Өлең, жыр, ақындар

Қазақ хандары және ел атануы

"Әбілқайыр өзіне Дешті Қыпшақты түгел бағындырған уақытында кейбір Жошы тұқымының сұлтандары өздеріне төнген қауіпті сезіп,бас сауғалауды ұйғарды. Керей хан,Жәнібек сұлтан және сол қатарлылар аздаған адамымен Моғолстанға келді. Ол кезде Моғолстанда хандықтың кезегі Иса Бұқа ханда еді. Иса Бұқа хан оларға ерекше қамқорлық көрсетіп,Моғолстанның бір бұрышын берді,ол жерде олар қауіп-қатерсіз,тыныш өмір сүрді. Өзбек ұлысында Әбілқайыр өлген соң,өзара қырқыс басталды,мүмкіндігі барлары тыныштық іздеп,Керей мен Жәнібек хандарға қосылуға асықты. Осы себептен олар әжептәуір күшейді.Олар алдыменен,өздерінің елінен бөлектеніп,біраз уақыт қолынын келер дәрмен жоқ,кезбе болып жүргендіктен,"қазақ" атанды,осы атау соларға бекіді.Керей ханнан кейін,хандық тағы оның ұлы Бұрындыққа бұйырды.Жоғарыда аты аталған Қасым хан Жәнібектің баласы еді.Керейдің Бұрындықтан басқа көптеген ұлдары болды және Жәнібектің де Қасымнан өзге ұлдары бар еді.Соның ішінде Әдік сұлтан;Сұлтан Әбу Саид мырзаның ұлы-Мырза Сұлтан Махмұд өлгеннен соң, Жүніс ханның төртінші қызы Нигар ханымды соған беріп еді.Ташкентті талайтын кезде Әдік сұлтан Шакибек ханнан қашып, қазақтарға кетті, Сұлтан Нигар ханым артынан кетіп еді.Әдік сұлтан қайтыс болғанда ханымды ақ некемен Қасым хан алды. 

Әдік сұлтаннан кейін Қасым хан өте күшейді,ақыры Бұрындық хан елден кетіп,Самарқанға барып,жат жұртта қайтыс болды.Қасым хан Дешті Қыпшаққа түгел билік жүргізіп, Жошы ханнан кейін ешкім ие болмаған атақ-даңққа бөленді,оның әскері үш жүз мыңнан асты.1518 жылы ол өлген соң, қазақ сұлтандары өзара жауласты. Қасымнан кейін,оның ұлы Мамаш хан болып еді,бірақ ол бір соғыстың кезінде ауырып,қайтыс болды.Осыдан кейін Әдік сұлтанның ұлы Тахир хан болды.Ол өте қатыгез адам болғандықтан,оның маңындағы 400 мың адам бір сәтте бөлініп,көшіп кетті.Осылай қырғыздың ортасында жалғыз қалып,ең сорлы жағдайда қайтыс болды. Моғолстанда бір отыз мың адам жиналып еді, оған Тахирдің ағасы Бұйдан хан болды.1523 жылы қазақтар миллион адам еді..."

Мұхамед Хайдар, Тарих-и-Рашиди

Материалы по истории Казахских ханств Xv-XvIII вв.-Алма-Ата,1969.-222-223-бб.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер