Өлең, жыр, ақындар

Жауапкершілік және оның өмірдегі рөлі

Жауапкершілік – ол табысты адамның маңызды қасиеттерінің бір. Өмірде өзіне толық жауапкершілік алған адам ғана жетістікке жете алады. Әдетте балаларды есептемегенде бұл қасиет барлық ересек адамға тән. Себебі балалар есі кіргенге дейін өзінің ата-анасына тәуелді болып келеді. Алайда өкінішке орай, кейбір ересек адамдар қандайда бір қиыншылықтарға немесе сәтсіздіктерге жолыққан кезде өзінен жауапкершілікті алып тастауға ұмтылып, түрлі сылтау іздей бастайды.

Жауапкершіліктен қашудың мысалдық сөздері мынадай:

– егер пәленше болмағанда...

– балалар маған жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді...

– сен менің өмірімді бұздың!

– тек байлардың ғана жолы болады т. б.

Жетістікке жету үшін өміріңізде болып жатқан бар жағдайларға жауапкершілік ала білуді үйрену өте маңызды. Бұл өз әрекетіңіз немесе немқұрайлығыңызға ғана емес, сізді қоршаған жайттар мен адамдарға да жауапты бола білу дегенді білдіреді. Мәселен, бала тоқсанды үздік бағаларға аяқтады делік. Оның ата-анасын мақтаныш сезімі билейді, ол бірінші кезекте достарының алдында баласының жетістігімен мақтана алады. Ал егер баласы тоқсанды «екілікпен» аяқтаса, «Ақымақ, әкесіне (анасына) тартып кеткен» дейтін сөздер шығады.

Неге біз жетістіктерді әрекетіміздің жемісі түрінде көреміз(оған біздің қатысымыз болса да, болмаса да), ал сәтсіздіктерді біреуге жүктей салуға дайын тұрамыз? Неге? Өзгенің алдында «жақсы» болып көріну үшін бе?

Әрине «жақсы» болып көрінгіміз келеді, бірақ ол үшін баланың тірлігін доғарып, өмірде болып жатқан барлық нәрсенің жауапкершілігін өз мойынмызға алуымыз керек, сонда ғана жетістік шын мәнінде орынды болады, ал өмір жолында кездесетін сәтсіздіктерден сабақ ала бастайсыз және алдағы уақытта оларға жол бермеуге тырысасыз. Осылайша сәтсіздіктердің саны азайып, жетістіктің саны арта береді. Сонда өмірде шынайы жеңімпазға айналасыз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Аманболды Күміс

Менин оймша быраз макал жариялау керек сиякты

Назарбай

Жауапкершілік адамның өиірәндегі ең маңызды нәрсе, өскің келсе жауапуершілігіңді арттыр, рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз