Түркістан уалаятының газеті-қазақ журналистикасының даму жолындағы маңызды кезеңдердің бірі. 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген бұл басылым қазақ тіліндегі алғашқы баспасөз құралы ретінде ұлттық журналистиканың негізін қалады. Газет Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы ретінде шығып, 1882 жылға дейін өмір сүрді.
Бұл газет қазақ халқын ағартуға, жазба дәстүрін нығайтуға және қоғамдық сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Басылым орыс және қазақ тілдерінде жарық көріп отырды, ал қазақша мәтін араб графикасымен, түркі тіліне икемделген жазумен берілді.Газет әртүрлі тақырыптарды қамтыған болатын.Ресми хабарламалар мен бұйрықтардан бастап, дін, мәдениет, білім, шаруашылық, тұрмыс жайлы мақалаларға дейін. Сонымен қатар, орыс баспасөзінен аударылған материалдар мен халыққа пайдалы кеңестер де жарияланып отырды.
Редакцияның басты мақсаты- халықты пайдалы мәліметпен қамтамасыз ету, білім деңгейін көтеру болды. Газетте өңірдегі жаңалықтар, қазақтардың тұрмысы жайлы әңгімелер, дін, денсаулық сақтау мәселелері және орыс тілінен аударылған мақалалар жарияланып отырды. Құқық, тәрбие, қоғам мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.Әкімшілік бақылауға қарамастан, «Түркістан уалаятының газеті» қазақ әдебиетінің алғашқы үлгісіне айналды. Газет тілі арқылы әдеби тіл қалыптасып, жазба мәдениеті дамыды. Кейінгі «Қазақ», «Айқап», «Серке» сияқты ұлттық басылымдарға жол ашты.
Түркістан уалаятының газеті-қазақ баспасөзінің бастауында тұрған тарихи басылым. Ол халықтың рухани-мәдени өміріне, ақпарат алу мүмкіндігіне әсер етті, ұлттық журналистиканың дамуына негіз болды. Газет билік пен халық арасында көпір қызметін атқарып, қоғамдық сананың өсуіне жол ашты.
Құрмаңғазықызы Таңнұр
,ҚазҰУ-дың 1-курс студенті.
Ғылыми жетекші:фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаеваға
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі