұрыш, парталардың орналасуы, үздік шығармашылық жұмыстар да оқушыларға көп әсерін тигізді. Бұл оқушыларды зерттеген себебім, оқушылардың оқу барысындағы алға жылжу деңгейін көргім келді. 4 сыныптың оқушыларымен Әдебиеттік оқу пәнінен Ж.Жабаевтың «Менің өмірім» әңімесін өттік. Жалпы сабақтың мақсаты: Ж.Жабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Бұл сабақта мен оқушылардың көңіл күйлерін көтеруден бастап, жыл мезгілдеріне байланысты 4-топқа бөлдім. Оқушылар өздерінің арасынан топ басшыларын сайлап алды. Өткен сабақта келіспеушілік тудырып отырған 4-ші топ оқушыларын әр топтарға бөліп отырғыздым. Жалпы сабақта мен мен топтық жұмысын, кубизм стратегиясын, АҚТ-ны, сыни ойлауды модульдерін пайдаландым. Мерсер [2005] құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылардың ой қозғауына Ж.Жабаев кім? деп ассоциация құрғыздым. Бұл сабақта енжар оқушым, Исмайлов Рустамның ашылғандығын байқадым. Бала өз тобымен бірге әрекет жасай отырып, топ алдында берілген тапсырмаларын қорғай алды. Оқушылардың сабаққа деген құлшыныстарын арту мақсатында СД-дисктан Қ.Сағырбайұлының «Адай »күйін тыңдатып өттім.
- Осы күйді тыңдағанда қадай әсерде болдыңдар?
- Бұл күйді тыңдағанда көзеріңе не елестете алдыңдар?
- Күйден қандай әсер алдыңдар? деп оқушыларға ой тастадым. Әр оқушының ойын сұрадым. Оқушылар қызығушылықтарын таныта отырып, өз ойларын айтты. Топта отырған оқушы Калижанов Ерназ менің көз алдыма ерте кездегі қиын қыстау заман, жайлаудағы жорға аттардың шабысы, малдардың өрістегі кезі көз алдыма елестеді деп өз ойын айтты. Осы тапсырманы орындау барысында үндемей отырған оқушым, Жақсылықова Айбибінің ойын сұрағаным-да еш жауап берген жоқ. Себебі оқушы күйді көп тыңдамайтындығын айтты.
Не өзгертер едім: алдағы уақытта осы оқушыға сыни ойлауға бір шама тапсырмаларды жиі беру. Оқушылармен бірлесе сергіту сәтін жасап өттік. Өзара оқыту стратегиясы бойынша мәтінмен мынадай жұмыстар жүргіздім.
1. Мәтінді бөлікке бөлдім.
2. Оқушылар орнын белгілейді.
3. 1 оқушы мұғалім рөлін орындайды.
Осылай мәтінді талқылайды. Бұл жолы да аты аталып кеткен оқушылар көшбасшылық танытып, топтық жұмысты өз қолдарына алды.1-топ пен 2-топ оқушылары салмақтылық танытты. Ал 2-топ топтың оқушылары мәтінді бөліктерге бөлу кезінде дұрыс бөле алмай, бірінің ойын тыңдамай ренжісе бастады. Мен оларға топ ережесін үнемі естен шығармау керек деп ескертіп отырдым.Не өзгерткім келді: Барлық оқушылардың сабақ барысында және топта жұмыс жасау кезінде айтқан ойлары құнды екендігін әр оқушының сана сезіміне жеткізу. Осы жұмыс барысында 3-топ арасынан Мусина Назгүл мұғалім рөлін жақсы орындап, өзге оқушыларға нық сұрақтарын қоя білді. Барнс [1971] сыныпта тіл қанша қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Осы мақсатта сыни ойлауға байланысты әр топтағы оқушыларға Ж.Жабаевқа хат жаздырдым. Осы тапсырма бойынша хаты ерекше болған оқушым, Темербекова Жұлдыздың хаты өте әсерлі болды. Ақын ата мен сізді көрмесем де ұстазым көрсеткен портрет арқылы көз алдыма елестетіп отырмын. Бүгін мен сіздің өміріңіз жайлы көп білдім. Сіздей жан әрқашан бізбен бірге деп жазыпты. Бағалау кезінде оқушыларға ең бірінші жұптық, кейін топтық бағалауларын жүргіздім.Үй тапсырмасын беріп оқушылар күнделіктеріне жазып алды. Сабақтың соңында қай тапсырманы орындау қиындық туғызғандығы туралы және қандай тапсырма өздеріне ұнағандықтарын смайликтерге жазып, флипчарт бетіне жапсырды. Оқушылар өз тарапынан келесі сабақтар да осылай өтсін деген ойларын айтты. Сабақ соңында қол жеткезген нәтижелерім:
- Оқушылар әдебиеттік пәніне баса назар аударады;
- Топтық тапсырмалады жақсы орындауға бейімделді;
- Сөздік қорлары молайып, сыни ойлаулары жақсарды;
- Жұптық. Топтық бағалай алуға үйренеді;
Қолданылған ресустар: орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жөніндегі сабақ жоспарлау жөніндегі призентациясы, сауалнамалар, постерлер. Бұл ресустардың ерекшелігі оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады, белсенділікпен жұмыс жасайды, өзара білімін жетілдіреді. Өзгерісті енгізген себебім, оқушыны сыни ойлай білуге үйрету. Әрбір оқушыларымның білім жетістіктері сабақ барысында ғана емес, мектепішілік олимпиада, және аудандық ғылыми жобалар да көрініп жақсы жетістіктерге ие.
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Іс-шара атауы |
Нәтижесі |
Мерзімі |
1 |
Дулатова Жанель |
4 |
Аудандық ғылыми жоба |
3 орын |
2008-2009 жыл |
2 |
Жуманова Аружан |
4 |
Аудандық ғылыми жоба |
2 орын |
2010-2011 жыл |
3 |
Темирбекова Жулдуз |
4 |
Мектепішілік олимпиада |
2 орын |
2010-2011 жыл |
4 |
Жуманова Аружан |
4 |
Мектепішілік олимпиада |
3 орын |
2010-2011 жыл |
5 |
Такулин Рауан |
4 |
Мектепішілік олимпиада |
1 орын |
2010-2011 жыл |
2. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып, шынайы бағалауға төселдіру
Бағдарламадағы тәжірибені түрлендіру және сыни тұрғыдан ойлау тақырыбы бойынша оқушыларды сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін сабақ жоспарының құрылымын сақтай отырып, қай сатыда қандай әдістерді қолдану тиімділігін ойлана отырып, мұғалім жоспар жасады. Сол жасаған жоспары бойынша және топпен жұмыс кезінде түсірілген сабағынан үзінділерді бейне жазбаға түсіріп отырдым. Сыни тұрғыдан оқыту мен оқуды бағалау үдерісінен сабақта формативті бағалауды, өзара бағалау және өзін-өзі бағалауды қолдандым. Оқушы бойындағы өзгерістерді көру үшін бақылау кестесін пайдаландым. Іс-әрекетті зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізіп, диаграмма жасадым. Жалпы сыныптың сабақты меңгергенін қалай бағаладым деген сұраққа келер болсам, шынында да сыныпты бағалауда көп жақсы әсерлері болды. Мысалы: осыған дейін 1 сабақта 7 немесе 8 оқушыны бағалай алатын болса, енді толық сыныптың оқушыларына өз бағалауларын қамтыды. ББҮ кестесі арқылы жұмыс жүргізді. Әр оқушы сызылған кестені толтырды. Сабаққа қалай қатысып отырғанының, жұпта, топта қалай жұмыс жасап отырғанын мұғалім «бақылаушы» ретінде жүріп аңғарып, және олардың әрқайсысының қимылдары мен әрекеттерін бағалау қағазына түртіп отырдым. Сабақ соңында оқушылармен бірге бағалауды бірге талқыладық. ББҮ кестесі бойынша бағалау критерийлерін былай деп алдым:
Барлық бағандағы карточкаларды толтыру — 1 балл
Жоғарғы деңгейдегі 2 сұрақтың қойылуы – 3 балл
Оқушының дәлелдер келтіру шеберлігі — 4 балл
Осы тұрғыда балаларға жұптарын бағалауды ұсындым және өздерінен «осы критерийлерге алып қосарларыңыз бар ма?», – деп сұрадым. Сонда олар: Топтағы ынтымақтастық үшін – 1 балл, топтың ережесін сақтау – 1 балл қосатындарын айтып кетті.
Мен олардың өтінішін қабылдап, аяғында 10 балдық критерий қылып алдым. Сонда оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйеге ұласты.
«5» – 8-10 балл;
«4» - 5-7 балл;
«3» –4-6 балл;
«2» - 1-3 балл
Осылай жасаған сыныпты бағалауымда алғашқы кезде қиындықтар туындады, өйткені уақыттың тапшылығы және бағалауды тек осыған дейін мұғалім жүргізіп келсе, енді балалардың өздері қатысып өздерінің жұмыстарын бағалаған оларға едәуір ауырлау тиді. Сонымен қорытындысында 20 оқушының 2-і «5», 5 – і «4» деген баға алып, 13- і «3»- ке қорғады. Кейбір сабағында «өзіңді бағала» деген қиындыларын таратып отырды. Ол қиындыларда: «Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?», Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз? (Өте жақсы, жақсы, орташа, төмен) Осы бағаны неліктен таңдаңыз?» деген сұрақтар берілді
Өзіңді бағала:
Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз? |
Батыр туралы мәлімет алдым |
Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз? |
Жақсы |
Осы бағаны неліктен таңдадыңыз? |
Әлі ойымды толық қорыта алғаным жоқ |
Бағалау парақтарын толтырар алдында оқушыларға шыншыл болуға, және нағыз ойындағы әділ бағаны қоюға шақырды, және олар жазып жатырғанда өзінің оқушыларды бағалау қағаздарын толтырып отырды. Өйткені мұғалім оқушылар бағаны өздерінің сыни көзқарастарымен бергенін және өздерінің нақтылы ой–пікірлерін бергенін қалады. Енді «жұбыңды бағала» қиындылары тарқатылды.
Жұбыңды бағала:
Жұбыңның түсінігін қаншаға бағалар едіңіз? |
Орташа |
Осы бағаны неліктен таңдадыңыз? |
Жаңа сабаққа қатысты сұрақтарға толық жауап бере алмады. Тыныш отыра алмады. |
Оқушылардың берген критерийлеріне тоқталып өтсем, Мусина Назгүл жұбы Төлбасы Ердәулетке «Ердәулетке мен бүгін «орташа» деген баға қояр едім. Себебі: Ол сабақ барысында тыныш отыра алмады. Топтың ережесін бұзды. Менің ой жинауыма бөгет болды. Соңында жаңа сабаққа қатысты сұрақтарға толық жауап бере алмады.» деп қорытындылаған. Ал, Мусина Назгүл Исмайлов Рустамды, «жақсы» деп бағалаймын. Ол бәрімізге білмегенімізді түсіндірді, сұрақтарға дұрыс жауап берді» деп баға берген. Бұл жерден мен оқушыларымның бір – біріне сыни көзбен қарай алғанын шүбәсіз сезіндім. Оқушылар бағалауды аяқтаған соң олардың жазған парақтарын жинап алып, өзімнің бағалауыммен салыстырып отырдым. Оқушылар мен мұғалім бағалаған жұмыс шындыққа жанасатынын аңғардым.
Бағалау
Сыныбы: 4 сынып
Аты- жөні |
Өзінің бағасы |
Жұбының қойған бағасы |
Мұғалімнің қойған бағасы |
Қорытынды баға |
Жуманова Аружан |
5 |
5 |
5 |
5 |
Төлбасы Ердәулет |
4 |
3 |
3 |
3 |
Исмайлов Рустам |
4 |
5 |
4 |
4 |
11 сауалнама:
Аты-жөні: Исмайлов Рустам
Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? |
Ұнады. Бірігіп жұмыс жасағанымыз және ойымызды ортаға салғанымыз ұнады. |
Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма? |
Жоқ. Себебі, аналар туралы өлең, әңгімелерді көптеп оқитынмын. |
Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай? |
Өте тамаша. Тобымызбен сұраққа, тапсырмаға қызу кірісіп, берілген тапсырманы қорғап шықтық. |
Оқу үдерісінде іс-әрекеттермен ықпал ету арқылы оқушылардың белгілі бір даму сатысынан келесі даму деңгейіне жету көрсеткіші.
1 кесте: 2-ші сабақ нәтижесі
№ |
Оқушыны зерттеу критерийлері |
Рустам |
Аружан |
Назгүл |
1-оқушы (төмен деңгей) |
2-оқушы (орта деңгей) |
3-оқушы (жоғары деңгей) |
||
1 |
Оқушының сабаққа қызығушылығы |
Артты |
Ойын айта алды |
Дәлелдеп емлелерімен айта алады |
2 |
Белсенділігі |
жақсы |
Жақсыдан жоғары |
Жоғары |
3 |
Тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігі |
Баяу қабылдайды, бірақ ынтасы бар. |
Өз бетімен орындай алады |
Себеп-салдарын, ойын жеткізе алады. |
4 |
Оқушы жауабының нақтылығы мен толықтығы |
толық |
Нақты жауап береді |
Болжай отырып жауап береді |
5 |
Оқушының ойлау деңгейін бақылау |
Орташа |
Жақсы |
жоғары |
6 |
Оқушының өз көзқарасын дәлелдеп жеткізе білуі |
Жетелеуді қажет етеді |
Сұрақтан ауытқымайды |
Дәлелімен жеткізеді |
7 |
Оқушының өз қабілетін көрсете білуі |
Жақсы |
Жақсыдан жоғары |
Жоғары |
8 |
Оқушының ойлауына кедергі келтіретін жағдайлар |
шу |
Ортаға кірісіп кете алмауы |
Өзімшілдігі
|
9 |
Оқушы мен мұғалімнің өзара түсіністігі |
Көмек күтеді |
Достық қатынаста |
Тең дәрежеде ұстайды |
10 |
Оқушының сыныптастарымен өзара ынтымақтастығы |
Ортаға тартуды қажет етеді |
Араласып отырады
|
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары |
Мысалы: Әдебиеттік оқу пәнінен Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін өткенде берілген тапсырманы топпен орындау кезінде оқушылар бір-біріне түсіндіріп, бірін–бірі толықтырып отырды. Жаңа тақырыпты оқушылар менің көмегінсіз жан-жақты аша білді. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізде-нуіне, жақсы нәтижеге жетуіне, бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді.
Сабақтың тақырыбы: Оюлар.Ф.Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
а) Ақын Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру. Өлеңнің мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту.
ә) Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төсіледіру, сыни ойлауын дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, білуге дағдыландыру.
б) Ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, ой- қозғау, талдау, жинақтау, көрнекілік
Құрал-жабдық: АКТ, видеороликтер
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима-қағадар, флипчарт, маркер
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі, саз
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
а) Топқа бөлу [үш түрлі тәждер арқылы]
ә) Психологиялық ахуал
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Бүгін алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
ІІ.Өткенді қайталау
Ә.Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңін сұрақ- жауап арқылы сұрау.
- Ананың қас қабағына қарау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ананы барлық адамдар неге құрметтейді?
- Өлең неше жолдан, неше шумақтан құралған?
ІІІ.Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің
«Фаризажан» өлеңін мәнерлеп айтқызу.
2. Ой қозғау.
- Ән кімге арналған екен?
Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз [Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу]
- Ендеше, Фариза кім?
- Ол туралы өткен тақырыптар бойынша не білесіңдер?
- Әр топ өз ойларын маркермен флипчарт бетіне түсіреді? [топпен қорғау]
[Ұпай санын беру]
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді әр топ іштей оқып шығады.
- Шумақ бойынша дауыстап, тізбектей оқыту.
- Өлеңнің әр жолын түсіндіру мағынасын ашу.
- Сұрақтарға жауап алу.
- Текемет оюларын көргенде ақында қандай жылы сезімдер туды?
- Ақын түрінен неге әжесінің саусақтарын көргендей болды?
- Өздерің қандай ою түрлерін білесіңдер?
[Ұпай санын беру]
Флипчартпен жұмыс жасау
- Әр топқа флипчарт бетіне жазылған өлеңнің әр шумағы таратылады.
- Өлеңге талдаулар жасату. [топпен қорғау]
Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай! [3 бунақ, 11 буын]
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай. [3 бунақ]
«Келе ғой, қошақаным [2 бунақ]
Өзіме!»- деп, [1 бунақ]
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай....[3 бунақ]
Аңсаумен күнім өтті қанша менің, [3 бунақ 11 буын]
Желбауда,басқұрда ма аңсау емім. [3 бунақ]
Әжемнің көзіндей бұл оюларды, [3 бунақ]
Таба алмай дала кезіп шаршап едім. [3 бунақ]
Елестеп көз алдыма сән шақтарым, [3 бунақ, 11 буын]
Келгендей құлағыма аңсатқан үн. [3 бунақ]
Түрінен текеметің көріп тұрмын, [3 бунақ]
Әжемнің тарамысты саусақтарын.[3 бунақ]
[Ф.Оңғарсынова] «Оюлар» өлеңі 4 тармақ, 3 бунақты, 11 буынды етіп құрастырылған.
[Ұпай санын беру]
1 видео: «Ғажайыпстанға саяхат» бұл мультфилмде не туралы айтылған-дығы жайында оқушылардан сұрап өту.
- Балалар біз де оюлар жайында көп білеміз ғой? Ендеше өз топтарыңмен ақылдаса отырып, өз қалаған оюларыңды Paint пен салып бояңдар.
[Ұпай санын беру]
Дәптермен жұмыс жасау
Сөздік жұмысын жүргізу:
Желбау, басқұр - киіз үйдің оюлы жабдықтары.
Сыни ойлауға қосымша тапсырма:
2 видео: Корей киносы «Жумон ханзада»
Сұрақтарға жауап алу
- Бұл видеороликтен не түсіндіңдер?
- Қандай оюлар бейнеленген?
- Қандай қорытынды шығарар едің?
Сұрақтар:
1. Бұл видеороликтен не түсіндіңдер?
2. Басқа ұлттар да біздің оюларымызды пайдалана ма? Бұл дұрыс па?
3. Жумон киносынан қазақтың оюларын көрген де қандай ойға келдіңдер?
Үш топ осы сұрақтар бойынша өз тобының аттарына байланысты жауап береді.
ІҮ.Үйге тапсырма:
1 топ: Өлеңді жаттау
2 топ: Ф.Оңғарсынованың кез- келген өлеңін жаттау
3 топ: Қағазға ою салып қию
Ү.Бағалау: Жинақтық бағалау арқылы үш топ бір-бірін бағалайды. Критерийлерді басшылыққа ала отырып.
Рефлективті байланыс:не білдім? не білгім келеді?
Оқушыларды бағалау парағын мынадай үлгіде жасадым.
Аты-жөні: Исмайлов Рустам
№ |
Бағалау критерийі |
Өте жақсы |
жақсы |
орташа |
1 |
Дыбысты дұрыс айтуы |
|
|
+ |
2 |
Мазмұнын жеткізуі |
|
+ |
|
3 |
Сөздік қоры |
|
|
+ |
4 |
Мәтінді меңгеруі |
|
|
+ |
5 |
Өзіне қызмет көрсетуі |
|
+ |
|
6 |
Оқу әрекетіне көзқарасы |
|
|
|
7 |
Мұғаліммен және достарымен қарым-қатынасы |
|
|
|
2012 оқу мен оқыту барысында 4 сынып оқушыларының 2 сабағын салыстыру кезінде 2013 оқу жылында мынадай нәтижеге қол жеткіздім: 50%-дан 54%-ға, 52%-дан -58%-ға. Өйткені сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланған сабақтарды дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, білім сапасының өскендігін байқадым. Осы жасалған эксперимент барысында байқағаным, оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс-тәсілдердін әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын білдім. Өзім жоспарлаған өзгерісті енгізе алдым. Оқушылар бұрынғы алған білімдері мен әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, ізденген жұмыстары арқылы өздігінен мәлімет таба білді және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктері қалыптасты. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді жинақтауға және оны өзіндегі жаңа сабақ негізімен ұштастыруын іске асырып отырдым. Оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадамын жасаттым. Сабақты басқаратын талқылау, кітап оқу, интернет желісінен іздену, электронды оқулықпен жұмыс жүргізу арқылы сыни ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдерін іске асырдым. Бұл бағдарламаны сабақта қолдану барысында қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажет екенін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгереді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер екенін түсінді. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Белгісіздіктен белгіліге қарай жүретін ақпаратты және тақырыптың немесе идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдауды қолдандым. Бұл баланың қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды. Оқып ізденіп болған соң балалар түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп беруге үйренді. Топпен жұмыс кезінде оқушылар ынтымақтастықпен жұмыс жасай білуге, өзара және өзін-өзі бағалай білуді үйренді. Оқушылар арасында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артты, білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықталды. 4 сынып оқушыларына сабақ беру барысында, барлық оқушыларыдың оқу үдерісі кезіндегі дамуын сауалнама, сабақ кезіндегі оқушылардың өзара немесе өзін-өзі бағалау, сұхбат жүргізу дәлелдемелерім арқылы деректер жинай алдым. Бастапқы кезде өзін-өзі бағалаудың қиындығы болды. Мен ғана білемін, ол білмейді деген жауаптар болды. Өзі туралы пікірлерін басқаша қабылдады. Сабақтың мақсатын бірте-бірте түсініп, өзін басқалармен салыстырып, мен деген түсінігі, біз деген түсінікке алмасты. Ойларын ортаға салуға қалыптасты. Сонда оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйемен жүзеге асты.
«5» - 8-10 балл;
«4» - 5-7 балл;
«3» - 4-6 балл;
«2» - 1-3балл
Нәтижесінде оқушылардың бағалауы мен мұғалімнің бағалауын салыстырып, ортақ баға шығарылды. Бұл жұмыстың шындыққа жанасатынын аңғардым.
Қорытындысында 2 оқушы - «5», 5 оқушы - «4», 13 оқушы - «3», бағасының дәрежесін көрсетіп берді. Осылай бірнеше сабақтың дәлелдемелерін жинақтап, деректер арқылы диаграмма жасап қойдым. Деректерді жинау әдісім жоспарлағандай нәтиже берді. Бұрынғы өтілген сабақ пен қазіргі өтілген сабақ арасындағы оқушылардың даму деңгейінде алға жылжу болды. Оны оқушылардың дәстүрлі сабақ негізінде алған білімдерінің көрсеткіші мен эксперимент нәтижелерінің көрсеткішінен көруге болады.
Дәстүрлі оқыту бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші:
Ойлау қабілеті 17%, сұрақ қою 19%, сұраққа жауап беру 18%, мәтінді меңгеру 26%, сипаттау 20% көрсеткішін көрсетті.
7 модульді қолданып оқытудағы оқушылардың білім сапасының көрсеткіші:
Ойлау қабілеті 19%, сұрақ қою 19%, сұраққа жауап беру 19%, мәтініді меңгеру 27%, сипаттау 20% көрсеткішін көрсетті. Зерттеу нәтижелерін әр оқушымен мына тақырыптағы көрсеткіштер арқылы бағаладым. Бұл жұмыстың артықшылығы бүкіл сыныптың да, үш деңгейдегі оқушының да даму деңгейін анықтауға болады. Сыныптың белгілі бір даму сатысынан келесі даму деңгейіне жетуінің нәтижесінің көрсеткішін шығардым. 4 сынып даму деңгейінің көрсеткіші: Осы 4 сыныптан үш деңгейдегі үш оқушының даму деңгейін зерттеу кезінде орта және төменгі деңгейдегі оқушыларымда алға жылжу болды. Төменгі деңгейдегі орташа оқитын Рустам бұрынғыдай емес ол да сабақ айтып, өзіндік жауаптарын айтатын болды. Бұрын тұйық және өз ойын айта алмайтын. Ал орта деңгейдегі жақсы оқитын Жуманова Аружан берілген сұраққа дәлелдемелермен жауап беруге тырысқанын, өз ойын ашық айта бастағанын көрдім. Бұрын тек тақырыптың сұрақтарына ғана толық жауап беретін, оқулықтағы берілген тапсырманы толық орындап келетін. Ал жалпы 4 сынып оқушыларының оқу үдерісінде іс-әрекеттермен ықпал ету арқылы оқушылардың дамуын зерттеу нәтижелері жақсы қорытынды берді. Тәжірибеме енгізген өзгерістерімнің ішінен бағалау критерийінің басқаша варианттарын енгізгім келеді. Жалпы өзін-өзі бағалаудың сапалық мазмұнын да өзгерткім келеді. Бала сабаққа қызығу үшін әдіс-тәсілдерді де өзгертіп отырған дұрыс екеніне көзім жетті. Оқу барысында оқушыларға жаңа тақырып бойынша бір-біріне мәртебесі жоғары, төмен сұрақ қойдыруды үйреткім келеді. Алдағы уақытта осы тәсілді пайдалансам ба деп отырмын. Бұл оқушының ізденушілік, әрі зерттеушілік қабілетін арттырар еді. Әрбір сабақ беру кезіндегі жаңа ойларды жазып отырамын. Соның төңірегіндегі жаңа туған ойларды тағы да түртіп қоямын Келесі сабағыма қандай өзгеріс енгізуіме болатынын жоспарлап отырамын және ол өзгеріс оқушыларға қалай әсер ететіні жайлы ойымды тағы да түртіп аламын. Әдіс-тәсілдерді жоспарыма қарай қалай ыңғайлап өзгертуіме болатынын саралап, өз шығармашылығымды жасауға кірісемін. Оқушыларға қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйретуім керек.
IV. Қорытынды
Нәтижеге бағытталған білім
Алдағы уақытта осы өзгерістерді енгізуді жалғастырып, бірінші сынып, оқушыларына да біршама қолданып жүрмін. Себебі, сын тұрғысынан ойлау модельі көңіл бөлуге тұрарлықтай, іс-тәжірибе барысында оқушылар мен мұғалімдер арасында елеулі өзгерістің қозғаушы күші екеніне көзім жетті. Оқыту мен оқудың сыни тұрғыдан ойлау модельі білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз – баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу. Бұл өзгерісті тәжірибе алмасу үшін және одан әрі дамыту үшін үнемі мұғалімдермен кеңес жүргізіп отырамын, әріптестерімнен әдістемелік көмек алып отырамын. Сабақтан тыс уақытта тренинг өткізіп отыруды қолданамын. Осы әдіс–тәсілдерді үнемі қолдансақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Мұғалімдермен ынтымақтастыққа бірлесе жұмыс жасасақ, уақытты бағаласақ талай жұмыстар жасауға болады. Басқа адамдардың тәжірибесіне осы тәсілдермен өзгеріс енгізуге көмек беру үшін басқа адамдармен жұмыс істеймін. Себебі, өзгеріс процесіне қатысатын барлық жақтардың жоғары деңгейдегі сенімділік пен құрмет, қызметтестік пен міндеттілікпен анықталған кезде ғана өзгерістің жүзеге асатыны түсінікті жайт. Ал бұл талапты орындау үшін мұғалім көп ізденіп, заман талаптарына сай білімге ие болып, әлем жаңалықтарымен де таныс болуы керек. Қорыта айтқанда, шәкірттеріме білімді саналы меңгертіп, оны өз деңгейінде азаматтық өмірлік қажеттілігіне айналдыру – менің ұстаз ретіндегі сәулелі мұратым. Өзгені өсіру үшін өзіміз де ізденіп, рухани биіктей түсу қажеттілігі – менің мұғалімдік міндетім.
Дәстүрлі оқыту бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші
Ойлау қабілеті - 17%,
сұрақ қою - 19%, мәтінді меңгеру - 26%,
сұраққа жауап беру - 18%, сипаттау - 20%
7 модульді қолданып оқытудағы оқушылардың білім сапасының көрсеткіші
Ойлау қабілеті - 19%,
сұрақ қою - 15%, мәтінді меңгеру - 27%,
сұраққа жауап беру -19%, сипаттау - 20%
Оқушылардың білім сапасын балдық жүйемен бағалау көрсеткіші
2 оқушы - «5» - 1%
5 оқушы - «4» - 25%
13 оқушы - «3» - 65%
Сапалық көрсеткіш: 26%
Жыл аяғында дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытуды салыстырғандағы оқушылардың білім сапаларының көрсеткіші
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2006ж.
2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдану әдістемесінің тиімділігі мен эксперимент мазмұны» Бастауыш мектеп №1, 2009 ж
3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық». /Кіріспе/ 4 бет
4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»/.Қалай оқу керектігін үйрену/ 68 бет
5. «Мұғалімге арналған нұсқаулық». /Қалай оқу керектігін үйрену/ 69 бет
6. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Көкшетау – 2004ж
7. «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі» Бастауыш мектеп №4, 2009ж
8. «Ақпараттық қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі тіл байлықтарын дамытуды басқару» Бастауыш мектеп №12, 2008ж
ҮІ.Әдістемелік нұсқау
1. Әлемдік білім кеңістігіндегі ізденістер мен білім беру жүйесіндегі жаңашылдыққа сай тәлім-тәрбие берудің уақыт талабы екендігін ұғыну қажет.
2.Тұлғаны жан-жақты жетілдіруде оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілікті арттыру - мұғалім мақсатының бастау көзіне айналуы тиіс.
3. Бала білімділігінің деңгейі мұғалімнің сабақты өту шеберлігі мен әдіс-тәсілдерінің ұтымдылығы, жан-дүние, сезім кеңістігінің үйлесімділігі сай келгенде ғана жоғары болатындығын білген жөн.
4. 7-модульдер бойынша өткізген сабақтарды іс-тәжірибеге енгізе отырып, оның тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану нәтижеге әкелетінін басты назарда ұстаған жөн.
5. Тақырыбы да, формасы да еркін ойлау мен шығармашылыққа бағытталған сабақтарда ақпараттық технология, интерактивті тақта мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды көздеу арқылы нәтижеге жетелеуге талпыну қажет.
6. Әрбір пән бойынша қазақ тілінде электронды оқу-әдістемелік кешендер дайындау жұмыстарын жандандыру қажет.
7. Оқушылардың ақпараттық дүниетанымдарын кеңейтуге арналған дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыру және осы бағытта сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру қажет.
8. Оқушы мен мұғалімнің еңбегі нәтижеге бағытталғанда ғана жаңа сапаға ие болатындығын ұғыну қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі