Өлең, жыр, ақындар

Машина жасау кешенінің маманданулары

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Искандир Ерасыл Сапарғалиұлы
Жетекшісі: Ибраемов Аманолла Мейрамханович

Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар ерекшеліктер әсер етеді. Ең алдымен бұл — шығарылатын өнімдердің күрделілігі. Ол оның салалары мен сала ішілік кәсіпорындарының мамандану қажеттілігін туғызады.

Маманданудың үш түрі – бұйымдық, тетіктер шығару және технологиялық түрлері бар.

Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трак­тор жасау – тракторлар, станок жасау – станоктар, аспаптар жа­сау – аспаптар шығарады. Бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы бар. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт – күріш жинайтын машина, Астанадағы – трактор тұқым сепкіштерін, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды – бұйымдық мамандану деп атайды.

Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (ста­нок, автомобиль), оның тетіктерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды тетік бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы – ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель двигательдерін, ал Талдықорғандағы – автокөлік үшін аккумуляторлар шығарады.

Машина жасау зауыттарының үшінші бір мамандану түрі -технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық сатыдан түрады. Бірінші саты – құю, соғу, немесе бастырмалау арқылы тетіктер даярлау. Екіншісі – тетіктерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі – тетіктерден дайын өнімдер құрастыру.Егер зауыт өндірістің барлық үш сатысын жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық ма­мандану, яғни технологиялық процестер сатысы бойынша маман­дану болып табылады.

Мысалы, Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты автомобильдерді тек дайын тетіктер жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл технологиялық мамандануы болып саналады.

Машина жасауда кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ын-тымақтасусыз) мүмкін емес. Ол кез келген машинаның (автомобиль, станок, теледидар) көптеген әр түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұратынына байланысты. Бір зауытта олардың барлық түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты автомобиль аккумуляторларын Талдықорғаннан әкеледі. Қазақстандық «Поршень» (Алматы), Павлодар трактор зауыттары ресейлік «Алтайский ди­зель» (Барнаул) зауытымен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейді. Алматылық зауыт Барнаулға тетіктер жіберсе, онда трактор двигательдерін құрастырып, оларды Павлодарға жеткізеді.

Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес, сала ішілік аумақты дамуымен ерекшеленеді.

 Пайдаланған әдебиеттер:

- Машина_жасау_кешені 2-басылымы, - Алматы: Атамұра, 2009. 

- https://baribar.kz/student/7348/mashina-zhasau-keshenininh-mamandanulary-men-koeliktik-faktorlary/


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз