Өлең, жыр, ақындар

Рухани жаңғыру

"Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік"-деп Абылай хан айтқандай елбасымыздың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз бұл тұрғыда болашаққа қадам басатынымызды және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы рухани жаңғыру мақаласында өз қөзқарасымен, алға қойылатын мақсатты айқындады. Ал осы айқын мақсаттардың орындалуы үшін жасалатын қадамдар асқан көрегенділікпен жасалалуы тиіс. Елбасымыз айтқандай " жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу ". . Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет. Елбасымыз бәсекелестіктің рухани жаңғыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шыныменде бәсекелестіксіз ешнәрсе болуы мүмкін емес. Елбасымыз айтқан тұжырымды ойлар ешқандай ешқандай дәлеледеуді қажет етпейтін тәжірбиеден өткен қатаң қағидалар. Тәтіпке бағынған құл болмас дегендей біз елбасымыздың қадап айтқан қатаң қағидаларын қолдана отырып, дамыған елдердің көшін бастауымыз керек. Рухани жаңғырудың маңызы қандай?

Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын,революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи талаптарды жатсынбайтын, әмбебап бола алатын жаңалыққа құштар, білімдар қоғам қалыптастыру. " Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін " тұжырымды ойлардан, тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығаруымыз керек!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар