Өлең, жыр, ақындар

Үй жағдайында мінсіз майонезді қалай жасауға болады?

Дүкендегі майонездің зиянды жақтары туралы көптеген мақалалардан кейін, бұл тұздықты салауатты өмір салтын ұстанатын адамның қас жауы деп қабылдау оңай. Сатып алынатын майонездің өндіріс технологиясы мен рецептурасы ғана зиян келтіруі мүмкін, ал үй жағдайында жасалған бұл соус бұрынғыша қою, таңдаулы және адам өмірі үшін қауіпсіз болып қала береді.

Біз осы мақаламызда мінсіз үй майонезін – майлы әрі үлпілдек майонезді әзірлеудің құпиясымен бөліспекпіз.

Үй жағдайында мінсіз майонезді қалай әзірлеу керек: кеңестер мен ескертулер

1. Техниканы таңдап алып, барлық факторларды ескеріңіз

Көптеген адамдар үй майонезін кәсіби блендерлер мен миксерлері болмағандықтан шайқауға қорқады. Әрине, техникаларды қолдану арқылы дайындыққа жұмсалатын уақытты қысқартуға болады, алайда қарапайым ас бұлғауышы (венчик) бұл істі ойдағыдай атқарады.

Бұл сіздерге ерсі естілуі мүмкін, алайда кәсіпқойлар майонезді ылғалды, дымқыл ауа райы кезінде дайындауға болмайды деп кеңес береді. Ылғалдың және температураның жоғары болуы соусты «ауырлатады», сондықтан оны шайқау қиынға соғады.

2. Майды таңдап алыңыз

Extra Virgin санатындағы зәйтүн майын - барлық тағамға арналған ең таңдаулы май деп есептеу қате пікір. Шындығында, ол майонезге арналмаған, сондықтан оның орнына қарапайым зәйтүн майын қолданған дұрыс немесе оны басқа да майлармен – жүгері, жүзім, жаңғақ немесе күнде тұтынатын күнбағыс майымен 1-ге 1 қатынасында араластыру керек.

Сондай-ақ, тазартылмаған май да үй майонезін әзірлеуге жарамсыз, себебі ол тазартылған майдан да қатты қоюлатады – ал ондай тұздық тез қабатталады.

3. Мөлшерлестігін нақтылап, қышқылдандырғышты таңдап алыңыз

Келесі мөлшерлемеге құлақ түріңіз: 1 стақан майға 1 жұмыртқа сарысын салу керек, әр стақандағы тұздыққа 1 ас қасық қышқылдандырғыш қосылу тиіс. Егер сіз лимон шырынының орнына сірке суын пайдалансаңыз, оның сапасына назар аударыңыз. Бұл мақсатта ақ шарап сірке суын қолданған жөн – ол майонезге нәзік әрі таңдамалы дәм береді.

4. Жұмыртқаны дайындаңыз

Барлық ингредиенттер үй температурасында болуы тиіс, сондықтан алдын ала жоспарлап, жұмыртқаны кем дегенде әзірлеуден 30 минут бұрын тоңазытқыштан шығарып қойыңыз. Дәмі қанық болуы үшін тек жұмыртқаның сарысын қолданыңыз.

5. Тұзды дұрыс қосыңыз

Егер сіз майонезге тұз қосқыңыз келсе, оны шайқағаннан кейін жұмыртқаның сарысы салқындағанда істеу керек, өйтпеген жағдайда тұздық қатпарланып кетеді. Тұзды жұмыртқаның сарысына бөлек қосып, кейін оны майға қосса, тіпті керемет болып шығады. Айта кеткен жөн, кайен бұрышы мен бір шымшым қышаны қосу арқылы қатпарланудың алдын алуға болады.

6. Тұздықтың қоюлығы мен құнарлылығын тексеру керек

Майонездің құнарлылығын азайту үшін, оны табиғи йогуртпен 1-де 1 мөлшеріндей араластыру қажет – бұл нұсқа салатқа қосу үшін тиімді болмақ. Егер тұздық тым қою болса, оған кілегей немесе жылы су қосуға кеңес береміз.

7. Шығармашылықтан қорықпаңыз

Түрлі дәмдеуіштер мен шөптер қосып, тәжірибе жасап көріңіз: үй майонезі сарымсақпен, көкшөптермен, пиязбен, чили бұрышымен, карри, ақжелкен, лимон қабығымен, кептірілген қызанақ және көгілдір ірімшік ұнтағымен де жақсы үйлесім табады.

Үй майонезінің базалық рецепті

Теориядан практикаға: өзіңіздің жеке қою майонезіңізді әзірлеп, оны салатқа қосыңыз немесе сэндвич, тауық еті, балық және сорпаларға тұздық ретінде пайдаланыңыз.

Ингредиенттер:

1 стақан тазартылған өсімдік майы

1 дана жұмыртқаның сарысы немесе жұмыртқаның өзі

1 ас қасық лимон шырыны немесе ақ шарап сірке суы

Дәміне қарай тұз, бұрыш

Талғамыңызға қарай су

Дайындау әдісі:

Бөлме температурасындағы жұмыртқаның сарысына дәміне қарай тұз қосыңыз. Кейін жұмыртқа қоспасына қышқылдандырғыш қосып, бөлек ыдыста араластырыңыз.

Кейін баяу ғана жұмыртқа қоспасын ас бұлғауышпен немесе блендермен араластыра отырып, майды құйыңыз. Егер майонез қатты қою болып көрінсе, оған шамалы жылы су (бір қосқанда 1 шәй қасықтан көп болмау керек) қосуыңызға болады.

Үлпілдек және қою болғанға дейін майды құйып, қоспаны шайқаңыз – үй майонезі дайын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз