Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек
Ахмет Байтұрсынов
Еліміздің келешегі бүгінгі мектеп қабырғасындағы жас ұрпақ екені сөзсіз. Елдің ертеңіне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі — мемлекеттік маңызы бар жұмыс.
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы, — деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, ұстаз ақылды, мейірімді, батыл, білімді, жан-жақты болу керек. Әрине, ұстаз жүгі — ауыр жүк. Ұстаз — мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете түсінемін. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу.
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім». Мұғалім мектептің – «жүрегі». Менің мақсатым оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, білім сапасын арттырып, мазмұнын байытып, оқу үрдісін жетілдіріп, жан-жақты дамыған, сыни тұрғыдан ойлай алатын, рухани жан дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу міндет.
«Мұғалімнің ең жауапты міндеті — ол адамды қалыптастыру»- деп Д.И.Менделеев айтқандай жауапты қызмет ұстаздарда. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп бір ғасыр бұрын Жүсіпбек Аймауытов көрегендікпен мұғалімнің қозғаушы генераторы екенін айтқан. Ал ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі келешек ұрпаққа мемлекеттік тілді игерту — қазақ тілі мамандарының міндеті. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге ұмтыламын. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру — әрбір ұстаздың біліміне, кәсіби шеберлігімен тікелей байланысты. Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — шығармашылық. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамып келе жатқан елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып, жаңаша сабақ түрлерін өткізе бастағанымда өзім де, оқушыларым да қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болды. Біріншіден, электрондық оқулықтағы лексикалық тақырыптарды оқушы тыңдайды, қайталайды, тыңдап отырып өз бетінше диктант жазады, сөз тіркестерін құрап, қатемен жұмыс түрлерін орындайды. Екіншііден, оқушы тілін дамытудың, қабілетін әрі шығармашылығын дамытудың маңызды бір жолы болып табылады. Оқушы өзі де көрнекіліктерді призентация түрінде дайындап әкеліп, сол тақырып бойынша қорғайды, түсіндіреді.
Педагогикалық шеберлік — тек қана мұғалімнің жалпы, жан–жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол — әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды бойына сіңірген жан екендігі, екіншіден, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі, үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен дарынын ұштастырған ұстаз ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін»,– айтады. Оқытуда қандай инновациялық оқыту әдіс-тәсілдер бар, соның бәрін қолданып, үйреніп, тиімді әдіс-тәсілдерді әр мұғалім өз тәжірибесінде қолдану керек деп ойлаймын. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінің нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Біртіндеп «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының қарапайым стратегияларын пайдалана отырып, сабағымның мазмұнын өзгерте бастадым. Оқушыларымның көзіндегі қуанышты көргенде, таңдаған стртегиялардың дұрыс екеніне көзім жетті. Осыдан түйгенім: жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне, қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса,
«Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға –деген ұлы Абайдың сөзі шындық екенін өмірдің өзі дәлелдеп береді.
Тұрымова Гүлжаухар Тұрғанбекқызы
№23 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі