Өлең, жыр, ақындар

Менің арманым

Армандарың орындала берсін Альбина!                                                                                                                 
Алматы қаласындағы  «Шамшырақ»  ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен "Біздің болашақ" атты жас таланттар байқауына қашықтан қатысып, «Менің арманым» тақырыбында өз шығармашылығымен 1-орын жүлдегері  атанған Альбина шәкіртімнің арманы - менің көңілімді босатып, көзіме жас алдырды.
Шын бала көңілмен, бала жүрегімен жазылған бұл эссенің болашақта орындалуына тілектес бола отырып, көпшілікке жолдағанды жөн көрдім. Сіздерге де ұнайды деп сенемін.                                              

«Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тультаева Перуза

 

Менің арманым

Армансыз адам болмайды. Менің де өз арманым бар. Менің арманым ата- анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп армандарым орындалады деп сенемін. Ата-анам,сіңлілерім,туыстарым барлығымыз бір отбасы болып мерекелерде үлкен дастархан басында бас қоссақ, мен қатты қуанамын.

Менің кішкентай сіңлім дүниеге келгенде үйдегілердің барлығы қатты қуанды. Мен де қуанышты болдым. Біздің отбасында төртінші қыз бала дүниеге келгендіктен, апам оның есімін Ұлжан деп атады. Себебі, бұл есімнің мағынасы қыз артынан ұл ерсін дегені. Ұлы Абай атамыздың анасының аты Ұлжан болған екен. Анасы өте ақылды ана болыпты. Сол сияқты менің де сіңлілерім ақылды болып өссе екен деймін. Мен үйдің үлкенімін.  Сабақтан қолым босағанда сіңлілерімді ойнатамын, оларға қарап жүремін.  Ата-анамыз біздерді қатты жақсы көреді. Әрине, ата-анамыз үшін біздер - олардың көз қуанышымыз, бірақ, әр отбасында  ұл баланың орны қашанда бөлек болатынын мен жақсы білемін. Сондықтан да, менің ең үлкен арманым - үйге тағы да кішкентай нәресте келсе, ендігі нәресте ұл бала болса екен деп армандаймын. Анам ұл баланы дүниеге әкелсе, менің ең үлкен арманымның бірі орындалар еді. Мен оның атын өзім қояр едім. Күнде сабақтан келген соң, ойнамасам да,  анамның жанынан кетпей, нәрестеге қарауға көмектесіп, бесігін тербетіп, әлдиін айтар едім.         

Мен арманымның орындалуын асыға-асыға күтемін. Менің осы жазған арманымды оқып отырған сіздің де армандарыңыз орындала берсін- деп эссемді аяқтаймын.

«Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ-нің
5 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Альбина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (38)

серік нұрлы жамбылбекқызы

өте керемет маған ұнады

Айя

Бұл арман міндетті түрде орындалады
Ал менің орындалмас арманым көп

Аида

Рахмеет Альбина сен де арманына жет☺️❤️

Акерке

Кушти,биздин уйде 4кызым бар Улкен кызым дал сендей армандайды,ойларыннын сайкес келгенине куаныштымын

Ермек Акерке

Альбина оте кушти сен муны озин жаздинба керемет

Жорабекқызы Жаңыл

Сізге рахмет айтамын көп рахмет

Камила

Өте жақсы

*****

Маган оте катты унады. Саган жана жетыстыктерге жетуге тылектеспын.

Асханбекқызы Анар

Армандарыңның орындалуына тйлектеспйн

Копжасарова Аяжан

Өте жақсы

Оңалбек Айбек

маған өте ұнады

Камила

Өте жақсы. Біз үйде 2 қызбыз менде енді ұл бала болған ын қалаймын

Нурзада

Керемет акылды кыз!!! Менде торт кыздарым бар . Алла тил козден сактасын!!!

Альбина

Менің де есімім Альбина. МЕНІҢ де арманым осындай.

Анель

Мен оте куандым.

Зарина

Өте керемет арманың орындалсын

мұғалім

Альбина арманыңның орындалуына тілектеспін!

Назым сұлу

Өте керемет, тек армандаудан тоқтама

❤❤

Менин де есимим Альбина жарайсын оте керемет бакытты болындар отбасыларынмен салемен Альбинадан Альбинага

Айару

Керемет! Арманың орындалсын Альбина!
Эссені көшіріп жазбасамда идея алдым!Рахмет!

ЕРКЕНҰР

Өте жахсы жазылған арманыңыз орындалсын Альбина!

Шырын

Өте керемет

Балбала

Қандай таза жүрекпен жазылған керемет!!!

Аржан

Өте керемет жазылған эссе

Жансая

Оте асерли екен.Аумин Альбина армандарын орындалып шанырактарына шекеси торсыктай ул бала келуiне тiлектеспин

Дина

Маған қатты ұнады Альбина саған көп көп рахмет

мехмет

кушти

Махмут Каусар

Өте керемет және мағыналы

Myrza

Өте керемет!

Асель

Альбина арманын орындалсын.Эссен оте керемет жазылган екен.Маган катты унады.

SABI

Я, өте керемет айтылған. Менде арманың орындалуына тілектестік.

Мерей

Өте керемет эссе маған қатты ұнады сізге көп көп рахмет

Жансая

маған қатты ұнады. сізге көп рахмет

Назгүл

Рахмет сізге маған өте қатты ұнады

Nurseit

Мағанда салып бере аласызба

diana

rahmet sagan

Fatima

Жарайсың Альбина арманыңа жет сенің отбасыңа үлкен қуанышты хабарлар келе берсін сол жақсы хабардың бірі інілі бол!

Gaykar

Күшті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз