МҰҒАЛІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ:
Дифференциялап оқыту дегеніміз не? Осы сұраққа жауап берер болсақ, оқушы қабілетінің түрлі деңгейде жүйелі жұмыс жүргізе, алға қарай жылжуы, обьективтен субьективті жағдайда бала өзін-өзі дамыта, өз біліктілігін алға қарай жетелеуші,өзіне-өзін жетекші ретінде қарастырылуын-дифференциялап оқыту деп айта аламыз. Мұнда- оқушымен топтық жұмыс жүргізу жұмысы қарастырыла отырып, жеке тұлғаның топты жара, түрлі тәсілдерді қолдана сөздік қорын дамыту мен ой тұрғысын ілгерілету, өз танымын тек өз ана тілінде ғана емес, өзге де тілдермен лексикалық, грамматикалық жағынан байланысын дамыта, оқыту тәсілдерін дифференциялы жұмысқа түрлендіру жүйеленген. Яғни, дифференциялы оқыту дегеніміз-бірлескен жұмыста оқушы жетістігін қалыптастыруда немесе дамытуда субъективті дағдысын жетілдіру мақсатында жұмыс нәтижесін жүйелі жүргізу.
Бұл жұмысты сабақ беру барысында жүргізуде балалардың баршасына бірдей талап қоймай, оның өз мүмкіндігін ашуға жағдай жасау керек. Түрлі көрнекіліктер мен түрлі әдістерді қолдану барысында дифференциялы жүйені әр қырымен қолдануға болады. Тек бала назарын жеке тұлғада да, топтық тұлғада да жаңа сабақ барысына назар аударта: тыңдалымын,оқылымын,жазылымын және айтылымы мен тілдік нормаларын ұлттық және үштұғырлылық аясында дамытуға іс-әрекеттер үйлестіре, алға қарай ұмтылдыру қажет.
Әр бала өз тобының үздік болуына атсалыса отырып, өзін өзгелер алдында мойындата білу,сондай-ақ, өзінің өзгелермен тең дәреже білікті екендігін мойындау, осы - дифференциялап оқытудағы басты шарт болу тиіс.
Біз, ХХІ ғасырдың жаңартылған бағдарламасы аясында баланы «оқыту мен оқуды бағалау» бағытында білімге деген ізденісін өзіндік іс-әрекеттерге итермелей қалыптастырудағы дифференциялық оқыту әрекеті пән мұғалімдері үшін оқушыларға дескриптор жасауға өте тиімді. Осы мақсатта, әрбір жаңа тәсілді сабақта қолданар алдында, белгілі мақсат пен міндет керек. Сол бағдарлы бағыттарды алдағы өтетін сабақтың барысымен жүйелей отырып, оқушының мүмкіндігін кешегіден бүгінге жаңа қырда енгізу, мұғалімнің алға қойған талабының басты міндеті болып табылады.
Европа мен қазақ ұлтының танымдық ұғымын ескере отырып,түрлі тәсілдерді этникалық деңгейде үйлестіре, ұлттың ертеңін ұлттық танымда жаңаша қалыптастыру қажет-ақ. Өз тарихына терең бойлатып «өзін-өзі таныту»,бүгінгі заманауи оқыту технологиясының ертеңгі тұлға қалыптастырудағы басты қағидаты болып табылу керек.
Бүгінгі таңдағы мемлекетімізде жүргізіліп отырған «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағытындағы саясаттың дами өріс алуына, осы дифференциялап оқыту әдісін де,өзге әдістермен қатар кең көлемді жүргізілуі тиімдірек болады.
«Үздік», «жақсы», «қанағаттандырарлық» деп бағаламай, жаңаша оқыту әдісінде «қалыптастырушы бағалау», «жиынтықты бағалау» әдістерін тиімді қолдана отырып, бір сабақ төңірегінде оқушы «мен» деген өзіндік ұмтылысын негіздей алатындай, оқушылар арасында жекелеген тұлғаны ілгерілететін түрліше әдіс-тәсілдерді қолдану: сабақ барысында бала санасын сол сабақ барысындағы проблемалы мәселелерден тыс қалдырып, тек алға қарай жетелеп, белгілі бір баға атауы үшін емес, өз бойындағы жақсы қасиеттерін арттыру үшін білім қалыптастыратындай ету керек.
Қазақ тілі сабағында ғана емес, жалпы пәндерді оқыту бағдарламасында «Дифференциялық әдістің» берер тиімділігін қарапайым мысалдар жағынан сипаттап өтсем.
Ақын портретін көрсетіп қана қоймай, оқушылардан оның өмірдерегінен мәлімет алып, картамен жұмыс жүргіздірту,яғни ораға Қазақстан Республикасының картасын қоя отырып, ақынның туып-өскен жеріне сілтеме жасау, сондай-ақ, сол ақын өскен елдің ерекше жақсы қасиеттерін атап өткіздірте отырып,пәнаралық байланысқа жетелеу. Егер де, осы тапсырмада оқушы хронологиялық деректер келтірсе, танымы кеңейіп қана қоймайды, өзіндік ізденісінің нәтижесінде өз біліктілігін, зерттеушілік қабілетін бағалай алады.Өзгелермен бірлесе отырып, өз білімін алмасу барысында, оқушыға өзіндік интеллектісін бағалата алу мүмкіндігін мұғалім турлі әдістемелутерді қолдана отырып «қабілет пен танымын» бағалатуды ескеру қажет.
Ақын өмірі мен туып өскен елімен шектеліп қана қоймай, оның өлеңдерін мәнерлете оқытып, сөздік жұмыс жүргізе, көнерген сөздер мен кірме сөздерге тоқтала, синонимді тізбектері арқылы дамыта түсіндіріп, сөздік дәптерге жаздыртып отыру да оқушының ана тіліне терең енуіне әсер етеді. Өлеңде немесе жырда, әңгімеде келтірілген дәстүрлі ойындар, әдет-ғұрыптар, т.б. келтірілген этностық дүниетаным негіздерін жан-жақты саралата, сол өзіне жақын күнделікті тұрмыстық тылсымда әңгіме айтқыза отырып оқушының пәнге деген көзқарасын жетілдіріп және де өздік жұмысы ретінде өзіне жақын тақырыппен пәндік тақырыпты байланыстыра ,үй тапсырмасын бекітеміз. Ондай тапсырма оқушының мектептен тыс отбасылық бірлескен ынтымақтастық жұмысына итермелеп, ата-әжесімен, ата-анасымен өзіндік ізденісте еркін тақырыпта жұмыс жүргізуіне әсер етеді. Ортақ тақырып табылып, соны бірге саралай, көне дәстүрлерді жаңғырта отбасылық тақырыпта қарап, бала танымын ғана емес, ата-ана өз таным дүниелерін де қалыптастырады. Сабақ барысында доп ойнап немесе тамақтанып кешігіп келген балаға да сол өзі еткен әрекетке байланыстыра тапсырма берсеңіз, бала еркін қозғалады және де белсенділігі артады, тек соңынан ғана екінші рет кешікпеуін жеке шақырып ескертсеңіз, тәртіпке де жүйеленеді. Ересек адамдардай бала да өзін құрметтеуді, өзін сыйлауды қажет етеді. Сондықтан да топ алдында оқушыны сөкпеңіз және кемшілігін баспаңыз, жеке ғана олай етуге болмайды деген ишарамен тиым білдірсеңіз де, баланың сізге ғана емес, өзіне де құрметі артады. Дифференциялы жұмыстың басты шартының бірі- баланың өзін-өзі құрметтеуге үйрету. Өз бойындағы қасиеттерді көрмеген бала, өзін де өзгені де көрмейді, яғни, бұл- құрметтеу ұғымын түсінбейді деген сөз.Өзін-өзі құрметтеуге дағдыланған бала ғана өзге құндылықтарды да құрметтей қарайды. Сонда ғана бала бойында өз тіліне, өз еліне,өз жері мен тарихына, ата-анасы мен достарына,ұстазарына деген құрметі оянады.
Бұл жерде ескерте кететін жайт, мен оқушыларға «сөздік дәптер», «өздік дәптер» жұмыстық дәптерлерін үнемі арнатып отырамын, соның толымдылығын көнерген сөздер мен көне дәстүр негіздерінде жүргізіп, оқушының қабілетіне қарай, зерттеушілікке жетелеймін.Ол тақырыптар бала танымын өзіне деген құрметке жетелеу қажет. 5-сынып оқушысы ең әуелі өздік жұмысы арқылы өзін бағалай алып, өз мүмкіндігін ашып, өзін құрметпен бағалап, өзгелерге құрмет назарын салуға бейімделу қажет. Бала «бағасы» осы. Пән мұғалімі оқулық материалымен ғана шектелмей, оқушының қиял танымына да психологиялық зер сала, соған ықпалдастыра 40минөттік сабақ барысындағы тақырыпты бала танымына жүйелей жоспарлаған дұрыс. Топтық жұмысты «С»деңгейлі балаға жеке дара бермей(намысына тимей), сол «С» деңгейлі бала танымымен топқа бағыттаған жақсы.Кейде осындай дифференциялы тапсыраларда үздік оқушының қоршаған ортаға деген танымы тек кітаппен шектелгендігін, ал өмірлік тәжірибесі «С» деңгейлі баладан кейін екендігін біле аласыз. Дифференциялық оқытудың тиімділігі , қарапайым өмір мысалдары арқылы сыныптағы әр деңгейлі бабаларға ортақ танымдық сұрақтарды туындатып, сол таным арқылы «А» деңгейлі баланың өзіне проблема жасай аласыз. Бұл «С» деңгейлі баланың өзіне сенім қалыптастыруына, пәнге деген қызығушылығының ашылуына, ал «А» деңгейлі баланың қоршаған ортаға зерттеушілік бағыттағы ізденісінің дамуына ықпал етеді.
Осылайша сабақ түсіндіріп болғаннан соң, оқушыға Венн диограммасы мен сын тұрғыда өздері қабылдаған түйсікпен сызба сыздыртсаңыз да болады. Оқушының не біліп, не білгісі келетіндігін, нені түсінбегендігін БББ әдісі арқылы мәлімет ала, оның біліктілігі қаншалықты өскендігін немесе есте сақтау қабілеті қаншалықты жоғары екендігін білуге болады. Бұлар соңғы кезде жиі қолданылып жүрген жаңа тәсілдер болғанымен, бала танымы өз қабілет деңгейі қаншалықты құрметке лайық екенін түсінбей, ата-бабалар дүниесінен не қабылдай алғандығын, не түсініп білгендігін ұзақ мерзімде немесе өмір бойы есте сақтау қиын болады.
Дифференциялық әдістің бірлескен жұмыста өз біліктілігін қалыптастыруда,өзіне өзі суъективті қарай отырып,өзін-өзі дамыту аясында әрекет ете бастайтындығын және оқушының өзіне деген сенімінің арта бастағандығын байқайсыз. Дифференциялық оқыту әдісі міне осындай қарапайым мысалдар арқылы әр деңгейлі балаға терең білім білу үшін өте тиімді әдіс бола алады. Мен бұл әдіске бір ғана ақын өміріне өткен әдістерімді мысал еттім, бірақ та, әр сабақ барысында дәл осылай қарапайым мысалдарды өз тәжірибеңізде келтірсеңіз, сіз де оңды нәтижесін көре аласыз!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің
«қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті»пәнінің мұғалімі-
Озықбай Қалбибі Жүсіпжанқызы
П І К І Р
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің «қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі- Озықбай Қалбибінің «Дифференциялап оқытудың қарапайым мысалдар арқылы «қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәнін оқытудағы тиімділігі» атты тақырыпта жүргізген іс-тәжірибелік жұмысы бүгінгі инновациялық жаңғырудың жаңа бір тәсілдегі жемісті жаңалығы десек болады.
Мұғалімнің ізденімпаздығы тек бұл тәжірибесімен ғана емес, өзге де тақырыптардағы шығармашылық жұмыстарының жемісімен де көріне білген.
Өз шығармашылықтарында сөз мәдениетінің үздік байланысын, европа мен қазақ сөздігінің үндесуін жаңа қырларынан көрсете беріп, оқушымен жаңа талапқа сай түрлі тәжірибелерімен жұмыс жүргізіп, бүгінгі күні сол ізденісінің нәтижесін аудан көлемінде әдістемелік нұсқау етіп таратып отыр.
Жаңа іс-тәжірибеде мұғалім дифференциялық әдісті(бірлескен жұмыста оқушы жетістігін қалыптастыруда немесе дамытуда жекелеген жұмыс нәтижесін жүйелі жүргізу) қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қарапайым мысалдарды кеңінен қолдана, түрлі әдіс-тәсілдердің элементтері арқылы әр деңгейлі оқушыларға ортақ мақсатты тапсырма етіп жүйелеуіне оңды ықпал ететіндігін көрсете алды.
Мұғалім шығармашылығы 2017 жылдың облыстық тамыз оқуында тыңдалынған, марапатталған.
Пікір білдірген: Ә/Б Жапабаева Айнұр
Aikorkem
Озықбай Қалбибінің «Дифференциялап оқытудың қарапайым мысалдар арқылы «қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәнін оқытудағы тиімділігі» атты тақырыпта жүргізген іс-тәжірибелік жұмысы бүгінгі инновациялық жаңғырудың жаңа бір тәсілдегі жемісті жаңалығы десек болады.
Айнаш
Керемет еңбек! Рахмет сізге!