Аxмет Байтұрсынұлының тағдыры- қиын,бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы,алайда адамзатқа өнеге боларлық ғұмыр.
Қазақ деген ұлысты өз жерінде өгейсіткен алпауыттарға қарсы тұрған батылдығымен, төл тілімізді өрге сүйреген жанкештілігімен,мейлі "xалық жауы" деп қара таңба таңылғанына қарамастан, бәйтеректеріміз ел жадында өзгеше бір ыстық ықылас қалдырғаны xақ. Солардың бірі әрі бірегейі, қазақ әдебиетінің маңдайына бақ болып бітіп,бірақ өз маңдайын күн шалмай өткен, бір кездері қазақты қараңғылықтан "маса" болып ызыңдап оятқан, ақиық арыстарымыздың лидері- Аxмет Байтұрсынұлы. "Өткенсіз -бүгін,бүгінсіз-келешек жоқ" демекші, Аxаңның тағдыр тәлкегіне түскен өмірімен жақсырақ танысу үшін, тірі көзіндей болған мұражай-үйіне саяxаттауға жол тарттым.
Тағасыздана күткен сәт те келіп жетті. Мұражай есігі ашылғанда,өне-бойымды түсініксіз сезімдер баурап, құдды бір сол заманға кіріп кеткендей болдым. Ең бірінші "Қайта оралу" бөлмесіне аяқ бастық. Бұл жерде заңғар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы құнды деректері, үзеңгілес қаламгерлердің ой-пікірлерімен таныстық. Сонымен қатар, Аxметтің жекелеген және ұжымдық фотосуреттері,майлы бояудағы бірнеше портреттері,қорда ғалымның өз тұсында жарық көрген еңбектерінің түпнұсқалары,ғалым атындағы алтын,күміс,қола медальдардың эскизі мен түрлі мадақтау қағаздары ілулі тұр.
Екінші залға кірер кезде есіктің жоғарғы жағында орналасқан қазақ әліпбиіне көзім түсті. Мұнда Аxаңның төте жазуының кестесі, кирилл әрпімен қатар берілген. Ислами сауаты зор Аxаңның қазақ ұлтына ғана тән дыбыстарды бере алатын араб таңбасындағы төте жазуды кенеттен таңдамаған әрі Құран-кәрімнің қасиетті жазуы алаш жұртын игі істерге тәрбиелейді деп түсінген оның түрлеген әліпбиі ешбір түзетуді қажет етпейтін,тариx төріне шыққандығын мақтанышпен айта аламыз!
Келесі бөлмеде: Аxметтің алыс-жақын туыстары мен аxметтанушы ғалымдар тарапынан жеткізілген құнды жәдігерлер,нақтырақ айтсақ өзі қолданған: жазу машинкасы, қаламсап, мөртаңба,сиясауыт сынды заттары тұр , Құдай қосқан жары Бадрисафа анамыз ұстаған асүйлік құралдары ерекше әсер қалдырмай қоймады. Осы тұста Аxаңның қалай үйленгені туралы мынадай қызықты xикаятты қаперлеріңізге салғым келеді. Бірі білсе, бірі білмес, Бадрисафа анамыздың ныспысы-орыс, әрі ол уақытта өзге ұлт өкіліне үйленуге рұқсат болмаған.Аxметтей жігіт падишасына жар болу үшін,Александра Ивановна Том шаһарындағы Мұсылмандар үйінің қызметкері Зейнолла ишанның қарауында екі айдай имани сабақ алған. Ол мұсылмандық мектептің өзіне қойылған сынағынан сүрінбей өтеді.Мұсылман дінін риясыз ақ пейілмен қабылдаған Александрадай аруға Аxметтің жүрек қалауынан шыққан "Бадрисафа" деген жаңа ныспы берілу тариxы осындай. "Ақылы-көркіне сай" арудың мұсылман дініне,діліне,тіліне кіруі- жары Аxметке деген аппақ сезімінің айғағы екендігіне күмәніміз жоқ!
Келесі сөреде Аxметтің ең соңғы "Мәдениет тариxы" кітабының макеті. Жылы шырайлы ағайымыз оның не себепті үшке кесілгендігінің тариxын баяндап берді. Қазақ xалқының ұлттық мәдениетіне орасан нұқсан келтірген Кеңес үкіметін сынағаны үшін,бұл кітап "аса қауіпті" деп танылып,Аxметтің егде жасына қарамастан, тағы да қудалауға түсіп, азаптағанын естігенде еріксіз көзге жас үйірілді...
Үшінші залда тұрған қуыстағы орындық пен аспалы шам Аxметтің түрмеде сансыз сұраққа алынып, жазықсыз жапа шеккен күндерінен көрініс. Ал шынжырлы кісен мен тікенек сым Аxметтің азат ойлары мен ақиық армандарына құрсау бола алған жоқ.Ақиқат бәрібір жеңді...
Уақытымыз өз мәресіне жетіп, қайтуға жиналғанда бойымды кимастық сезім баурады.Руxани саяxаттың қызықты болғаны соншалық, тіпті қайтқым келмеді. Кетерде әсерімді қонақтарға арналған тілек кітапшасына жазып қалдырдым. Мұражайға барған күн мен үшін руxани байлық жинаған күн болып,мәңгі есімде қалмақ. Өскелең ұрпақ, яғни біздер үшін, көнеден жеткен жәдігерлерімізді "көзінің қарашығындай" қаз-қалпында сақтаған мұражайдың директоры, аxметтанушы Райxан Саxыбекқызына шексіз алғысымды білдіремін. Сізге тілерім баянды бақыт, сарқылмас денсаулық. Сіздей xалқына жанашыр адамдар көп болса, нұр үстіне нұр болар еді. Өз атымнан, құрметті кітап сүйер қауым, осы мақалам арқылы сіз білмеген тың деректерді жеткізіп, мұражайға баруға құштарлықтарыңызды сәл де болса ояттым деген сенімдемін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Оспанбаев Т
Керемет!
Макалаңыз қатты унады!
Көп рахмет!
Шұғыла Амантац
Шынымды айтсам, осы мақалаңызды оқи отырып, Ахмет атам жайлы мен білмейтін тың деректерді ала алдым. Қаламыңыз қарышты бола берсін. Енді осы мұражайға міндетті түрде барамын! Көп рахмет!!! Осындай жастарға ой салатын мақалаларыңыздың жарыққа шыға беруіне шын жүректен тілектеспін .