Сұлы дәрумендер мен минералдардың қайнар көзі. Құрамында қан тамырларын атеросклерозды түйіндерден тазартатын, қандағы холестерин деңгейін түсіретін, салмақты қалыпқа келтіретін пайдалы заттектерден: B, F, A, E дәрумендері, крахмал, көмірсулар, ақуыздар, майлар, ферменттер, амин қышқылдары, минералды тұздар, эфир майы мен қант болса, микроэлементтерден: хром, цинк, кремний, калий, мыс, селен, бор, вольфрам, йод, қалайы, титан, стронций, цирконий және марганец бар. Сонымен қатар зат алмасу мен ас қорытуды жақсартатын пантотенді қышқылға бай. Диеталық азық түріне жатқанмен, айтарлықтай құнарлы. 100 грамм өнімде 300 ккал бар.
Пайдалы қасиеттері:
● Ағзаның қорғаныс жүйесін нығайтады.
● Құрамындағы А, Е дәрумендері шаш пен тырнақтың өсуіне, саулығына, терінің серпімділігіне пайдалы болса, B, F дәрумендері жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдарына оң ықпал етеді, күрделі көмірсуларды глюкозаға айналдырады.
● Қанның құрамындағы қант деңгейін төмендетеді.
● Сұлының пайдалы қасиеттерінің бірі – организмдегі артық сұйықтықты, ісінумен қоса зиянды заттарды сыртқа алып шығарады. Несеп-тас ауруымен күресуге көмектеседі.
● Асқазан-ішек жолының қызметіне пайдалы. Ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді. Ішекке пайдасы – іш қатумен күреседі.
● Жүйке жүйесін нығайтады, күйзеліс кезінде көмектеседі.
● Суы мен тұнбасы ыстықты түсіріп, терлетеді.
● Қан түзуші орган – ол бауыр екені белгілі. Ол барлық уыттар мен қалдықтарды өнімдерін жинақтайды. Ал сұлы бауырды тазалап, біздің органға жаңа күш береді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазира
Сұлы қанша уақыт қабылдауға болады