Оңтүстік Қазақстан облысындағы кітапханаларда компьютерлер жетіспейді. Өңірде 427 кітапхана бар болса, бүгінде оның 180-і ғана жаңа технологиямен жабдықталған. Бұл мәселе кітапханашыларға арналған семинар-кеңесте айтылды, деп ҚазАқпарат хабарлайды.
«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған кеңесте кітапханашылар жаңа технология дамыған заманда мұндай мәселелер шешілсе деген ұсыныстарын айтты. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханның айтуынша, бұл бағытта облыстық бюджеттен қаржы қаралады. Алайда, бөлінген сома аздық етіп отырған көрінеді.
«Облыстағы кітапханалардың 127-і ғана интернетке қосылған. Бізде аудандардағы бюджеттен қаржы бөлу мәселесін көтерудеміз. Алайда өте аз бөлінеді. Жылда компьютер әр ауданнан жалпы есептеген кезде 1-2 кітапхана ғана қамтылады. Қаржы бөлу мәселесі төмен»,- деді Асылхан Темірхан.
Басқосуда сондай-ақ кітапханалардың жемісті жетістіктері де айтылды. Мәселен, облыстағы 427 кітапхананың бүгінде 639 мың оқырманы бар. Бұл - қоғам цифрлық дамуға көшкен шақта кітап оқитын қауымның әлі де болса, азаймағанын көрсетеді,- дейді сала мамандары.
Семинар соңында қатысушылар облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасына аралап көріп, өзара тәжірибе алмасты. Алда атқарар жұмыстарын пысықтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі