Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты
Саболов Ерман Ержанұлы
Жетекшісі: Сейтжанова Гулафрез Бахитовна

                                                      

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Ақтамберді жыраудың толғауында «Аспанды бұлт құрсайды, Күн жауарға ұқсайды» деген тұстары бар ғой. Міне, бүгін дәл осындай көрініс байқалады. Сіркіреп жаңбыр да жауа бастады. Па, шіркін-ай, жауынның иісін-ай! Бұл иіс маған ауылдың топырағын сағынтады. Құстар да жылы жаққа ұшып үлгерген-ау, көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Ауылда ауыл адамдары бау-бақшадағы, егістіктегі астығын жинап алған шығар. Күз мезгілінің көрінісі басқа мезгілдерге қарағанда мүлдем бөлек қой. Суретшінің салып қойған суреті тәрізді. Күзді алтынға теңеп жатуымыз тегін емес болар. Осы әсерімді өлеңмен өрнектеген едім.

Күз келді, жапырақтар сарғайды,
Менің жаным кереметті қалайды.
Аспанда әдемі ұшқан қара құс,
Жылы жаққа мені қимай тарайды.

Күз келгенде біз қуанамыз. Мектепке барып білім аламыз, бойымыз да, ойымыз да өседі. «Дарындағы» ұстаздарымды, сыныптастарымды қатты сағынып қалыппын. Әр ұстазға даланың бар гүлін жинап әкелсең де жарасады деп ойлаймын. Жаз бойы қарындасым екеуміз далада гүл ектік. Қазір кереметтей жайнап тұр. Әрине, қалаға, мектепке келерімде ең әдемілерін сынып жетекшілік ететін ұстазыма әкелдім. Өзімнің еккенімді айттым. Мені мақтап, арқамнан қақты. Ұстаздың жанарынан ерекше қуанышты байқадым. Менің бұл тырнақалды еңбегім оның мен үшін төккен терісінің орнында түк те емес ғой. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп - Абай керемет айтқан екен.

Мен үшін, күз бен ұстаз егіз ұғым тәрізді. Неге дейсіз ғой, күз мезгілі алтын ұя мектебімен, аяулы ұстазыммен қауыштыратын кезең. Сондықтан да күз мезгілін ерекше жақсы көремін.   


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз