Өзіңіз оңай-ақ әзірлей алатын тағамдарға үлкен сомада қаражат жұмсау мүлде қажет емес. Егер сіз тамақ әзірлегенді ұнататын болсаңыз, онда біз жинақтаған мейрамхана тағамдарының үй рецепттері топтамасы сізге де ұнайтын болар.
Сіз үйде оңай-ақ әзірлей алатын тағамдарға кей кезде ақылға сыймайтын қаражат жұмсау мүлде қажет емес. Сонымен қатар, өз жақындарыңызды қуантудың ең үздік тәсілдерінің бірі – осы үздік тағамдардың бірін өзіңіздің әзірлеуіңіз.
Егер сіз тамақ әзірлегенді ұнататын болсаңыз, онда біз жинақтаған мейрамхана тағамдарының үй рецепттері топтамасы сізге ұнайтын шығар.
Сізге қажет:
Қызанақ — 800 г
Моцарелла — 350 г
Балғын насыбайгүл — 8-10 жапырақшасы
Зәйтүн майы — араластыру үшін
Тұз, бұрыш — дәміне қарай
1. Қызанақтарды жұқа етіп дөңгелектеп турап, моцарелла тілімдерімен кезектестіре отырып тәрелкеге салыңыз.
2. Салатқа зәйтүн майын құйып, тұз бен бұрыш қосыңыз.
3. Бетін насыбайгүл жапырақшаларымен безендіріп, салатты дастарханға қойыңыз.
Сізге қажет:
Бадам ұны — 2/3 стақан
Қант — 5 ас қ.
Ваниль сығындысы — 1 ас қ.
Қант ұнтағы — 1,5 стақан
Жұмыртқаның ағы — 3 дана
Сары май — 7 ас қ.
Сүт — 3,5 ас қ.
Ваниль сығындысы — 1 шәй қ.
Жұмыртқаның сарысы — 2 дана
Қант немесе қант ұнтағы — 1/4 стақан
1. Духовканы 120 ºC-қа дейін қыздыруға қойыңыз, оның пісіретін қалыбының ішіне пісіруге арналған қағазды төсеңіз.
2. Табаққа қант ұнтағы мен бадам ұнын араластырып, алынған қоспаны елеуіштен өткізіңіз.
3. Жұмыртқаның ағын бөліп алып, оны жеке табаққа араластырғышпен шайқаңыз да оған қант пен ваниль сығындысын қосып, қант ерігенше шайқауды жалғастырыңыз.
4. Екі қоспаны біріктіріп, біркелкі қоспа пайда болғанша араластырыңыз. Дайын қамырды кондитерлік қалтаға салып, піскенде макарон пішінде болатын кішігірім дөңгелектерді табаққа сығып шығарыңыз. Духовкада 15-20 минут пісіріп, содан кейін салқындатыңыз.
5. Енді арасына салатын салындысын әзірлеңіз. Сары майды біркелкі етіп ерітіңіз, жұмыртқаның сарысын қант немесе қант ұнтағымен араластырып шайқаңыз, сүт қосып тағы да шайқаңыз.
6. Төмен алауда жұмыртқа-сүт қоспасын қоюланғанша қыздырыңыз, ал содан кейін бөлме температурасына дейін салқындатып сары майды, ваниль сығындысын қосып, біркелкі крем консистенциясы (қоймалжыңы) пайда болғанша араластырыңыз.
7. Макарондардың бір бөлігіне салындыны салып, екіншісін соған біріктіріңіз де дастарханға қойыңыз.
Сізге қажет:
Жаңа әзірленген ешкі сүтінің ірімшігі — 150 г
Бри немесе камамбер — 150 г
Сиыр сүтінен әзірленген жартылай жұмсақ ірімшік — 150 г
Қатты ірімшік — 150 г
Көк ірімшік — 150 г
Жүзім — 2-3 шоқ жүзім
Грек жаңғағы — 100 г
Бадам — 100 г
Бал — дәміне қарай
1. Ірімшіктерді кесіп, кішігірім ағаш тақтайға қойыңыз. Ірімшікті өте кішкентай тілімдерге бөлмеңіз, өйткені ірі етіп кесілген ірімшіктер балғын күйін ұзағырақ сақтайды.
2. Ірімшіктердің арасына жүзім жидектері мен жаңғақтарды бөліп салыңыз. Әдемілік үшін гүлшетен бұтақшасы мен черри қызанақтарын қосуға болады. Егер қаласаңыз, ірімшікті тарелканы кішігірім ыдысқа құйылған балмен бірге беріңіз.
Сізге қажет:
Саумалдық жапырақтары — 500 г
Тазартылған грек жаңғақтары — 120 г
Орташа көлемді жуа — 1 дана
Сарымсақ — 2-3 бөлік
Балғын күнзе — 1 бума
Анар түйіршіктері — безендіру үшін
Хмели-сунели дәмдеуіш — 1 шәй қ.
Ақ шарап сірке суы немесе анар шырыны — 1 шәй қ.
Тұз, жаңа ұнтақталған қара бұрыш — дәміне қарай
1. Саумалдықты жақсылап жуып, қайнап жатқан суда 5 минуттай ұстаңыз. Сүзіп алып, суы сорғығаннан кейін сығып, блендерде ұнтақтаңыз.
2. Блендерде грек жаңғақтарын, сарымсақты, түйінді пияз бен көкөністі ұсақтаңыз, дәмдеуіштер, тұз бен бұрыш қосыңыз. Араластырып, осы қоспаға ұнтақталған саумалдықты қосыңыз. Сосын аздап шарап сірке суын құйыңыз.
3. Алынған қоспадан орташа көлемдегі домалақ шарлар жасаңыз. Пхалиді анар түйіршіктерін сеуіп және күнзе бұтақшасымен безендіре отырып ұсыныңыз.
Сізге қажет:
Cиыр етінен стейк — 300 г
Зәйтүн майы — 3 ас қ.
Дәмдеуіш пен тұздықтар — дәміне қарай
1. Стейктің екі жағына да зәйтүн майын жағып, тұз бен бұрыш себіңіз және қажетті дәмдеуіштерді қосыңыз.
2. Алдын-ала қыздырылған гриль-табаға етті салып, екі жағын да бір минуттан қуырып алыңыз.
3. Отты төмендете отырып, стейктің екі жағын да 7-10 минуттан қуырыңыз (уақыт өзіңіз қалаған қуыру дәрежесіне байланысты).
4. Дайын стейкті тұздықпен, көкөніс немесе балғын көк шөптермен безендіре отырып, ұсыныңыз.
Сізге қажет:
Тұздалған арқанбалық — 150 г
Сары май — 50 г
Жұмыртқа — 4 дана
Бүтін дәнекті ұннан әзірленген нан — 4 тілім
Тұз және бұрыш и перец — дәмінеқарай
Балғын көк шөп — безендіру үшін
1. Нанды табада, духовкада немесе тостерде аздап кептіріп алыңыз. Оған сары май жағыңыз.
2. 4 пашот жұмыртқа пісіріңіз.
3. Арқанбалықты жұқа тілімдерге бөліп, тостқа салыңыз, ал үстіне пашот жұмыртқаларды орналастырыңыз.
4. Балғын көк шөптермен безендіре отырып ұсыныңыз.
Сізге қажет:
Сары май — 2 орама
Қара шоколад — 250 г
Қоңыр қант сахар — 1 стақан
Ұсақ қант — 1 стақан
Жұмыртқа — 4 дана
Тұз — 1/2 шәй қ.
Ваниль сығындысы — 2 шәй қ.
Ұн — 1 стақан
Уақталған грек жаңғақтары — 1/2 стақан
Балмұздақ — дәміне қарай
Балғын жалбыз — дәміне қарай
1. Духовканы 170 ºС-қа дейін қыздырыңыз, пісіруге арналған қалыпты әзірлеңіз, ішіне қағаз төсеп, май жағыңыз.
2. Тегешке май мен шоколадты (су буында немес қысқа толқынды пеште ерітілген) және қантты араластырыңыз.
3. Бөлек ыдысқа жұмыртқаны, қант пен ваниль сығындысын салып, араластырғышпен шайқаңыз.
4. Қоспаларды біріктіріп, біртіндеп ұн мен уақталған жаңғақтарды қоса отырып тиісінше араластырыңыз. Біркелкі қоспа алынуы тиіс.
5. Қамырды қалыпқа құйып, 35-40 минут пісіріңіз. Салқындағаннан кейін қалаған пішіндегі тілімдерге бөліңіз.
6. Браундарды балмұздақ домалағы және жалбыз бұтақшасымен бірге ұсыныңыз.
Сізге қажет:
Бұршаққынды үрме бұршақ— 300 г
Қызыл бұрыш — 1 дана
Черри қызанақтары — 15 дана
Арқанбалық (стейк) — 4 дана 125-150 г-нан
Жарты лимонның шырыны
Тұз, бұрыш — дәміне қарай
1. Духовканы170ºС-қа дейін қыздырыңыз және пісіруге арналған қалыпты әзірлеңіз, оған қағаз төсеп, бірнеше ас қасық су себіңіз. Бұршақты қайнаған суға 3-4 минут булаңыз.
3. Қалыпқа арқанбалықты салып, оған лимон шырынын себіңіз, тұз, бұрыш себіңіз және қажетті дәмдеуіштерді қосыңыз. Үстіне көкөністерді салыңыз. Қалыптың бетін пісіруге арналған қағазбен жабыңыз.
4. Балық дайын болғанша шамамен 20 минуттай пісіріңіз.
Сізге қажет:
Ірімшік — 50 г
Тауық еті — 100 г
Шампиньон — 60 г
Сүт — 200 мл
Бидай ұны — 15 г
Сұйық май — қуыру үшін
Сары май — 30 г
Жебіршөп — 2 г
Сарымсақ — 1 бөлігі
Тұз, бұрыш — дәмінеқарай
1. Тауық етін жұқа тілкемдерге, саңырауқұлақты ұсақ бөліктерге кесіп бөліңіз, ал ірімшікті ірі үккіштен өткізіңіз. Сарымсақты ұсақтап тураңыз.
2. Қыздырылған табаға сұйық май құйып, тауық етін бір-екі минут қуырыңыз, сосын қалған ингредиенттерін қосып, барлығын бес минуттай қуырыңыз. Жебіршөп, дәмдеуіштер мен тұздықтар қосыңыз. Оттан түсіріңіз.
3. Тұздық әзірлеңіз. Құрғақ табада ұнды сарғайғанша қуырып, сұйық май қосыңыз, сүт құйыңыз, сосын тиісінше араластыра отырып, тұздық қайнауға айналғанда оттан түсіріңіз.
4. Жульенге арналған кішкентай темір ожауға тауық еті мен көкөністерді салып, тұздықты құйыңыз, үккіштен өткізілген ірімшікті сеуіп, алдын ала 200 ºС-қа дейін қыздырылған духовкада бес минуттай пісіріңіз.
Сізге қажет:
Пиццаға арналған қамыр — 500 г
Насыбайгүл — 10 бұтақша
Томат тұздығы — 5-6 ас қ.
Қызанақ — 5 дана
Моцарелла — 250 г.
Зәйтүн майы — 2-3 ас қ.
Орегано — бірнеше шымшым
1. Духовкканы 180 ºС-қа дейін қыздырып, пісіруге арналған қалыпты майлаңыз.
2. Қамырды жайып, қалыпқа салыңыз. Оған май, томат тұздығын жағыңыз, бетіне дөңгелектей кесілген қызанақтарды, сосын моцарелланы, содан кейін – насыбайгүл жапырақтарын салыңыз.
3. Пиццаны 15-20 минут пісіріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі