Өлең, жыр, ақындар

Басыңызға қиын іс түскенде де мойымаудың 10 мысалы

Кейде басқа түскен қиындықтар мен сәтсіздіктер таудай болып жиналады. Мұндай жағдайда қолды бір сілтеп, әрі қарай алға ұмтылудың мәні қалмағандай күй кешесіз. Бірақ ешқашан мойымау керек.

Алға қойған мақсатымызға қарай әр дайым ұмтылу керектігін дәлелдеген тұлғалардың өмірінен алынған қысқа мысалдарды назарларыңызға ұсынамыз.

Вуди Аллен

Емтиханнан өтпей қалып, университеттен шығарылды

«Оскар» сыйлығының 4 дүркін иегері, танымал режиссер Вуди Аллен Нью‑Йорк университетіндегі оқуынан кинематография бойынша емтиханнан өтпей қалғандықтан, оқудан біржола шығарылып жіберілді. Алайда Вуди бұл үшін аса уайымдамады да, өйткені ондағы оқу оны зеріктіріп жіберетін‑ді, бірақ бәрібір де ол өз алдына қойған мақсатына жете білді.

Урсула Бернс

10 жыл бойы жұмыста мансабының көтерілуін күтумен болды

Урсула Бернс Нью‑Йорк политехникалық университетін тәмамдаған соң, бірден американдық Xerox компаниясына тәжірибелік жұмысқа орналасты. Оның жұмысқа деген ынтасы бағаланып, көмекші қызметін атқарды, бірақ ол 32 жасқа дейін кішігірім қызметтерді атқарумен болды.

Осылайша, 10 жыл өткен соң ғана оның еңбегі аса жоғары бағаланып, алдымен жаһандық дамыту бойынша вице‑президент болып тағайындалса, ал бүгінде ол Xerox компаниясының бас директоры болып табылады.

Габриэл Жезус

Футболдан әлем чемпионаты алдында жаяужолды бояп, ақша тапты

Бразиялық футболшы, әйгілі «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Габриэл Жезус 2014 жылы футболдан әлемдік чемпионат алдында жалаң аяқ жолдағы белгілерді бояп, ақша тапты. Сол кездері ол теледидардан өзінің сүйікті командасының матчын тамашалап жүріп, елінің құрама командасында ойнауды өзіне басты мақсат тұтты. Осылайша, бүгінде ол өз мақсатына жете білді. Қазіргі таңда Габриэлдің табысы аптасына 80 мың долларды құрайтын, болашағы зор футболшылардың қатарында.

Харланд Сандерс

Өз мейрамханасын сәтсіздікке ұшыратты

Полковник Сандерстің алғашқы мейрамханасы бәсекелестікке төзбегендіктен ойранға ұшырады. Осыған қарамастан, Харланд 65 жасында АҚШ‑тың бүкіл мекемелерін шарлап, өзінің ұнға аунатылып пісірілген дәмді тауық қанатшаларын ұсынумен болды. Ал, одан бас тартқандардың саны тура 1008‑ге жетті. Алайда, ол мұнысымен мойымай, одан әрі өзінің тауық етінің бірегей дәміне сенуді жалғастырып, нәтижесінде KFC (Кентуккидің қуырылған тауық еті) желісінің әлемге кеңінен таралуына себеп болды.

Илон Маск

Жұмысынан қуылды

Америкалық миллиардер естияр шағында сәтсіздікке ұшырады. PayPal-дың тақырға отырып қалуына себепші болғандықтан, кезекті демалысқа шығып, ұшақ бортында болған кезінде директорлар кеңесінің шешімімен жұмыстан босатылды.

Араға 16 жыл салып, ол бұрын өзінің иелігінде болып, PayPal-ды құруға негіз болған x.com доменін компаниядан 5 млн $‑ға сатып алды.  Масктің бұл мысалы, өмірдегі барлық қиыншылықтар, биік белестерге жету үшін себеп екенін көрсетеді.

Анна Винтур

Сән әлемі журналындағы жұмысынан шығарып жіберді

Жарты жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Анна Винтур редактормен пікірі бір жерден шықпағаны себепті Harper’s Bazaar журналының сән шолушысы қызметінен босатылды.

Американдық Vogue журналының бас редакторы Аннаның өміріндегі бұл оқиға оған бұдан да үлкен табысқа жетуіне стимул берді деп сипаттайды. Ал, сол кезден бастап Анна: «Егер сіз бір нәрсеге сенімді болсаңыз немесе қандай да бір нәрсемен келіспейтін болсаңыз, онда өз пікіріңізді сақтап қалғаныңыз дұрыс, өйткені жұмыс барысында ойлау ерекшелігі әрқашан бағаланады» ‑ деп сенеді.

Говард Шульц

Өзінің идеяларын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік бермегені себепті жұмыстан босатылды

Говард Шульцті Starbucks компаниясында кофе дәндерін сатумен айналысып жүрген кезінде жұмыстан шығарып жіберді. Компаниядан босатылуының себебі, басшылық оның кофе желісін одан әрі дамыту жөніндегі идеяларын жүзеге асыруды қолдамады. Говард сапалы кофе мен жайлы жиһазды мекемені біріктіріп, адамдар онда қайтып барғысы келіп тұратын ерекше нәрсе жасауды армандады.

2 жыл уақыт өткен соң, Говард Starbucks компаниясын сатып алды да, кофе белгісін АҚШ аумағында танытып, бүкіл әлемге әйгілі кофе желісіне айналдырды.

Стэн Смит

Ойыншыларға доп беруші ретінде қабылданбады

Кәсіби теннисші Стэнли Роджер Смит өз мансабын бастаған шағында Дэвис Кубогі ұйымдастырушылары мұқият емессің, жинақы емессің деген себеппен ойыншыларға доп беруші қызметіне қабылдамады. Бірақ, Смит, теннис – ол өзінің сүйікті ісі екендігіне сенді. Ол одан әрі өзінің діттеген мақсатына жетуге тырысып бақты, нәтижесінде АҚШ құрамасы Кубогінің 8 дүркін иегері атанып, өзі жайында олардың қатты қателескенін дәлелдеп берді.

Ник Вудман

Компанияны тақырға отырғызды

Ник университетті тәмамдаған соң, өзінің онлайн ойын-сайт Funbug атты компаниясын ашты, бірақ үлкен табысқа қол жеткізгеніне қарамастан, ақыры сәтсіздікке ұласып тынды.

Осындай құлдырауынан кейін өз өзіне келу мақсатымен достарымен бірге Австралияға аттанды. Ол онда өзінің сүйікті экстремалды спорт түрі – серфингпен айналысты. Ол ондағы кәсіби серфингшілерге қарап отырып, оның ойына ыңғайлы әрі шағын экшен GoPro камерасын ойлап табу туып, бұл идеясы оның миллиардер болуына ықпал етті.

Ник «егер сол кезде сәтсіздікке ұшырамағанда, мен өзімнің сүйікті ісімді өмірлік кәсібіме айналдыра алмас едім» ‑ дейді.

Соитиро Хонда

Жоғары білімі жоқ

Соитиро өте кедей отбасында өсті, сондықтан да ол бала кезінен әкесіне көмектесуге мәжбүр болды. Мектеп бітірген соң, әрі қарай жоғары білімін шыңдаудың орнына қарапайым механик болып жұмыс атқарды. Ол велосипедтерге ескі моторларды орнатып, күндердің бір күні қымбат бөлшектерден, хромдалған дискілермен жабдықталған және былғары орындықпен қапталған өз мотоциклін жасап шығаруды армандады.

Егер өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық танытсаңыз, әлбетте, армандар орындалады. Уақыт өте келе, Соитиро әлемдегі ең мықты мотоцикл шығаратын Honda компаниясын ашты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Дәурен

Өзге елде осынадай тұлғалар көптеп шығып жатады, әсіресе АҚШ-та, бізде неге осындай адамдар жоқ, немесе біз кесдестіре бермейміз ба? Болмаса біздікілердің талабы биік емес па? Мысалы Габриэл Жезус бардюр бояп жүрген қарапайым адам бола тұрып, қысқа уақыттың ішінде болашағы зор футболшылардың қатарына қосыла салды.

Арман Ағай Шаркиат

Күшті жазылған, мотивациялық мәні бар, осындай құнды дүниелерді мектепте оқу пәні ретінде оқытылуы керек деп ойлаймын!!

мөлдір

жақсы жазылған көмегі көп тиді

Мейрамгүл

Өткенде инстаграмда бір адам 31 - ге толдым, жұмыстан шығарып жіберді, бір мекемеде директор едім, басында сұранысым жоғары еді, кейін қзақ уақыттан бері жұмыс таппағаннан кейін,100 000 - тіпті 90 000 -ға да келісіетін болдым, жүмыс жоқ не істемін, шетелге кетейін ба? деп жылап жүрген бар еді сондайларға оқыту керек екен

Дидар

Иə, көбіне өзімізге ойдан шектеулер құрып аламыз да шығалмай отырамыз. Өмірімізді жұмысқа немесе ақшаға тəуелді етіп.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз